Валюталық заңды бұзғаны үшін жауапкершілік

Валюталық қылмыстар – валюталық операциялар туралы заң қағидаларын бұзушылық. Мұндай теріс қылық жасаушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1996 ж. 24 желтоқсандағы ҚР-ң “Валюталық реттеу туралы” заңының 14-бабында заңсыз валюталық операциялар жасаған, сондай-ақ осы операцияларды жүзеге асыру барысында бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеген не есепке алудың және бұрмалаған заңи тұлғалардыжауапкершілікке тартудың реттері және оларға салынатын айыппұл мөлшері көзделген. Көрсетілген айыппұл сомасы валюталық бақылау органдарының, соның ішінде агенттерінің ұсынысымен, сот арқылы өндіріледі. Сонымен қатар, арнаулы заң қағидаларын бұзған лауазымды басшылар мен жекелеген адамдарда жауапкершілікке тартылады. Заңсыз валюталық операциялар жүргізуге байланысты жауапкершілік ҚР-ң Қылмыстық Кодексінің арнаулы баптарында көзделген. Егер заңсыз мәміле жасау кезінде келтірілген мүліктік зиян 10 еселі минимилды есеп айырысу көрсеткішінің сомасынан асып кетсе, онда қылмыстық жауапкершілік басталады.

Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасның валюталық заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың өздерінің айырбастау пункттері арқылы шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібінбұзуға жол бергені анықталған жағдайда Қзақастан Республиканың Ұлттық Банкі айырбастау пункті тіркеу куәлігінің қолданылуын алты айға дейін тоқтата тұруға құқылы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиаттардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.