Кәсіпкерлік саласындағы шаруашылық байланыстардың ұйымдастыру ерекшеліктері. Кәсіпкерлік саласындағы шаруашылық байланыстардың ұйымдастыру ерекшеліктері

Justice concept. Gavel, golden scales and books in the library with dof effect. 3d

Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шкете жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін бюджеттік ұйымдар мәртебесімен шатастырмау үшін ең алдымен толық шаруашылық жүргізу құқығы деген ұғым енгізілді. Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі егер заңда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлік болып табылады.

Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” Жарлықтың талаптарына сәйкес мынадай құқықтарға ие болады.

а) кәсіпорынды құру, тарату және қайта құру;

б) оның қызметінің атқаратын жұмысы мен мақсаты;

в) кәсіпорын қарамағындағы мүліктерді мақсатты пайдалануға және сақтауға бақылау жасау;

г) кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүліктерді мүліктерді пайдаланудан табыс түсіру.

Шаруашылық жүргізу құқығының субъективті заңға сәйкес мына төмендегідей деп танылады:

  • республикалық меншіктегі кәсіпорындар;
  • коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар;
  • шаруашылық жүргізу құқығының негізінде еншілес кәсіпорындар да құрылуы мүмкін.

Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы иелену, пайдалану жіне билік етуді өз атынан меншік иесі берген өкілеттік шеңберінде жүзеге асырад, ол оның өкілеттігі болып табылады, бірақ мұндай өкілеттік мемлекетте де бар, өйткені әрбір мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттің бір бөлшегі деп танылады.

Шаруашылық жүргізу құқығы меншік иесінің берілген мүлкінің бөлігін иелену, ал кейбір жағдайларды әкімшілік актілер шектеген ретте пайдалану, билік ету құқықтарынан айырады.

Шаруашылық жүргізу құқығына ие болған кәсіпорындар қызметі белгілі бір салаларда ғана жүзеге асаы, олар, атап айтқанда мыналар:

  • қару-жарақ, оқ – дәріні жобалау, жөндеу және тарату, оған әскери техникаларды қорғау құралдары, қосалқы бөлшек, қажетті бөлшектер мен құралдар, қолданудан шыққан әскери-техникалық құралдарды жою, тарату, көшу және жөндеу;
  • уран және басқа бөлінетін минералды өндіру, өнім алу, тасымалдау, өңдеу, көму және тарату, сондай-ақ олардан жасалатын өнімдерді шығару, тарату.
  • медикаменттерді, дәрілерді, емдеу қондырғылары мен құралдарын жасау және сату;
  • мемлекеттік монополияға жататын жүйедегі шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
  • энергетика, су, жылу жүйесі, көлік жолы, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы, және басқа республикалық және жергілікті маңызы бар жүйелерде шаруашылық қызметін жүзеге асыру.

 

Кәсіпкерлік қызметті талдау кәсіпорынның қаржылық, өндірістік және өткізушілік қызметтерін, маркетингтік басқарудағы ең маңызды элементтері және оның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдай коммерциялық қызмет көрсеткіштерін талдау жүйесі мен қолданылатын тәсілдер ерекшеліктерін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметті талдау маркетинг қызметтерін өткізу құралы болған кезде, нарық конъюктурасын бағалау, сұраныс, төлем қабілеттілігі, нарық сыйымдылығы, өнімнің бәсеке қабілеттелігі, сонымен қатар кәсіпорынның баға саясатын құру, тұтынушылық тәртіп пен басқа жағдайлар бірінші кезекке шығады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!