Қазақстанда монголдардың қожайындық дәуірі

Казақстанның аумағы Қытай, Орта Азия, Русь елдері сияқты ХП ғасырдың басында монголдардың жорығына дұшар болды. ХП ғасырдың ақыры мен ХШ ғасырдың басы аралығында монгол феодалдарының өзара соғысу нәтижесінде көшпелі тайпалардың күшті бірлестігі пайда болады. Оның әскери құдіретін монгол феодалдары мен Шынғыс–хан басқа елдерді жаулап алу үшін пайдаланды. Монголдардың арасындағы таптық қайшылықтарды олар басқа елдерді жаулап алу есебінен шешіп отырды. Шынғысханның жорығына Шығыс және Еуропа елдеріндегі қалыптасқан жағдай, сондай-ақ Қытай, Русь, Орта Азияда орталықтандырылған құдіретті мемлекеттер болмағаны, олардағы феодалдық быдыраңқылық қолайлы жағдай жаратты. Бұдан басқа, монголдар мен оларға қосылған көшпелі халықтар басқа отырықшы дамыған халықтардың алдында өте маңызды үстемдікке – яғни, көпсанды жылжымалы атты әскерилерге – ие еді.

1215 жылы Шынғысханның әскерлері Солтүстік Қытайды жаулап алды. 1219 – 1221 жылдары олар Жетысу мен Орта Азиядағы Хорезм-шах Мухамедтің иелігін талқандап, сол жердегі жерсуландыру жуйелері мен қалаларды толық жойды. 1223 жылы монголдар Кавказ бойы аса қиратқыш жорықты жүзеге асырды. Осы жылы олар бірінші мәрте батыс қыпшақтар мен орыстардың әскерилеріне кездесті.

Русьті жаулап алу 1237-1254 жылдары шынғысхан ұрпақтарымен Бату мен Берке дәуірінде амалға асты. Дегенмен, орыстардың күшті қарсы-лығы нәтижесінде монголдар өз шабуыл құдіретін жоғалтады.

Орта Азия, Жетісу, әрі батысқа қарай жорықтары кезінде монголдар кәзіргі Қазақстанның дала аймақтары арқылы өтті. Қырғын қарсылықпен өткен күрес нәтижесінде олар Шығыс және Батыс Қазақстанның халықтарын, олардың ішінде қыпшақтарды да өздеріне бағындыруға жетті.

1206 жылы Шынгысхан өткен ұлы Құрылтайда   барлық монгол-дардың ұлы ханы деп жарияланды. Осыдан пайдаланып, Шынғысхан әдеттегі рулық ақсақалдар мен мирастық көсемдердің дербестігін шектеді. Ол басқа-ру жуйесіне әскери-ондық  элементтерді еңгізді: барлық монгол  тайпалары ондық, жүздік, мыңдық және қөптерге (тьма) бөлінді. Бұл әскери бөлімшелерді бектер, нойяндар, яғни, Шынғысханның жақын –туыстары басқарды. Бұл әскери бірлестіктерге куймелі арбалардың белгілі саны бекітілген  еді. Олардан белгілі әскер саны қамтамасыз етілуі тиіс еді.

Бұл әскери бірліктер тек ханның өзі ғана белгілеген аумақтарда бо-луы мүмкін еді. Шынғысханның шығарған “Яссы” заңдар жинағы бойынша бұл ережелерді бұзғандар өлім жазасына тартылған. Шынғысханның осылай орнатылған жеке билігінің тіреуі болып таңдаулы атты әскерлердің мыңдығы тұрды. Сөйтіп, феодалдық мемлекеттің  арнайы  өте агрессивті нысаны түзілді. Басқару үшін бұл империя ұлыстарға бөлінді.

Қәзіргі Қазақстанның аумағында тұрған халық шынғысханның екі баласы: оңтустік –шығыс ұлұсы (Шағатай ұлұсы) мен солтүстік және сол- түстік –батыс (Жошы –ұлұсы) ұлұстарға бөлінді. ХҮІ ғасыр басында Жошы ұлұсы екі дербес әскери-феодалдық мемлекетке ажырайды: Кавказ , Еділ-бойы, Қрым  және Днепр мен Еділ, Еділ мен Орал өзеңдері аралығындағы аумақты алған Алтын Ордаға; Сырдарья өзеңі жағасы мен Арал теңізінен Есіл және Сары-Су өзеңдеріне дейінгі солтүстік –шығыстағы далаларды алған Ақ Ордаға бөлінеді. Қазақстан аумағындағы халықтың тағдырына әсіресе Алтын Орда мемлекетінің әсері күшті болды. Оның тәуелді халық- тарына өтқізген зорлық-зомбылығы табиғи ыдырауына  себепші болды. Осылай болуына 1380 жылы оның орыстардан (Дмитрий Донскойдан ) жеңілуі, сондай-ақ ортаазиялық жаулап алушы Темірдің жорықтары өз үлесте-рін қосты.  Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде оның құрамынан Еділ бойында Аштархандық және Қазан  хандықтар, Орта Азияда  Тимуридтер мемлекеті, Дешті –Қыпшақта Ноғай Ордасы мен Өзбек хандығы шығады.

 

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!