Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі мен жүйесі

Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар тұрады. Бұл жалпы түсініктемені нақтылап айтатын болсақ, әкімшілік құқық пәніне:

-атқару билік органдарын ұйымдастырумен байланысты;

-әкімшілік билік органдарының азаматтармен, мемлекеттікпен мемлекеттік емес ұйымдармен басқару және әректесуі барысында әкімшілік-өктем өкілеттіктерін пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Реттеші функциясын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұл мақсатта басқару қоғамдық қатынастарға, яғни, оларда катысушы тұлғалардың мінез-құлқына реттеуші ықпал етудің белгілі құқықтық құралдары мен тәссілдердің жиынтығын пайдаланады.Осыған сүйене,оларды қоғамдық қатынастардықұқықтық реттеудің әдістері дейміз.

Ол әдістерге төмендегілер кіреді:

А)міндеттеу-нормамен белгіленген шарттарда әрекет оның талаптарына толық сәйкес етілуін тікелей міндеттілігін жүктеу;

Б)тыйым салу- қайбір белгілі құқықтың тұрғысынан жол беруге болмайтын әрекеттерді жасаудан бас тартуды талап ету;

В)руқсат ету – тұлғаларға қалаганын істеуге емес, бәлкім нақты нормамен белгіленген шарттардың шеңберінен шыға алмайтын, онымен алдын ала ескерілгенжүріс-тұрыс варианттардан біреуін дербес таңдаудың мумкіндігін беру .

Демек, Қ Р-сының әкімшілік құқығы бұл нормативтік- құқықтық актілерде, басқа да мемлекет мойындаған қайнар көздерде (бастауларда) бекітілген, субъектілерінің заңды руқсат етілген немесе құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарыныңмемлекеттік -өктем өлшемі болатын, жалпыға міндетті әкімшілік –құқықтық нормалардың жүйесі.

Әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері ажыратылады.

Жалпы бөлімінде:әкімшілік құқықтың негізгі институттары (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын құқық нормаларының жиынтығы) оқытылады. Оларға әкімшілік құқығына кіріспе, әкімшілік-құқықтық нормалары мен қатынастары, әкімшілік құқықтың субъектілері, атқару билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың нысандары мен әдістері, т.б. жатады. Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р –сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.

Ерекше бөлімінде:әкімшілік құқық инстуттары мен мемлекеттік өмірдің жекелеген өрістеріндегі (мемелекеттік меншікпен, ағартумен, тағы басқалармен басқарудағы) институттарды бірлестірүші нормалар оқытылады.