Бөкей хандыгының саяси-кұқыктық жағдайы

Кіші жұздегі ХУШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарыска, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралығының томенгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бокей хандыгын күрды. Оған император Павел I келісім берді.

Бокей ордасы шығыстан батысқа 300 шакырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырым аймакты алып жаткан шагын хандық болды.

1812 жылы Бөкей сүлтан орданың ханы болып котерілді. Бокей қайтыс болган сон (1815) уақытша рсгент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден сон мүнда хан тағайындалмады.

Бөкей хаңдығы патша өкіметінін әкілппілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп істеді. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік каржы-салық, жер болу, рулык-территориялык баскару, халыкты шаруашылык жағынан орналастыру тұрінде жүзеге асты. Ханның жанында 12 биден туратын хан кеңесі курылды. Хан кеңесі мүшелері хан ордасында түрақты түрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханнын арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салыгын, сауда мәселелерімен «базар сүлтандары» айналысты.

Жергілікті басшылық рубасы старшыңдардың қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 1827 жыл үш: байбақты, ноғай жәнс беріш руларында 34 старшынның тек үшеуін хан өкіметітагайындаса, 1845жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімдерін «указдык» старшындар баскарды7.

Рубасы сүлтандар мен старшындардың есеп беріп отыру тәртібі енгізілді. Олар салык жинау, тэртіп мәселесімен де айналысты. Олардың жанында есспші және түрақты молда кызмет етті.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарынъң колына шоғырлаңды. Жергілікті жерде үсақ істср каралды. Бірак ханнын. занды күқықтары орыс зандарымен шектелген болатын. Үкіметтік Сенаттың 1837 жылгы 15 кантардагы жарлыгы бойынша ханга ордадағы аздматтық істер, онда да 30 сомнан аспайтын істер калдырылды. Барлык. саяси және қылмыстық істер Ресей заңдарымен каралатын болды. И.Тайманов пен М. Өтемісов бастаган көтеріліс кезінде Жәңгір хан котерілісшілерді жазалау ұшін косымша күкықтар сүрады.