Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын басқару

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржыларын басқару қаржылық департаменттер және министрлік, ведомство, концерн, ассоциация, бірлестік, қаржылық бөлім және шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қызметімен жүзеге асырылады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржыларын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері немесе топтары басқарады.

Министрліктердің және басқа да жоғары тұрған органджардың қаржы басқармасының аппараттары біріктірілген қаржы болжамы, біріктірілген табыстар мен шығындардың балансынбақылау, ведомствоішілік қаржы бөлімдерінің қызметін реттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қаржыны басқарудың бұл звеносын нарық жайдайындақаржы менеджменті деп атайды, яғни кәсіпорын мен ұйымның кәсіпкерлік қызметі аясында әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару нысаны. Кәсіпкерлік қызмет тауарларды өндіру мен сатудан, қызмет көрсетуден, мүлікті пайдаланудан табыс алуды көздейтін тәуекелі жоғары қызмет болып табылады.

Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің обьексітісі болып жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқық, жұмыстар мен қызметтер, ақпараттар, интеллектуалдық қызметтердің қорытындылары, материалдық игіліктер табылады.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдерінесие және есеп операцияларының жаңа нысандарын пайдалану арқылы жедел қаржы жоспарларын жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестіктерде қаржыны басқаруды, басқа да функциялармен бірге, жоғарғы органдар- олардың қатысушыларының жалпы отырысы, акционерлік қоғамдарда – акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады. Атқарушы орган – басқарма, құрамына лауазымды тұлғалар кіреді, соның ішінде қаржыныбасқару жөніндегі вицепрезидент(басқарманың орынбасары), ол серіктестіктің (қоғамның тиісті бөлімшелерін – қаржы бөлімін, қаржы тобы мен секторды бақылайды немесе оның қарамағында жеке қызметкерлер – шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қызметтері бойынша менеджерлер жұмыс істейді.

Қаржы бөлімінің құрылымы көбіне болжау-талдау, есептік талап етуші, жедел қаржылық тәрізді бағыттағы жұмыстарға негізделеді. Қаржы бөлімдері мынадай топтарға бөлінеді: бюджетпен, банктер және жоғарғы ұйымдармен, кассалық есеп айырысу бойынша топтар.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қызметтерінің маңызды міндеттері болып төмендегілер табылады:

  1. пайданың немесе табыстың өсуі жолдарын қарастыру және рентабельдік көтеру;
  2. өндірісті, күрделі қаржы салымдарын, жаңа технологияны енгізуді және басқа да жоспарлы шығындарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттік бюджет, банктер, жабдықтаушылар, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерін атқару;
  4. есептілікті ұйымдастыру;
  5. өндірістік қорлар мен күрделі қаржы салымдарын тиімді пайдалануға ықпал ету;
  6. қаржылық ресурстарды дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталуы мен жылдам айналуын қамтамасыз ету.

Қаржыны жедел басқаруды банк мекемелері қатынасады. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық есеп айырысу қызметін көрсетеді, ақша қаражаттарына уақытша қажеттілікті несиелейді.