Қызмет бабындағы қылмыстарды тергеу

Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі-бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құррайтын қорытынды бөлім болып табылады.Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі –криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылықтарын зерттейді.

 криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі-әрбір криминалдық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді. Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады.Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы- нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын-алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.