Нотариаттық қызметтің қағидалары, құзіреті

1.Нотариустың құқықтары мен міндеттері.

Өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

Мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

Құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультаация беруге, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге, ғылыми, педагоктік және шығармашылық қызметпен айналасуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға; техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

Осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегенді өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертеге;

Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметерді құпия ұстауға;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бастартуға;

Кәсіптік әдепті сақтауға;

әділет органына және немесе нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, беруге міндетті.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезінде делдалдық қызмет көрсетуге; өкілді органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға құқығы жоқ.

Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретіндегі еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының әкімшілік –аймақтық бөлінісіне сәйкес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады. Аудандық бөлінісі бар қалаларда тиісті қаланың бүкіл аумағы нотариаттық округ болып танылады.

2.Нотариаттық палата.

Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік,өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылоады.

Нотариаттық палатаның қызметі осыЗаңмен және жарғымен реттеледі. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Қазақстан Республикасының әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бір нотариаттық палата құрылады.

Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы Республикалық нотариаттық палатаға бірігуге құқылы.

Жекше нотариустарға жалпы басшылық жасап, олардың қызметін үйлестііп отырады. . Мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарға өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдірнді және қорғайды, нотиаттық істі дамытуда оларға көмек көрсетіп, жәрдем береді. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралызаңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Нотариус лицензиясын қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді. Нотариаттық іс-әрекет жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандаруды ұйымдастырады. Нотариустарды сынақтан өткізу мен оқытуды ұйымдастырады. Өз мүшелерінің қызметіне байланысты істер бойынша сот белгілеген сараптама шығындарын өтейді. Нотариусты кәсіптік міндеттерді мен әдепті бұзғаны үшін Нотариустың ар-ождан кодексіне сәйкес жауапқа тартады. Нотариаттық палата жекеше нотариустың жасаған іс-әрекекттерінің заңдылығы туралы мәселені қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық іс-әрекеттер туцралы мәліметтерді,ал қажет болған жағдайларда өз түсініктемлерін, соның ішінде кәсіптік әдептің сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсініктемелерін табыс етуді талап етуге құқылы. Нотариаттық палата аумақтық әділет органына өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат беріп отырады.

Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиіс:

Атауы, қызметінің мақсаттары ме негізгі түрлері;

Палатаның құқытары мен міндеттері;

Мүшелік, мүшелікке қабылдау мен одан айыру шарттары мен тәртібі, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

Басшы органдардың құру тәртібі, олардың атқаратын міндеттері мен өкілеттік мерзімі;

Мүліктің қалыптасу көздері және мүлік пен табысты пайдалану тәртібі;

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

Палатаны қайта құру мен тарату тәртібі, таратынған жағдайдағы мүліктің тағдыры.

Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін.

Республикалық нотариаттың палатаның қызметі осы Заңмен және оның жарғысымен белгіленеді. Республикалық нотариаттық палата заңда белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Республикалық нотариаттық палата:

Нотариаттық палаталардың қызметін үйлестіріп отырады. Мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерін ұйымдарда нотариаттық палаталан мен нотариустардың мүдделерін білдіреді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нотариат мәселелерді бойынша заң жобалары жөніндегі және сарапшылық қызметіне қатысады. Нотариустарды оқытуды ұйымдастырады. Нормативтік құқытық актілерді әзірлеуге қатысады және нотариат мәселелері жөнінде әдістемелік материалда әзірлейді. Нотариустың ар-ождан кодексін әзірлеп,бекітеді. Заңдарға жәнехалықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат беріпотырады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!