Қылмыспен күресудегі құқық қорғау органдарының іс-әрекетін координациялау (сәйкестендіру)

Координация сөзі латынша «со» — бірлескен және ordinatio- тәртіпке келтіру сөздерінен құрылған болып, құкық корғау органдары қызметін координациялау дегені қылмыспен және басқа да құкық бұзушылықтармен күресудің ең актуалды проблемаларын шешу бойынша бірлескен іс-шаралар істеп шығаруды және оларды жүзеге асыруды білдіреді.

Әр бір қылмыстық істі тез және толық ашу, оның әр қайсысы бойынша толық, объективті және жан-жақты тергеу өткізу, істелген қылмыс үшін шарасыз жазаға тарту, осы жұмыстың әр бір сатысында заң мен іс-жүргізу құқығының нормаларын сақтауды камтамасыз ету үшін барлык құқық қорғау органдарының өзара келісілген, сәйкестендірілген іс- әрекеті кажет.

Координациялау органдар жүмысындағы жан-жаққа тартудың, бір іске бірнеше орган қызметкері параллельді кірісудің алдын алады, яғни, органдардың күштері мен құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл органдардың координацияланған іс-әрекеті төмендегі негіз салушы принциптерге сәйкес жүргізіледі: бұндай іс-әрекет субъектілерінің дербестігі және теңдігі, олардың келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегі іс-жүргізу дербестігі; іс жүргізу және жедел-тактикалық екілеттіктердін өзгешелігін сақтау; келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде заңдар мен іс-жүргізу нормаларын сақтау;қылмыспен күресудегі жоспарлылықты, тиімділікті, мақсатқа сәйкестікті қамтамасыз ету; келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жұмысты жарыса жүргізудің параллельділіктің алдын алу.

Координациялау міндеті прокуратураға жүктелгені себебі оның басқа органдардан айырмышылығында: тек прокуратура органдары ғана республикада, қалаларда заңдылық және құқық қорғау нәтижелері туралы мәліметтерге ие. Прокуратура ғана анықтама мен тергеу органдарының нақты істерді ашу мен тергеу жөніндегі іс-әрекет нәтижелері туралы, соттардың істер бойынша шығарған өкімдері туралы, өкімдерді атқару нәтижелері туралы мәліметтерге ие болады.

Координциялаудың маңызы аса баруы тиіс, өйткені, қылмыскерлер бұрын колы жетпеген салаларға «иеленіп», өрісін кеңейтуде: қылмыстың түрлері, олардың саны, ауырлык дәрежесі, қоғамдық қауіпілік дәрежесі жылдан жылға өсіп келе жатыр. Оларға тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, енді мемлекет басқару органдарының басшылары да қөмектесуде.