Азаматтық құқықтық қатынастар

Justice concept. Gavel, golden scales and books in the library with dof effect. 3d

 Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы катынастар азаматтық қүкык катынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласьш жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің зан жөніндегі сипатын көбінесе ескере бсрмейді. Мысалы, кайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтык кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі күқыктык катынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада акша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты са-тып алушының меншігіне беруге, немесе затыңда сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны баска затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған акшасын кайтарып беруге міндетгі және т.с.с.

Занды тұлғалардың барлык істері де нақ жаңағыдай азаматтық қүқықтық- катынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдыктарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арңылы есеп айыру – осылардың бөрі де кұкыктык катынасты тудырады, яғни осылардын бәрінің де заң аркылы белгілі салдары болады.

Құкык катынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз кажет. Әрбір кұкық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтык күкык қатынастарынын субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Кұкық катынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарынын мазмұнын күрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста кұкықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе онын объектісі деп аталады.

Сөйтіп, күкык катынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (катысушылар), мазмұны (кұкықтар мен міндеттер) және обьектілер (кұқықтар мен міндеттердің катысы бар мүліктік жене мүліктік емес игіліктер).

Осыған орай күқыктын жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннін еш артықтығы жоқ. Әдетте “кұкык” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпаска болмайды. Оның біріншісін “Азаматтык күкық” “күкықтық нормалары” дегенге колданамыз. Бүл сөз тіркесіндегі “қүкык” дегеніміз мемлекетте калыптаскан күкыктык рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында колданатын “құқықтың объективті мағынасындағы күқык” деп немесе “объективті кұкык” деп атайды.

Біз күнделікті өмірде “Менін меншік кұқығым бар”, “Сіз бұлай істеуге кұкығыныз жок”, “Оның зейнетакы алуға кұқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бүл орайда кездесетін “қүкық”  заң дегенді емес, түлғаның, накты адамның белгіл і бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “күкык,” туралы субъективтік мағынасында немесе басқаша айтқанда, күкықтык нормалардын кукык түлғаларына берген қүкықтык мүмкіндіктер болегі  болып   есептеледі. Күкык катынастарынын элементі ретінде айтканымызда, біз субъективтік құқык туралы да айтамыз. Бүл “кұкык.” деген созге беретін екінші мағына.

Әрбір күкык катынасында катысушынын бірінің субъективті құқығына екіншісінің зандык міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінін екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айкындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатап алушы арасында екі бірдей күкык катынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үиді алуға қүқылы да, сатушы оны беруге міндетті. Зандылык фактісінің түсінігі. Азаматтык құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық катынастарын тудырмайды.

Қаңдай да болсын нактылы азаматтық құқық катынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмүнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты.Осындай кұкык катынастарының пайда бол-луына, өзгеруіне немесе онын қыскартылуына себепкер болатын жағдайларды зандылық фактілер деп  атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуІ т.т. зандылык фактілер болып табылады.

Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардын. кезінде пайда болатын кұкык катынастарын тәртіптейтін баптардын болуы сол жеке түлғалардын арасында немесе сондай-ак занды тұлғалардың арасында нақтылы құқық катынастарын өздігінен тудыра алмаады. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мәмілесіне кірісуі керек.

Заңдылық оқигалар). Кейбір зандылык фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық катынастарына    қатысушы  түлғалардың калауы және ниетінен тыс пайда болады. Мүндай зандылық фактілерді оқига деп атайды (АК-тің 7-бабы, 8-тар-мағы). Адамнын өлуІ, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері – осылардын бәрі де оқиғалардың катарына жатады.

Заңдлық әрекеттер. Зандылык салдар, яғни белгілі бір күкық катынастарын тудыратын түлғалардың әрекеттері де зандылық факті болып табылады (АК-тың 7-бабы, 7-тармак). Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардын, аирылысуы, біреуге әдеиілеп зиян келтіру зан арекеттері болып табылады Алайда, күкык тәртіптері түлғалардың жүріс-түрыстарының бәріне бірдей заң әрекеттері деп маныз бермейді; біздің әрекеттеріміздің көбі кұқык үшін бейтарап әрекеттер, бүл әрекеттер зандылык катынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақаласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері қүкық шеңберінен тыс жатады.

Заңда, зандылык салдары бар деп табылатын әрекетғердің мазмүны бірнеше турде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде – істелген іс немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ак әрекеттері бойтартқан (өзін-өзі үстап калған) түрде  әрекетсіздік турінде, үн катпай калғандык түрінде кездеседі.

Заңды және заңсыз әрекеттер (күкыкка сыиымды жане кұкыкқа сыйымсыз әрекеттер).

  1. Заттар – азаматтық құкык кдтынастарының объектілері Азаматтық кұкык катынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құкық), жүмыс пен кызметті, ақпаратты, материалдык деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дөл осы объектілерде кұкык катынастарына катысушылардың мүдделері тоғысады және де бүл объектілердің кұкык катынастарьтндағы тағдыры шешіледі. Әдетте, азаматтык кукык объектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат онын аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтык күкык. қашнастарының объектілерінің негізгі бөлігін заттар күрайды. Зат деп материалдық әлемінің кез келген объектісін айтамыз. Заттардын заңдык тағдырында оның сапасы мен кұкылык мәртебесі елеулі орын алады. Сондыктан да азаматтық құқықта заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.

Заттар азаматтык айналымдағы катысына орай шектеулі айналым кабілеттігіне байланысты азиматтық аталымнан шығарылмаған және азаматтық айналымиан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтык айналымнан шығарылмаған затгарды олар-

дьтң иелері өігеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешкандай шектеусіз колдан колға ете береді. Былайша айтканда. мұндай заттар азаматтық айналымға емін-еркін катысады. Айналым кабілеттілігі шектелген затгар азаматтык айналымға катысушы-лардын белгілі бір бөлігіне катысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы объектілердІң шенбері занмен айкындалады. Оған у, кару-жарак, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы бас-қалары жатады;.

Сонымен, азаматтык заң кейбір заттарды азаматтык айналымнан шығарып тастайды. Өйткені, оның өзі мемлекеттің немесе баска түлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншігі болып табылады. Казіргі кезде оған мысал ретінде ор-ман, су және баска бірқатар объектілерді жаткызуға болады.

Заттарды балінетін жөне бөлінбейтін  деп жіктейдІ. Бөлінетін заттар болінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды алайыкшы, оны канша жерден белсеңіз де нан күйінде қалады емес пе. Ал белінбейтін заттарды бөлсеніз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге жарып кесіп тастаңызшы, онда ол түтыну касиетінен айрылып калады ғой. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде айқын көрінеді.

Заттар қүкык катынастарында жекеше белгіленгеи жәңе тектес қасиеттеріне карай белгіленетін заттар деп бөлінеді, Заттар жеке белгілеріне карап, немесе бүтін бір тобына, баскаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Мысалы, оған суретшінің суреттегі қолтанбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйІнде ғана бір күкык катынасында тектес касиеттерімен айқындалады, ал баска ретте даралык сипатка ие. Айталык, тігін фабрикасы дүкенге 48-пішімді, 3 түрқьшы (рост) 100 көйлек әкеліп, сатуға шарт жасасты делік. Бүл күжат бойынша аталған тауар тектес белгілерімен аныкталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің тек біреуін ғана таңдайды. Демек ол қолына түскенін емес, өзіне ұнағанын алады. Яғни дене бітіміне шак келетін әрі жарасымдысын көйлектің жекеше сапасы бойынша тандайды. Осы қүкык катынасында сатып алушының алған койлегі жекеше белгілерге ие, сондыктан да сатушы оған жүз көйлектің өзгесін бере алмайды.

Заттар қозғалмалы   және қозмалмайтын деп те бөлінеді

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!