Қ Р-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны

Әкімшілік құқық ең тығыз конституциялық құқықпен байланысты.Құқықтың жетекші саласы бола тұра,конституциялык құқық тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын,атқару, билікті ұйымдастыру мен үәзіптенудің принциптерін, басқару субъектілердің орны мен биліктің басқа тараулары субъектілерімен арақатынасын бекітеді. Ал әкімшілік құқық конституциялық құқықтың нормаларын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жузеге асыру тетігін,атқару билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін нақтылайды, басқару қоғамдық қатынастардағы қатысушылардың құқықтық статусын, мемлекеттік –басқару іс-әрекеттің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және регионалды ұйымдастыру негіздерін белгілейді.

Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сыртқы жақтан ұқсас мүліктік сипаттағы қатынастарды реттеп отырады.

Олардың арасында айырмашылық неден тұрады ?Азаматтық кодексте бір тараптың екінші тарапқа әкімшілік немесе өзге де өктем бағынышытылығына негізделген мүліктік қатынастар оның нормаларыменреттелмейді деп анықталған. Бағыныштылыққа негізделген мүліктік қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Демек, реттеудің заты бірдей болған жағдайда бұл екі құқықтықсаланы өзара құқықтық реттеу әдісінің ол немесе басқа элементтері (шартты бастаулардың немесе әкімшілік өкімдердің) басымдылығына қарай ажыратуға мүмкін. Атқару билік органдарының құқықтық актілерінен азаматтыкқұқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігі де азаматтық кодексте ескерілген.

Әкімшілік құқық басқа құқықтың салаларымен: еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Мысал, еңбек құқығы пәніне байланысты қоғамдық қатынастардың туындауы немесе олардың қысқартылуы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы әкімшілік актілердің шығарылуынан тәүелді болады. Жалпы айтқанда, жаңа құқықтық салалардың қалыптасуында, оларға тиісті қоғамдық қатынастрадың реттелуінде әкімшілік құқықтың маңызы ерекше және үстемдікке

ие болады. Әкімшілік құқықтың осы сипаттары оның Қ Р-сының құқықтық жүйесіндегі жетекші тұрғыға ие болғанын көрсетіп отырады.