Шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамдардың кәсіпкерлігі

Justice concept. Gavel, golden scales and books in the library with dof effect. 3d

Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция мөлшерімен есептеледі.

Қатысушылар өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады:

а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы;

ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге қатысу құқығы;

б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы.

Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған, өндірілген және алынған мүліктер.

ҚР “Шетелдік инвестициялар туралы” заңының 15 бабы 4 тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта түрінде енгізе алады.

Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін.

Серіктестіктің қызметі мен сипатына байланысты кей жағдайда жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды, ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді (“Шаруашылық серіктестік туралы” жарлықтың  6 бабы 6 тармағы).

Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей зат түрінде қайтарылады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.

Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы, басқа (қатысышу, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.

         Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңында қоғамынң өзінің меншік акцияларын сатып алуға байланысты мәселе нақтылы шешілген. Шығарылған акцияларды сатып алу  туралы хабарландырылған күннің алдындағы соңғы 30 күнтізбелік күндегі олардың нарықтық орташа есептелген бағасы бойынша немесе сатып алу туралы талаптың бағасы бойынша жүргізіледі.

         Қоғамның:

  • қоғамның эмиссияланған акциялары толық төленгенге дейін;
  • егер қоғамның шығарылған жарғылық капиталы акцияларды сатып алудың нәтижесінде қоғамның тиісті үлгісі үшін шығарылған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен кем болып қалса;
  • егер акцияларды сатып алу кезінде, қоғам төлемге қабілетсіз немесе дәрменсіз болса, немесе акцияларды сатып алу нәтижесінде осындай болуы мүмкін;
  • егер акцияларды сатып алу кезінде қоғамынң өз капиталы шығарылған капиталдың мөлшерінен кем болса, акцияларды сатып алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Сатып алынған акция акционерлік қоғамның меншігі болып табылады. Бірақ, ол акціонер болып табылмайды. Акционерлік қоғам сатып алған акциясы басқа акционерлер немесе үшінші тұлға арқылы сатылуы тиіс, олай болмаған жағдайда, қоғам осы акцияларды өтеу салдарынан жарғылық қордағы қаржысын кемітіп алады.

Акционерлік қогамдар мен шаруашылык, серіктестіктер туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы кұрылтайшылардың (катысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялык. үйым шаруашылык серіктестік деп танылады. Шаруашылык серіктестіктер және онын. жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтык кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылык серіктестіктерді  күру мен олардың

қызметі 1998 жылы 10-щілдеде кабылданған Қазакстан Республикасынын “Акционерлік коғамдар туралы” заңымен және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы  президентінін “Шаруашылык серіктестіктері туралы” заң күші бар жарлығмен реттеледі. Шаруашылык серіктестік түрінде құрылған коммершіялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің кұкыктык мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтык кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндІгІ қарастырылған: I) толык серіктестік; 2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестІгінІң қүрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылык серіктестігінін қүрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды түлға да, жеке  түлға  да  бола  алады.

Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің күрылтайшылары мен катысушылары тек азаматтар ғана бола алады. ЖауапкершілігІ шектеулі серіктестік, қосымша жауппкершілігі бар серіктестік және акционерлік коғам бір түлғамен құрылуы мүмкін.

Толык серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

Бір немесе бірнеше адам кұрған, жартылык капиталы кұрылтай күжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулІ серіктестікке катысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктіц қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарынын құны шегінде тәуекел етеді. Катысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылык капиталға салымдарымен жауап беретІн, ал бүл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік косымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінін бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) косымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар,серіктестіктің  мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп   қатысушыларды да енгізетін   және  серіктестіктің  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады  Акционерлік қоғам дегеніміз  өзінің  қызметін жүзеге асыру мақсатында қаражат тарту үшін акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады

Казақстан Республикасьшда акционерлік қоғамнын екі үлгісі бар, яғни ол ашык және жабық түрде кездеседі. Коғам өз улгісін акционерлердің жалпы жиналысынын шешімі бойынша және заң талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Маселен, егер жабық қоғам акционерлерінін саны 100-ден асса, ол қоғамнын үлгісін ашық етіп езгерту туралы шешім кдбылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердін жалпы жиналысын өткізуге міндетті.

Крғамның фирмалык атауы болады, онда коғамнын атауы, сондай-ак коғамның үлгісіне карай ” Ашык акционерлік коғам” немесе “Жабык акционерлік коғам” деген сөздер, немесе тиісінше “ААҚ” жөне “ЖАК.” аббревиатурасы болуға тиіс. Коғам осыңдай фирмалык атаумең мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын-ала белгіленген өзге адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабык акционерлік коғам болып табылады. Жабык қоғамның өзі шығаратын акдаяларға ашык түрде жазылу жүргізуге ңе оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына үсынуға күкығы жоқ.

Жабык коғам акционерлерінің саны 100-ден аспауы тиіс. Қоғамның акционерлерінің осы коғамның басқа акциоңерлері сататан акцияларды сатып алуына басым кұкығы бар.

Жабық акционерлік коғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе өрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот төртібімен акционер катарынан шығару мүмкіндігі кезделуі мүмкүн. Аластатылған акционердің акцияларын қоғамның таза активтері кұныньң ол шығарған акционерлердің жалпы санына катысты есебінен сот белгілеген баға бойынша коғам сатып алуға тиіс.

Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын коғам ашық болып табылады. Ашық қоғам шығарған акцияларын жабык. жеке және ашық әдістермен орналастыруға кұкылы. Ашык коғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы кағаздардың ұйымдаскан нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті керсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін кұрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтып ашық коғам ашык халыктық қоғам болып табылады (“Акционерлік қоғамдар туралы” заңның 7-бабы).

Бір занды түлғанын. құрылтайшылары (катысушылары) баска бір занды тұлғанын күрылтайшылары (катысушылары) болуы мүмкін. Осыған байланысты біздің зандарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік коғам тәртіптелген.

Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылык капиталының) басым бөлігін баска занды тұлға калыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес {не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымнын кабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тін 94-бабы).

Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасаскан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымең осындай нұскауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлык жауапты болады.

Ал, негізгі уйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлык жауапты болады.

Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге кұқылы.

Акционерлік коғамның дауыс беруші акцияларынын жиырма проценттен астамы, басқа (катысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса,ол тәуелді коғам деп танылады.

Басымырак (қатысушы) зақды тұлға тәуелді акционерлік коғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметгі заң кұжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.

Егер заң актілеріңде өзгеше кезделмесе, акционерлік когамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында езара қатысуы әрбір шығарылған (төленген) жарғылык капиталдын жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Бір-бірінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара катысатын акционерлік қоғамдар баска қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артык дауысты пайдалана алмайды.

 Өндірістік кооператив. Азаматгардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз енбегімен катысуына және өндірістік кооператив мүшелерінін мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-тің 96-бабы),

Өндірістік кооперативтің кұкыктық жағдайы, оның мүшелерінің кұкыктары мен міндеттері Азаматтык кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15-қазанда қабылданған “Өндірістік кооператив туралы” заңымен айкындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы таіс.

Азаматтык кодекс онын мүшелерінің кооператив мІндеттемелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Аталған заң ендірістік кооперативтің күрылуы мен кызмет етуі үшін кажетті жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін белгілемейді.

Кооперативтін меншік кукығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында езгеше каралмаса, оның мүшелерінің жарналарынык мөлшеріне сөйкес бөлінеді.

Азаматтык кодекстің 99-бабының, 4-тармағына сәйкес кооператив мүшесі жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мүндай норма императивтІ (бұйрыкты), сондық-тан да құрылтай қүжаттарында басқалай ереже болуы мүмкін емес.

Азаматтык кодекстің 100-бабы кооперативтегі мүшеліктіғі негізі мен токтатылу салдарын карастырады. Кооператив мүшесі өзінің калауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бүл орайда оған төленетін жарна мен басқа да толемдер кооперативтің каржы жылы аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай-ак кооперативтен шығаруға байланысты да тоқталады, сонымен қатар, соған үксас. кооперативке мүше болу кооператив мүшесінін кайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Аталған баптын 4-тармағына сәйкес өндірістік кооперативтің мүшесі кайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оиың мұрагерлері кооператив мүшелігІне кабылдануы мүмкін. Олар одан бас тарткан жағдайда кооператив мүрлгерлерге коопера-тавтІН кайтыс болған мүшесінін мүліктегі үлесін жарнасынп карай төлейді, сондай-ак қайтыс болған адамнын үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив кызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйакы төлейді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!