Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер құқықтық режимі

Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығын өзге мақсатқа арналған жер деп танылады.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерін және ауыл шаруашылығын өзге мақсатқа арналған жерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен белгіленеді.

Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.

Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппіен бекітілген нормаларға немесе жобалау – техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

  1. Автомобиль, теіз, ішк су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып танылады.

Темір жол көлігі қажеттеріне арналған жер:

  • магистраль жолдарына және солармен техникалық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға;
  • кірме жолдарға;
  • энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаралары, сумен жабдықтау және коммуникация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына;
  • темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген жер жатады.

Темір жол көлігінің қажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау – техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша беріледі.

  1. Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі қажеттеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгіленеді, олардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

Темір жол көлігінің күзет аймақтарынаорманды қорғау белдеулері,көлік құрылыстарының құрылғылары мен басқа да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел қаупі, көшкін каупі бар аймақтардағы және басқа да қауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.

Күзет аймақтары жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай белгіленуі мүмкін.

Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгіленеді, аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардың шегінде шек қойылады немесе тыйым салынады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:

  1. өнеркәсіп орындарының санитарлық – қорғау аймақтары;
  2. темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жатқан, сел-көшкін қаупі бар және орманды қорғау аймақтары;
  3. бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;
  4. әуеайлақ маңындағы белдеулер;
  5. магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінің күзет аймақтары;
  6. су күзету аймақтары мен белдеулері;
  7. әскери полигондардың аумағы жатады.

Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгізілген жер сол жерлерде арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға құрылыстарын күзеті аймағының бірінші белдеуін қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды.

Аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау – техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.