Бәсекелестік монополиялық іс-әрекеттерді құқықтық реттеу

Экономикалық бәсеке дегеніміз нарықтық қатынасқа қатысушылардың тауар өндіру оны сату, сатып алудың ыңғайлы жақсы жағдайлары үшін экономикалық сайысы.

Монополия дегеніміз жеке адамдардың, топтың немесе мемлекетті бір экономикалық әрекетке ерекше құқығы.

Өзгеріп отыратын жағдайда және іске қосылатын ресурстар бағасы өзгерген жағдайда компаниялар қолданатын реттегіш шаралар өндіріс тиімді болуы және сондай өнім шығаратын басқа фирмалармен бәсекелеге алу мүмкіндігі болу үшін қажет. Өндірістік шығындарды төмен деңгейде ұстай алмаған компаниялар өз өніміне қымбатырақ баға қоюымүмкін, бірақ басқа фирмалар сапасы сондай өнімді аз шығынмен өндірсе, демек он арзанырақ бағамен сата алатын болса, онысынан ештеңе шықпайды.

Тұтынушылар фирмалар арасындағы бәсекеден пайда айырады, өйткені олар ең тәуір өнімді арзанырақ бағамен алады. Егер олар сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлері бәсеке деңгейі жоғары базарна ұсынылатын болса, олардың бюджеті ұлғайып, өз кірістеріне көбірек өнім сатып алуына мүмкіндік туғызады.

Алайда тіпті бәсеке базардың өзінде фирмалардың бәрі біп-бірдей материалдар мен өндірістік әдістерді қолдана бермейді.

Әрине кез келген адам өзі сатып алатын заттың төмен баға болуына ықпал ететін қатаң бәсеке жағдайында өндіріліп, ал өзі кіріс алатын жерде бәсекенің шамалы ғана болғанын немесе тіпті оның болмағанын қалайды – өйткені жалақысы жоғары болады.

  1. Нарықтық экономикаға тән тағы бір өзекті сәт мынадай: дүкендерде сатылып жататын жейде мен басқа да өнімдердің бағасын жоспарлаушы органдар белгілемейді. Әрбір сатушы өзгеріп отыратын нарықтық жағдайға байланысты бағаны қымбаттатуға немесе арзандатуға ерікті. Мысалы: бір кезде жейденің бір түрін алушылар көп болып, жаңадан қор жинап алғанша, ол сатылып кетер деп сатушы сезіктенсе, жейденің ол түрінің бағасы әдетте қымбаттатылады. Бері салғанда, заттың тағы бір тобы келіп түскенше солай істеледі. Бағаны қымбаттату бірден екі мақсатқа жетуге мүмкіндік береді: біріншіден, егер жейденің бұл түрі жейденің басқа түрлерінен немесе өзге тауарлардан қымбаттау болса, кейбір тұтынушылар оларды азырақ басқа тауарларды көбірек алғанды мақұл көреді; екіншіден қымбатырақ бағадан келген табыс үкіметтің қалтасына емес, жейде тігіп сататындардың қалтасына тікелей түсетіндіктен, көтеріңкілеу баға осы жейделерді тігіп, сататын фирмалардың табысын молайтады да, олардың он көбірек шығарып, көбірек сатуына мүмкіндік береді. Басқа өнім түрлерін шығаратын фирмалар жейде тігушілердің пайдасы молырақ екенін байқайды да, мұның өзі кейбір фирмаларды басқа бір нәрсе шығаруды қойып, сұранымы көп жейделер шығаруға ұмтылдырады.

Осынау факторлардың бәрі – жейделерді азырақ сатып алатын тұтынушылар, оларды көбірек шығаратын өндірушілер, осындай же йде тігуді ұйғарған басқа фирмалар тапшылықтыңтез арада жойылуына жәрдемдеседі. Аңғарып қарасаңыз, осынау барлық шешімдер орталық жоспарлаушы органдардың араласуынсыз қабылданады. Тұтынушы мен өндіруші орталыққа жалтақтамайтындықтан процесс іс жүзінде жылдамырақ, тіпті өз-өзімен жүріп жатады деуге болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!