Валюталық реттеулер ҚР валютасын қорғау

Валюта бағытын нарықтық тұрғыдан және мемлекеттік тұрғыдан реттеу бар. Сұраныстар мен ұсыныстарға, сондай-ақ бесекелестікке негізделген нарықтық тұрғыдан реттеу стихиялық тұрғыдан жүзеге асырылады. Мемлекеттікқұрғыан ретте валюталық қарым-қатынастарды нарықтық тұрғыдан реттекдің көлеңкелі тұстарын түзетуге, эканомикалық тұрақты өнімге ол жеткізіп отыруға, төлем балансының тепе-теңдігіне, елдгі инфляицны азайтуға бағытталады. Ол елдің күнделікті және стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық валюта қарым-қатынастары саласындағы іс-әрекеттер комплексі деп аталатын валюта саясатының көмегімен атқарылады. Қазақстанның валюталық сясаты ҚР-ның “Валюталық реттеу туралы” Заңында көрсетілген.

Валюта бағытының маңызды эканомикалық мән-мағанасы оны мемлекеттік тұрғыдан ретеп отыруды алдын-ала анықтайды. Валюта бағытын реттеудің негізгі әдістері төмендейді:

  • валюта интервенциясы;
  • дисконттық немесе есеп саясаты;
  • протекционистік әдістер немесе валюталық шектеулер.

Валюталық интервенция – ресми алтын-валюталық қорлар мен қысқа мерзімді қарыз алушылақта пайдалана отырып, орталық банктер жүргізеді. Ұлттық валютаның бағытан көтеру үшін Орталық банк шетел валютасын сатады, өзінікін сатып алып, және керісінше. Жалпы айтқанда бұл әдіс аз уақытқа валюта бағытына айтарлықтай тиімді әсер етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көртеген мұнай өндіруші елдер, соның ішінде, әсіресе, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан валюта бағытын реттеудің осы әдісін қолдана отырып экспортшыларды ынталандыпру үшін ұлттық валюталардың өз бағытын едәуір төмен деңгейде ұстап келеді.

Валюталық интервенция мақсатына қарай “Сүзіліп тазаланған” және “Сүзіліп тазаланбаған” болып бөлінеді. “Сүзіліп тазаланғанинтервенция” дегеніміз – оның барысында шетелдік нетто-активтерінің ресми өзгерісі ішкі активтердің өзгертулеріне сәйкес орны толтырылып отырады, яғни ресми ақша базасының мөлшеріне әсер ету практикасы болмайды. “Сүзіліп тазаланған” интервенцияларды теңге бағытан ірку меқсатымен мұнай мен металл экспортынан түскен шетел валюталарын алып тастау үшін жиі-жиі Ұлттық Банк жүзеге асырып отырады.

“Сүзіліп тазаланбаған” интервенция елдің ақшалай базасын, әдеттегідей, ұлғайту жағына өзгертеді.

Ұзақ мерзімді перспективадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағытын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003-2005 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғарғы технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, содай-ақ жоғарғы технологиялық жетілдірудің маңыза зор.

Шаруашылақпен айналысудың әлемдік практикасында дисконтты саясат кеңінен қолданылады. Оның мәнісі Орталық банктің есепке алудың мөлшерін өзгертуге саяды. Орталық банк валюта бағытын өсіру мақсатымен ішкі нарықта кредиттің бағасын, ол арқыла капиталдың халықаралық жылжушылығына әсер ете отырып есепке алу пайызын ұлғайтады. Есепке алу мөлшерін ұлғайту шетелдік капиталдардың келуіне жло ашады, нәтижесінде төлем балансының қалпы жақсарып, валюта бағыты өседі. Керісінше, валюта бағытын төмендету көзделгенде есепке алу пайызы кемиді.

Экономикалық байланыстарды жаһандандыру мен интернационалдырудың қазіргі жағдайында валюта бағытын реттеу барысындағы есепке алу саясатының тиімділігі жеткіліксіз.

Протекционистік шаралар немесе валюталық шектеулер – мұның өзі отандық экономиканы, ұлттық валютаны қорғауға бағытталған шаралар. Оған ең алдымен валюталық шектеулер жатады. Оның өзі валютамн, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларды заң жүзінде немесе әкімшілік жолмен шектеу деген сөз. Валюталық шектеулердің түрлері: валюталық тосқауыл, шетел валюталарын еркін сатып алу мен сатуға, халықаралық төлемдерді реттеу мен капитал қозғалысына тиым салулардан тұрады. Қазақстанда 90-шы жылдардың аяғындағы валюталық шектеулерге валюталық операциялары лицензиялап, оларды ҚР-ның Ұлттық банкінде жинақтау, экспортерлердің ішкі валюта нарығындағы валюталық табыстардың 75 %-ын міндетті түрде сату, валюталық құндылақтарды шығаруда шектеулер жатқызылады.

Мемлекет елдің сыртқа саудасының шарттарын өзгерту мақсатымен валюта бағытының көлемі төңірегінде жеткілікті түрде айла-әдістер жасайды, ол девальвация және ревальвация деп аталатын екі жақты валюта рыногін пайдаланады. Девальвация дегеніміз – үкіметтің ұлттық валютаның валюталық бағытын мақсатты түрде төмендетуі. Реваьвация  дегеніміз- ұлттық валюталың бағаны көтеруге бағытталған әрекеттері.

Елімізде жүзеге асырылатын валюталық шектеулердің саны мен түрлеріне байланысты конвертирлену режимі қалыптасады. Валюталық конвертирлену (қайтымдылық) бір елдің валютасының конвертирленуі (қайтымдылық) бір елдің валютасыны баса елдердің валютасына конверациялану (айрбас) мүмкіндігі. Еркі немесе толық конвресияланатын, жарым-жартылай конветирленген және конвертирленбейтін валюталар болып бөлінеді.

 Еркін конвертирленетіндер барлық резиденттер немесе резидентер еместерүшін опреациялардың барша түрлері бойынша валюталық шектеулер млде болмайтын елдердің валюталары. Оларға АҚШ-тың, ЕО-ның, Жапонияның, Австриалияның, Сингапурды, Жаңа Зеландияның, малйзияның, Ганконгтың, Ұлыбританияның, Канаданың және мұндай өндіруші араб елдерінің валюталары жатады.

Жарым-жартылай конвертирленгенде елде операциялардың жекелеген түрлері мен жекелеген валюта ұтаушылар шін ғанашектеулер сақталады. Егер конверсияның шектеулі мүмкіндіктері резиденттері шін болса, конвертирлену сыртқы деп, егер резидентеместер үшін болса, ішкідеп аталады.

Егер елде практика жүзінде ең бірінші шетел валюталарын сатып алу мен сатуға, алып кету мен ішке алып келуге шектеудің барлық түрі жүретін болса, валюта конверирленеді деп есептелінеді. Валютаның конвертирленбеуі көптеген дамушы елдерге тән.

Валюта бағытын бекіту, уақыттың нақ осы кезеңіне валюталар айырбасының арақатынасы (пропорцияларын) анықтау валюта бағасын кесу деп аталады. Ол тікелей және жанама (керісінше) болып келеді. Шетел валютасының ұлттық валюада білдірілуі тікелей баға кесуді айқындайды. Жанама баға кесуде ұлттық валютада білдіріледі.

Валютаның бағасын тікелей белгілеу көп елдерде қолданылады, оның ішінде Қазақстанда да .Мысалы, Ақш-тың 1 доллоары –13,0 теңге, 1 рубль – 4,70 теңге, 1 евро – 175,40 теңге.

Жанама баға белгілеу Ұлыбиртанияға, тиіп- қашып АҚШ-қа тән.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, халқаралық сауда мен капиталдар нарығыны барысында соңғы кезге дейін көптеген елдерде ұлттық валюталарды АҚШ-тың долларына қарап белгілеу орын алып келеді, бұл оның халықаралық төлем мен қор қаржысындағы роліне байланысты (көптеген елдер өздерінің халқаралық алтын валютлық қоларын АШ долларыен ұстайды).

Әлемдік тәжірибеде ұлттық ақша бірлігінің валюалық бағытын анықтаудың түрліше әдістрі бар. Олардың негізгілеріне валюта бағытын анықтаудың мынадй әдістерін жатқызуға болады: валюта кәркезеңкісінің негізінде, сатып алушылық қабілеттің парапарлық шамасының базасы негізінде (ҚПШ), валюта сұранысы мн ұсынысының негізінде, немесе нарық негізінде, валютаның кросс- бағыты арқылы.

Валюталық кәрзеңке дегеніміз – бір валютаның орташа өлшеген бағытының басқа валюталардың белгілі бір жиынтығына шамаластыру әдісі. Ол – валюта бағытын анықтап, халықаралық ақша бірлігінің есебін құру үшін трліше валюталар жиынтығын пайдаланушы көптеген елдерде (оның ішінде Қазақстанда да), халықаралық қаржы инситутарында кеңінен пайдаланылады.Валюталық кәркезеңке арқылы валюта бағытн анықтау үшін бірінен кейін бірі бірнеше операциялар жүргізіледі. Алдымен кәрзеңкелердің құрамы, яғни экспорт пен импортқа сай кәрзеңкедеқатынасатын валюталардың құрамы, экспорт пен импорт көлеміндегі үлес салмаққа сәйкес олардың валютаның бірліктердегі валюталық компоненттері анқталып, ның валюта кәрзеңкесі мен соңғы 3 айдың барысындағы долларға шыққандағы орташа нарықтық бағытының үлес салмағы шығарылады да валютаның долларға деген нарықтық курсы білгіенеді, ең соңында балық валюталық компонеттердің долларға баламалық есебі шығрылады.

Валюта бағыты есебінің неғұрлым қарапйым әдісі валюталардың сатып алну қабілетінің парапрлық шамасы болып табылады (ҚПШ). Бұл әдіс арқылы ол былайша анықталады. Алдымен елдің әлемдік нарық көлемінің әлемдік нарықтағы бағамн есептелінетін кэспорттық өнімдер көлеміне арақатынасы арқылы ұлттық валютаның ҚПШ бойынша валюталық бағыты анықталады.

Тәжірибеде валюта бағытын құру үшін нарықтық әдіске көбірек сүйенеді, өйткені ол валюталардың арақатынасы жайлы неғұрлым сенімдірек көрініс байқатады. Баға парапаралығының негізінде айырбас бағытын орнықтыру үздісіз емес. Және бұл жадайда тауар кәрзеңкесіне қосылған тауарлар бағасының қалпына ақпараттық тұрақты бақылау жасап отыру қажет.

Валюта бағытын кросс – бағыт арқылы, яғни үшінші валюта арқылы белгілеуді жоғарыда сөз еттік.