Салық қаржылық құқық категориясы

ҚР салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің қоғамдық механизм салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық – қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық – мемлекттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің бір жақты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуының кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдың болғанын қалайды.

ҚР қазіргі заманғы салықтық құқығы мынадай өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нормаларда мүмкіндігінше мемлекетпен салық танушылық экономикалық қаржылық мүдделерінің қарама – қайшылығын ескеріледі.
  2. Мемлектің салық саясатының экономикасы тұрғысынан ҚР таратылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
  3. Салықтық құқықтық нормалар ҚР салық жүйесінің макроэкономикалық салу көрсеткіштеріне байланысты жай күйін және трансферттік қабілетін фискальдық бағдарламаларына сай айқындайды.
  4. Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық аясындағы, сондай-ақ корпоративтік және жеке меншік шаруалар аяларындағы фискальдық қатарының құқықтық, негізін құрайды.
  5. Салықтық құқықтық мемлекеттік бюджетің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.
  6. Салықтық құқықтық нормада саылқ базасын айқындай және салық стапкларын белгілеу процесіне байланысты корпоративтерде ережелер қатаң нақтыландырылады.
  7. Салықтық құқықтық ҚР салық салудың заңы негізін құрайды, сондай-ақ мемлекеттің салық қызметінің құқықтық ысалы болып табылады.
  8. Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фикальдық негізінде қалыптастырылатын бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көлемімен байланыстырады.
  9. Салықтық құқық нормалары саылқтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып мемлекеттің саылқтық менеджментінің негізін құрайтын саылқтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  10. Салықтық құқықтық нормалары салық салу аясында туындайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.
  11. Салықтық құқықтың жалпы көлемі мына:
  12. Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі;
  13. Мемлекеттің салықтық қызметі;
  14. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде;
  15. Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар,
  16. Салықтық міндеттемелер;
  17. Шағын кәсіпкерлікке арналған арнауы салық режимі;
  18. Салық салу аясындағы салықтық ынталандыру және мемлекттік мәжбірлеу;
  19. Мемлекттің салықтық құрылысы;
  20. Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;
  21. Мемлекеттік салықтық жоспарлау;
  22. Мемлекеттік салықтық бақылау тәрізді институттардан құралады;

Ерекше бөлім мынадай тәртіппен орналасқан:

  1. Мемлекттік деңгейден бюджетке алынатын салықтар мен басқада міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.
  2. Жергілікті деңгейдегі бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.