Еңбек қорғау ережелерін бұзу салдарынан болған қылмыстарды тергеу

Алғаш рет “криминалистикалық сипаттама” түсінігі Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды.Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы қажет.Ол үшін П.И. Люблинский “не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен” деген классикалық рим формуласын қолданды.

Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар заңдылықтарды анықтады.

1966 жылы В.А. Сергеев кримимналистикалық өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.

1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митичев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар аудару қажет деп есептеді.Аталған зерттеулердің әрқайсысы қылмыстардың криминалистикалық смпаттамасыны элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.

Тергеу болжамдарын жасау және тергеуді жоспарлау.

Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.

Болжаудың мазмұны мен мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау- ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой пікірі.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән жайлары жөніндегі тергеушінің ой пікірі.

Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек.