Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конститутциялық негіздері

“Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы” Заңда саяси партияларұғымы беріледі.Саяси партиялар деп Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік билікті жүзеге асыруда олардың саясиеркін білдіріп, жариялауға өздерінің өкілдерін қатыстыру арқылы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігуі танылады. Саяси партиялар қоғамныңсаяси өміріне қатысу, азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, жүзеге асыруға және заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарынқалыптастыруға қатысу үшін құрылады.

Әр түрлі саяси паритиялардың пайда болуы, олардың қоғамдағы ролінің өсуі, олардың қызметінің нысандары мен әдістерінің күрделіленуі олардың құқықтық институтқа айналуына алып келеді.

Қазақстан Республикасында саяси партиялардың институционалдануы өзара байланысты екі бағытта: Конституцияға негізгі қағидаларын, олардың мәртебесін енгізу арқылы және саяси партиялар туралы арнайы заңдарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-абы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.

  1. Идеологиялық және саяси көпқырлылықты тану әр түрлі идеологияға негізделген әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіздердің жасалғандығын білдіреді. Сөйтіп, өздерінің ызметін өз идеологиясынанегіздейтін саяси партияларконституциялық тұрғыдан заңды болып табылады.
  2. Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып табылады. Басқаша айтқанда, саяси партиялар мемлекеттік органдарға қосылып кетпейді, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмыс істейді. Осы конституциялық қағиданың айрықша маңызды мәні бар және ол мемлекеттік партияға айналып, сол арқылы мемлекеттің түбіне жеткен Кеңес Одағы Коммунистік паритясының тарихи теріс тәжірибесінен алынған тағылым іспеттес. Мемлекет пен саяси партиялардың қосылып кетуіне жол бермеу үшін Конституция мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға тыйым салады.
  3. Конституция саяси партиялардың заң алдында теңдігін белгілейді. Бұл бір де бір партияға ерекше жағдай тудырылмайтынын, артықшылықтар берілмейтінін білдіреді. Көп ұлтты мемлекет жағдайында саяси партиялар мен ұйымдар этникалық принцип бойынша да құрыла алады, ол Конституцияға қайшы келмейді.
  4. Конституция мемлекеттік саяси партиялардың ісіне араласуға тыйым салады. Саяси партилардың Конституцияда, саяси партиялар туралы заңдарда көзделген және бекітілген мәртебесін бұзатындай әрекеттері мемлекеттің, оның органдарының заңсыз араласуы деп түсініледі. Егер олар Конституцияға, заңдарға сәйкес әрекет етсе, онда ол мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласуы болып есептелмейді.
  5. Конституцияда саяси партияларға мемлекеттік органдар қызметін жүктеуге жол берілмейтіндігібелгіленген. КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясы қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік ұйымдарының негізі Коммунистік партия деп таныды. КСРО Конституциясы Кеңес мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын Коммунистік партияның белгілейтінін орнықтырды. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің Коммунистік партияға жүктелгенін білдіреді.
  6. Конституция саяси партияларды мемлекеттің қаржыландыруына тыйым салады. Саяси партиялар мен ұйымдар өздерінің қаржысымен, Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғалары бөлген қаржымен өмір сүре және қызмет етеалады. Қазақстанның саяси партиялары шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардан, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қаржылай жабдықтар алмауы тиіс. Мұндай құқықтық норма саяси партиялардың қызметіне сыртқы күштің ықпал ету мүмкіндігінің болмауын көздейді. Өйткені саяси партиялардың негізгі қызметі мемлекеттің саясатына, қызметіне әсер етумен байланысты. Сондықтан Қазақстанныңсаяси партияларын шетелдік ұйымдар мен тұлғалардың, шет мемлекеттердің қаржыландыруы мемлекеттің егемендігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
  7. Конституцияның мақсаты мен әрекеті- конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметіне тыйым салу. Аталған мақсаттар мен міндеттер саяси партиялардың жарғыларында көрсетілуі тиіс. Әйтпесе, ондай саяси партиларды мемлекет танымайды және олардың жарғысы тіркелмейді. Айталық, Қазақстан Коммунистік партиясы жарғысының жобасында мемлекеттік құрылысты елеулі түрде өзгертуді, еңбекшілердің билігін, негізгі өндірістік жабдықтарға ерекше мемлекеттік меншік орнықтыруды көздеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мұндай жарғыны тіркеген жоқ. Қазақстан Коммунистік партиясы жарғысының жобасы қайта қаралып, Конституцияға сәйкес келтірілгеннен кейін ғана тіркелді. Егер саяси партиялардың қызметі Конституцияға қайшы келетін болса, онда ол заңда көзделген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.
  8. Конституция Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейтіндігін белгілейді. Басқа мемлекеттердің саяси партияларныңы қызметіне жол бермеу Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуден туындайды.
  9. Конституция саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне тыйым салады. Аталған Конституциялық қағиданың екі жақты мәнін түсінген жөн. 1. Діни көзқарасты басшылыққа алатын саяси партияларды құруға болмайды. 2. Құрылған және тіркелген саяси партиялардың өз қызметін діни идеологияны басшылыққа алып жүргізуіне құқығы жоқ. Діни негіздегі саяси партияларды құру мен олардың қызметіне тыйым салу мемлекеттің зайырлық сипатынан және діни бірлестіктердің тек өз мүшелерінің ғана рухани сұранысын қанағаттандырып, қалың көпшіліктің мүдделерін қамти алмайтындығынан туындайды.