Даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариатты әрекеттер

Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне белгілі мұрагерлерді бұл туралы хабардар етуге міндетті.

Егер мұрагерлердің тұрған жері немесе жұмыс орны белгісіз болса,нотариус мұраның ашылғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама бер алады.Мұра ашылған жердегі нотариус Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұраны қабылдау нмесе одан бас тарту туралы өтініштерді қабылдайды.Мұраны қабылдау немесе одан бас тарту туралы өтініштерді қабылдайды.Мұраны қабылдау немесе одан бас тарту туралы өтініш жазбаша нысанда болуға тиіс.мұра ашылған жердегі нотариус заңдарға сәйкес мұра қалдырушының несие берушілерінен талаптар қабылдайды.Талаптар жазбаша нысанда берілуі тиіс.

Нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамы азаматтардың,заңды тұлғалардың хабарлауы бойынша не өз бастамасымен мұра ашылған жерде мұрагерлердің,мұра алуына бас тартылғандардың,несие берушілердің немесе мемлекеттің мүддесі үшін бұл қажет болған кезде мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады.

Мұра қалдыршының мүлкі немесе оның бір бөлігі мұра ашылған жерде болмаған жағдайда мұра ашылған жердегі нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы,мұралық мүлік тұрған жердегі нотариуске,Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқарушы адамға немесе тиісті жергілікті атқарушы органның нотариаттық с-әрекеттер жасаушы лауазымды адамына оны қорғау жөнінде шаралар қолдану туралы тапсырма жібереді.

Нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолдана отырып,бұл туралы мұра ашылған жердегі нотариуске хабарлайды.

Нотариус пен жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті қорғау үшін бұл мүліктің тізімдемесін жүргізіп,оны мүліктің мұрагерлеріне немесе басқа адамдарға сақтауға береді.

Егер мұраның құрамында басқаруды талап еетін мүлік болса,сондай-ақ мұрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін мұра қалдырушының несие берушілері талап-арыз берген жағдайда,нотариус немесе жергілікті органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті сақтаушыны тағайындайды.Мұралық үлік өзіне сақтауға берілген сақтаушыға мұралық мүлікті талан-таржға салғаны,иеліктен алғаны немесе оны жасырғаны үшін және мұрагерлерге келтірген шығыны үшін жауап беретіні туралы ескертіледі.

Мұралық мүлік өзіне сақтауға берілген сақтаушы,егер өзі мұрагер болып табылмаса,мұраалық мүлікті сақтағаны үшін мұрагерден сыйақы алуға құқылы. Сақтаушыға осы мүлікті пайдаланудан іс жүзінде алынған,пайдасы шегеріле отырып,мұралыфқ мүлікті сақтау мен басқаруға байланысты шығыстары да өтеледі.Мұралық мүлікті қорғау мұрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін,ал егер олар мұранықабылдамаса—мұраны қабылдау үшін заңдарда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жалғасады. Мұра ашшылған жердегі нотариус мұрагерлік мүлікті қорғау жөніндегі шаралардың тқтатылғаны туралы мұрагерлерді,ал егер мұралық құқық бойынша мүлік мемлекетке көшсе,тиісті мемлекеттік органды алдын- ала хабардар етуге міндетті.