Қорғаушы нотариаттық әрекеттер

Мұралық мүлікті қорғау және мұраға құқық туралы куәлік беру.

Нотариус ҚР-ның халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің құқық нормалары негізінде нотариаттық іс-әрекет жасайды. Нотариус ҚР халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл ҚР бекіткен халықарлық шарттарда көзделсе, басқа заңдарында белгіленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады. Шетелдік азамат өлген соң ҚР-ның аумағында қалған мүлікті немесе ҚР-ның азаматы өлген соң шетелдік азаматқа тиесілі мүлікті қорғауға, сондай-ақ осындай мүлікке қатысты мұраға құқық туралы куәлік беруге байланысты іс-әрекеттер ҚР-ның заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Нотариус басқа мемлекеттердің құзіретті органдары лауазымды адамдардың қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің органы заңдастырған жағдайда қабылдайды. Заңдастырылмаған құжаттар ҚР-ның заңдарында және халықарлық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады. Нотариус басқа мемлекеттер органдарында іс жүргізуге қажетті дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттарда ҚР-ның заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттерден өзгеше ережелер белгіленсе, нотариаттық іс-әрекеттер жаса кезінде халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Егер ҚР бекіткен халықаралық шарт ҚР-ның заңдарында көзделмеген нотариаттық іс-әрекеттер жасауды нотариаттың құзіретіне жатқызса, нотариуснотариаттық іс-әрекетті ҚР-ның Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізеді.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.

Нотариус сотта немесе басқа құзіретті органда іс туындаған жағдайда, егер кейіннен дәлелдемелерді табыс ету мүмкін емес немесе қиын болады деп топшылауға негіз болса, мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша қажетті дәлелдемелерді қамтамасыз етеді. Ноариус мүдделі тұлғалар өзіне өтініш жасаған кезде соттың немесе басқа құзіретті органның қарауында жатқан іс бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі бойынша нотариус азматтарға сауалдар қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.Дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөнінде іс жүргізу әрекеттерін жасаған кезде нотариус ҚР азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларын басшылыққа алады.

Нотариус тараптар мен мүдделі адамдарға дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бірақ олардың келмей қалуы дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетті жасауға кедергі болып табылмайды.Тараптар мен мүдделі адамдардың біреуін хабардар етпей дәлелдмелерді қамтамасыз ету тек кейінге қалдыруға немесе іске кейіннен кімнің қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргізіледі.

Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмген жағдайда, нотариус ҚР-ның заң актілерінде көзделген шараларды қолдану үшін куәнің немесе сарапшының тұрғылықты жері бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды. Нотариус азамат пен маманды көрінеу жалған айғақ немесе қорытынды бергені және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауап беретіні туралы ескертеді.