Прокуратураны ұйымдастыру мен іс-әрекетінің қысқаша тарихы.

 1917 Қазан революциясынан кейін прокуратура органдарының бақылау функциялары бірнеше органдарға таратылды- ВЧК, ОГПУ, Нарком госконтроля, т.басқаларға.

Жаңа экономикалық саясат дәуірі қатаң билік, заңдылық қамтамасыз етлуін қажет етті. Ленинге оппозицияда болған Каменев, Зиновьев, Рыков және Осинский орталықталындырылған, жергілікті атқару билік органдарынан тәуелсіз прокуратураны құруға карсы шығып, прокурордың «екі жақты бағыныстылығын» ұсынды, яғни, оның бір жақтан орталық прокурорлық органға, ал екінші жақтан — губерниялық атқару комитеттерге бағынысты болуын ұсынған болды.

Ленин бұл жобаға қарсы шығып, заңдылық (мысал, егіншіліктен айырмашылығында)қалуға губерниясында басқа, ал қазан губерниясында -басқа болуы мүмкін емес деп түсіндірді. Өйткені, прокурор жергілікті биліктің бір шешімі де заңға қайшы келмеуі үшін жауапты. Демек, ол бұл тұрғыдан заңсыз болған барлық шешімдерге наразылық келтіре алады. Сонымен, баппа-бап дауыс беру нәтижесінде 28 май 1922 жылы «Прокурорлық бақылау туралы ереже» ВЦИК қаулысымен әрекетке енгізілді. Осы күннен бастап кеңестік прокуратура дәуірі басталады.

Қаулыда ең алдымен прокуратура органдарының ұйымдастыру және іс-әрекет принциптері белгілеңді. Оларға:прокуратура органдарының орталықтандырылуы және дара басшылығы; төмендегі прокурорлардың жоғарыдағы прокурорларға қатаң бағыныстылығы; бұл органдардың жергілікті әсерден тәуелсізідігі жатқызылды. Бұл ережемен прокуратура органдарына төмендегі міндеттер жүктелді:

а) заң бұзу арқылы кабылданған қаулыларға наразылық келітіру және айыпты адамдарға қарсы қылмыстық қудалауды қозғау жолымен барлық билік органдарының, шаруашылық мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекеті заңдылығын мемлекет атынан бақылауды жүзеге асыру;

б) анықтама және ОГПУ органдары іс-әрекетін тікелей бакылау;

в) соттағы айыптауды қолдау;

г) қамаудағы адамдар дұрыс ұсталуын бақылау.

16 ноябрь 1922 жылы биліктің ешқандай органдары Республика Прокурорының рұқсатынсыз прокурорларды, олардың көмекшілері мен тергеушілерін қамай алмайтыны бекітілді (ВЦИК пен СНК декретімен).

8 март 1923 жылы СНК РСФСР каулысы мен лауазымды тұлғаларға прокурорлық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар барлық мекемелердің ғимарат-бөлмелеріне жіберілуі жүктедді.

24 май 1955 жылғы ПВС СССР жарлығымен прокурорларға жалпы бақылаудан, анықтама мен тергеуді өндіруден, сондай-ақ түзету мекемелер іс-әрекетінің заңдылығын бақылау өрісіне қосымша заң бұзылуын анықтау мен оны жою бойынша өктем-қарау сипаттағы өкілеттіктер берілді. Бұл қаулыда ең маңызды ережелерінің бірі болып прокурорларға зандардың дұрыс және бірыңғай орындалуын қамтамасыз ету міндеттілігі болды.

Солай етіп, бүгінгі прокуратура органдарының негізгі міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңбері сол кездерде белгіленген болды.