Банктік жүйесін ұйымдастырудың құқықтық реттелуі

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банктің пайда болуы мен дамуы тауар ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты.Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді.

Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызметаясында да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік – экономиклық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.

Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелдінормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қаматамысз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығынын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер қолма қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктер өз қызметтерібарысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттікбасқаруоргандарының мемлекетік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей жән тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесін жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан республикасыныңбанк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және төменгі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекетің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Республикасының экономикалық қаржылық мүддесін тиісінше қамтьамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі деңгейін:

  1. мемлекетаралық банктер;
  2. Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары – коммерциялық ұйымдары);
  3. Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;
  4. шетелік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесінде жатады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілермен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер,сондай-ақ арнаулы лицензиялар-рұқсаттар негізіінде банктік операциялармен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.

Банк жүйесінің төменгі(екінші)деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айырықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыруы арқылы (нәтижесінде)белгілі бір көлемде мол райда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.

Коммерциялық банктер Қазақстан тРеспубликасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліетер негізінде акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлік банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оның жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай елу процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.