Мемлекеттің ақша-несие саясатының құқықтық негіздері

Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтайшек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма қол және қолма қолсыз айналым мағынасынсипаттайды. Бұл жағдайда қолма қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысы мен ақшы айналымы арасындағы шек қойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорндар мен қаржы – несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

 Бүкіл ақша айналысы: қолма қол және қолма қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

Несие ақшалар – бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие берушімен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және “төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады”.

Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіневексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымдық қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі кредитор – вексель берушінің үшінші тұлғаға қарыз алушығавексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде төлеу жөніндегі бұйрығы.

Чек – бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. Чектер негізінен ақшалай және сеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалй чек бойынша банктен қолма қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордарлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің апрақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізіндебанк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі.

Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптікоблигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады.

Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:

  • облигация – шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;
  • облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;
  • облигация – ұзақ мерзімді борыштиық міндеттеме.

Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендету қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады. Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.

Опциондық кластағы сауданы жаңарту міндетті түрде алмастырудан басталады.

Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.

Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайғабайланысты анықталады.