Құқық қорғау органдарының есеп беруі және статистикалық бақылау мәліметтерінің сенімділігі

Есеп беру-бұл құқық қорғау органдарының қызметінде бақылаудың іске асырудың негізгі,әрі жауапты кезеңі болып табылады. Мағынасы тұрғысынан келгенде бұл жұмыс есеп беруші орган дар қызметінің алғашқы нәтижесін білдіреді.Алғашқы нәтижесі деп бағаланудың себебі,ло статистикада белгіленген талдау әдістемелеріне салу,тиісті есептер берілгеннен кейін жүргізіледі.

Есеп беру-уақыты бойынша статистикалық жұмыстың аяқталу кезеңін, яғни есеп қабылдау органдарға бақылау алынған және топтастырылған мәліметтерді өткізуді білдіреді.Берілетін есептер бақылауға жататын құбылыстарды толық қамтылған болуы керек және әрбір мекеменің есері,өздерінің ең жоғарғы ведомствасымен белгіленген тәртіп ережесіне сай өткізілуі керек. Есеп мәліметтері бастапқы есепке алу құжаттарында қарастырылған немесе бақылау бағдарламасында көрсетілген белгілер бойынша топтастырыла жүргізілгенмен,бірақ талданмаған,жалаң мәліметтерді білдіреді.Ол мәліметтерді құбылыстың бұрынғы уақыттырмен салыстырғандағы айырмашылығы,басқа жерлердегі осы тәріздес мәліметтер мен ара қатынасы т.б анық болмайды.

Құқық қоғау және әділет органдарының есеп беруі мемлекеттік органдардың қызметін сипаттайтындықтан және өздерінен жоғары тұрған ведомстваға өткізілетіндіктен,міндетті түрде құжатты түрде тапсырыады.Есеп беру құжаттарыда есепке алу құжаттары тәрізді арнайы дайындалған,алынуға тиісті мәліметтерге арнайы бөлім қарастыратын формалар түрінде болады.

Статистикалық бақылаудың негізгі нысаны болып саналатын есеп беру ІІМ, Прокуратура, Сот және басқа да әділет органдарына жататын мекемелердің қылмыстылық,азаматтық қатынастар туралы және бұл мәселелерді шешу мақсатындағы аталған органдар қызметінің өзара байланысын, жұмыстарының сапасын ашуға жағдай жасайды.

Есеп беру-статистикада белгіленген есептеу,талдау жұмыстарының іске асырылу мүмкіндігін жақындатады.Себебі бұл процестің негізгі ерекшелігі, ол алғашқы есепке алу құжаттарында жиынтық бірліктеріне, яғни бір қылмысқа, қылмыскерге және қылмыстық іске көңіл бөлінсе, ал есеп беру де олардың пайда болу уақыты және ескеріле отырып,жиынтығына көңіл бөлінеді.Сонымен қатар, бұл құқық қорғау органдарының қылмыстық және азаматтық іс жүргізузаңдарына сәйкес орындаған жұмыстарының толық мазмұны немесе жиынтығын білдіретін сандық мәліметтер шығады.Сондықтан ҚР Бас прокуратурасының, Әділет Министрлігінің кейбір есептері, құқықтық статистикаға қажетті болып саналатын қылмыстылықтың себептері мен оған әсер еткен жағдайларды ашу, соттылықты талдау тәрізді т.б. мәселелерді анықтауға жол ашады және құқықтық, әлеуметтік демографиялық, криминологиялық бағыттардағы қылмыстылыққа байланысты ғылыми теориялық зерттеулерге қажетті мәліметтер бере алады.

Қылмыстылықтуралы статистикалық есеп беруді ІІМ, ТІІБ, ҚІІБ информациялық орталықтарының тіркеу-есепке алу бөлімдері жүргізеді.

Бұл орган -бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған қылмыстар, қылмыс жасаған адамдар, оныңішіндетергеу органдарының қылмыстық іс жүргізу Кодексі не сәйкес орындаған әрекеттерінің жиынтығын анықтап, ол мәліметтерді Бас Прокуратураның құқықтық статистика орталығына тапсырады. Бұл әрине есеп беруді және әрбір жеке тапсырылуға жататын құқықтық құбылыс бойынша жеке-жеке формаларда жүргізіледі.

Құқықтық статистикалық бақылау жұмысының және қылмыстылықтың көрсеткіштері туралы мәліметтердің ерекшелігі, ол бақылау обьектісінің түрлеріне байланысты, яғни қылмыс жасалғанмен оған жауапты адамдар көпшілік жағдайда жауаптылықтан бұлтарып, нәтижесінде тіркелуге жататын мәліметтердің санын анықтауға қиындық тудыратын кездер болады. Осындай және басқа да себептерге байланысты жүргізілетін зерттеулердің назарынан тыс қалмауы керек.

Бақылаудыңнегізгі мақсаты, тіркелуге алынатын жиынтық бірліктерін оның сапалық жақтарымен қоса қамту болғадықтан, статистиканың кейбір салаларынада тіркеуге алынуға жататын құбылыстардың саны мен оның жаппай бақылау жүргізуде танықталған санының дәлдігі, яғни “мәліметтің дәлдігі” ұғымы қарастырылады. Бақылау мәліметтерінің дәлдігін, статистиканың кейбір салаларынабайланысты ғана келтіруге болады. Бірақ ондай салалардада, бақылаудың мәліметтері мен сол құбылыстың шын мәніндегі көрсеткіштерінің арасында айырмашылық болады. Ол айырмашылық елеусіз деп бағаланғанда ғана, біз дәлдік туралы айта аламыз. Мұндай дәлдіктің шамасын толық сеніммен анықтау мүмкін емес. Мысалы, бір жылдың ішінде 15000 өрт уақиғасы тіркелді десек, бұл тек өрт қауіпсіздігі мекемелеріне белгілі болған мәлімет. Ал шындығында бұл мекемелерге, мәлім болмай кеткенөрт уақиғалары бар. Ондай мәлім болмаған өрттердің шамасын кесіп айту – дерексіз мәлімет келтіруді білдіреді. Бірақөрт тәрізді, қоғамға белгілі болуға ықтималдығы жоғары (ықтималдығы жоғары болу себебі, ол өртке байланысты меншік иесі ғана емес өзге адамдарда өз меншігінің өртенуден қауіптенуі, өрттің алыстан көрініп белгілі болуы т.б. байланысты) уақиғалардың сандық мәліметінің шын мәніндегі көрсеткішімен айырмашылығы елеусіз деп бағалауға болады және мұндай жағдай статистикалық мәліметтердің дәлдік шамасы туралы сөз қозғауға болады. Статистикалық бақылау мәліметінің дәлдігі – бұлбелгілі болағн сандық мәліметтің, оның түпнұсқасындағы мәліметімен жуық Санда анықталуын білідіреді.

Статистикалық бақылауға жататын құбылыстардың кейбір салаларыбойынша, ешқашан да құбылыстың іс жүзіндегі көрсеткіші мен бақылау нәтижесінде белгілі болған көсеткішінің дәлдік шамасын келтіруге болмайды. Мұндай бақылау нәтижесінде белгілі болған көрсеткішпен, ол құбылыстың іс жүзіндегі шын көрсеткішінің арасында елеулі айырмашылықтың болуы, бақылау қатесі деп аталады.

Бақылау қатесінің орын алу себептері, ол уақиғаның тууына байланысты жауаптылықтың болуы, тіркеуге алушының енжар, салақ жұмыс істеуі, тіркеуге алынуға жататын құбылыстың басқа ұқсас құбылыстан ажырата білмеуі, мәліметтің саны көп бейнеленуі, ол белгілі бір адамдардың, ұйымдардың беделіне теріс әсер етуі, т.б. байланысты бола алады.