Кәсіпкер және коммерсант түсініктері

Кәсіпкер осы аты аталған міндеттерді жүзеге асыруды таңдап алу керек, содан соң кәсіпкер потенциалды тұтынушылармен тауарды сатып алушыларды іздестіру керек. Солармен тікелей келісім-шарт жасасу керек. Яғни кәсіпкер маркетинг жағдайын да қарастырып, ол тұлғалармен де заңды құжаттарды жайғастырып бір ізге салып жұмыстың бағытын белгілеп алуы керек. Осы жағдай белгіленгеннен соң, анықталған соң кәсіпкер өндіріс факторларына көңіл бөлуі тиіс. Ол факторлар төмендегідей:

  1. жұмыс күші – мамандар, сол кәсіпті жақсы білетін тұлғалар, жұмысшылар, қызметкерлер;
  2. өндірістік қорлар:

ә) негізгі қорлар: ғимараттар, үй-жайлар, машиналар, станок тар, агрегаттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалар.

б) айналмалы қорлар: шикізаттар, жанар-жағар майлар, тыңайтқыштар және тағы басқалар;

  1. ақпараттар – жарнама.
  2. 1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы “кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам” деп пайымдаған Давид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.

Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші,кәсіпорын қызметін бақылап,жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған барша күші мен уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттарнарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

Отандық экономикада кәсіпкерліктің кең тараған түрі бар. Ол – коммерциялық кәсіпкерлік. Бұны көптеген себепртермен түсіндіруге болады. Негізгілері: коммерциялық кәсіпорынның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы; жүзеге асыру прпоцесінің оңайлығы; басқару жүйесінің жеңілдігі, тиімділігі және тағы басқалар.

Кәсіпкерлік ұғымы пайда алып келетін белсенді қызмет бабы. “Коммерция” латын сөзінен аударғанда “сауда” мағынасын береді. Олай болса коммерциялық кәсіпкерлік – пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы.

Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша-тауар, сауда-айырбас операцияларында анықтаушы рөл атқаратындығымен сипатталады. Сондықтан, коммерциялық кәсіпкерліктің мәні – сату, сатып алу бойынша, яғни, тауарларды қайта сату операциялары болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу объектісі – тауар, капитал. Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік пайда болады.

Комерсант болу үшінтек өзінің аумағында ғана емес, сонымен бірге басқа жерлерде коммерция туралы әртүрлі ақпараттарға ие болу керек.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!