Тонауды және шабуыл жасап тонауды тергеу

Тонау мен қарақшылық қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады.

Тонау мен қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады;

  1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен көрсетусіз жасалынатын шабуылдар.
  2. Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подьездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.
  3. Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау.
  4. Мемлекеттік және коммерциялық банктердің қызметкерлеріне, кассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.
  5. Темір жол,су көліктері немесе басқа көліктердің жылжымалы құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.
  6. Такси жүргізушілеріне тапқан ақшасын не болмаса көлігін және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.

Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.

Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердің немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы, хабарлауы; көзі көрген тұлғалардың тонаунемесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады.Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғаның мән-жайын анықтау қажет.

Әдетте тонау немесе қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі;

  1. Тонау мен қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасағаннан соң ұсталған.
  2. Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүикіншілік беретін мәліметтер бар.
  3. Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.

Тонау мен қарақшылық шабуылдарды табысты ашу жәнетергеудің негізгі шарттары.

Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік – тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудің белгілі бір күрделілігін туғызып,тергеушіден бірқатар шарттарды еспке алуды талап етеді.

Қайта құру барысында құқық қорғау органдары алдына қойылған қылмыстылықпен, әсіресе оның ұйымдасқан түрімен күресті күшейту міндеттері талдау, сонымен қатар ІІО-да жинақталған озық тәжірибені зерделеу қарақшылық шабуылдарды ойдағыдай ашып, тергеудің нақты мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін келесі негізгі шарттарды атауға мүмкіндік береді.

азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылық туралы әрбір хабарды аса жауаптылықпен және жедел ілтипатқа алу;

алғашқы тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын кешіктірмей және біліктілікпен жүргізу;

тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің қызметтерімен, ҰҚК- мен өзара тығыз әрекеттесуі, жұртшылық көмегімен бұқаралық ақпарат құралдарын белсене пайдалану;

қазіргі таңдағы жедел, криминалистік техника мен тергеудің ғылыми әдістерін жан-жақты қолдану.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!