Тарих пәнін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология».

Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.

Оқытушы оқушыны үнемі алға ілгірлету үшін мынандай қағиданы есте ұстап отыру керек.

  1. Баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап – тілектерін, сұраныс пен қажеттілігін ескеріп, шығармашылыққа баулыймын;
  2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасаймын;
  3. Өзін — өзі дамытатын тұлға қалыптастыруға тырысамын.

Бұл әдістен оқушы өз жұмысы мен әрекетінің кемшілігін сынайды, қателігін табады, өзін-өзі бақылайды, бағалайды, өзін-өзі таныйды, өз бетінше еңбектенеді.

Оқытушы бұл әдісті қолдану арқылы үнемі оқушымен бірлесе ізденіп, шығармашылықпен айналысады.

Тарих сабағын оқытқанда «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану жаңа оқу материалындағы оқиғамен құбылыстарды өздерінің байқап талдауларына жағдай жасайды. Оқушыларға білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылардың белсенділігі артып әр оқушы өз ойына жауап беруге дағдыланады.

Оқушылардың дербес ойлауын дамыту мақсатында тарих сабағында пікір сайыста кең қолдануға болады.

Оқушылар игерген білімін жадында сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс істеуге, кеңінен ойлауға қабілетті болады. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін барынша дамытуға бағытталады. Бұның өзі білім сапасының деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда аз уақыт жұмсап, нақты әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай біліп олардың мүмкіндіктерін ерекшеліктерін білу арқылы жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ол үшін оқушының қабілетін зерттеп айқындау керек. Оқытудың бұл әдісі оқушылардың өзіндік жұмысына мән беріп әртүрлі деңгейде әрекеттенуіне мүмкіндік береді.

Сыни тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұрады.

Олар:

І. Оқушыларға жұмыс жасауға орта туғызу, қызығушылығын ояту.

Тарих сабағын Қазақ әдебиеті сабағымен байланыстыра отырып, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының өлеңдерінен үзінді келтіріп, авторлары кім екен деп ой тастадым.

  1. Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

  1. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

  1. Дарынды, еңбекқор,

Оқыды, зерттеді,

Өмірден ерте озды.

Есімі халық есінде

Сақталған ғалым кім?

ІІ. Мағыныны тану кезеңінде жаңа тақырып (кесте арқылы, топтастыру әдісі арқылы, сызба-нұсқа арқылы) түсіндіріледі.

Мағынаны тану бөлімінде Ұлы Отан Соғысы тақырыбын өткен кезде төмендегі сызба нұсқа пайдаланылады

Қазақстаннан 12 атқыштар

дивизиясы, 4 атты әскер

дивизиясы, 7 атқыштар

бригадасы, 2 артиллерия,

4 миномет, 3 авиаполк,

14 арнаулы батальон мен

Қазақстаннан 1196164

адам әскер қатарына алында

рота құрылды

Майданға 13131 жүк көлік,

мыңға тарта жеңіл машина

1528 трактор, 110428

сәйгүлік, 16125

ат жіберді

Қазақстаннан 503 адамКеңес Одағы бойынша

Кеңес Одағының Батырысоғыста 27 млн. адам опат

атағын алды. Оның ішіндеболса, оның 13% қазақ

97 – сі қазақ
Insert әдісі бойынша «Ұлы Отан соғысы» тақырыбына арналған сабақты қорытындылағанда оқушылармен бірге төмендегі кестені толтырдым.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Фашистік Германия 1941 ж. Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғыс 5 жылға созылды. Өзге ұлттық республикалар қатарында Қазақстан да жауға қарсы көтерілді. Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Талғат сынды батыр ұл – қыздарымыз елін жаудан қорғады. 1945 – жылы 9 – мамырда жеңіске жеттік. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтар қандай үлес қосты? Өз облысымыздағы, ауылымыздағы қаһарман батырлар, соғыс ардагерлері жайлы білгіміз келеді. Осы соғыста қазақ халқы қандай зардап шекті?  

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде өз пікірін, ойларын тұжырымдап, өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі арқылы қорытындылап оқушыларды бағалаймын.

Бекіту сұрақтары.

  1. 1943 ж. қысында госпитальдан емделіп шыққан жауынгер Қиыр Шығыстан майданға бара жатады. Әскери эшелон Орал стансасына біраз уақытқа тоқтайды. Эшелон ұзақ тұрғанымен командирі жауынгерге қаланы аралауға рұқсат бермейді. Сонда ақын Оралға деген махаббатын қағазға түсіреді.

Оралым, шықтың алдымнан,

Оралым, менің Оралым.

Қол созып қызыл вагоннан,

Үстіңнен өтіп барамын.

Оралым, сенің қойныңда,

Ойнақтап өткен жылдарым.

Жарқылдап Жайық бойында,

Достармен сайран құрғаным.

Сұрақ: Бұл кімнің өлеңі және қалай аталады?

  1. Сұрақ: Соғыс жылдарында республикада елдің аса ірі ғылыми күштері шоғырландырылды. Ғалымдардың әрқайсысы жұмысын жалғастырып, өздері уақытша туған жерге байланысты тақырып табуға тырысты. Мәселен, академик А.С. Орлов қазақ тілін зерттеп, орыс-қазақ сөздігін құрастырды. Оның эвакуациядан қайтып оралғаннан кейін жарық көрген еңбегі қалай аталады?
  2. Сұрақ: 1941 ж. 15 қаңтарда көшіріліп әкелінген Мәскеудің Ленин ордені «Мосфильм» киностудиялары бірігіп 2 жыл ішінде толық метражды қанша картина түсірді.
  3. Ән жұмбақ. «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Жаутаңдап қарап бала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға

Жолынды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын

Қанша үйде сөніп қалды оттар

Көрдің бе ұлын ананың

Соғыстан қайтқан солдаттар.

Сұрақ: Бұл әннің сөзін жазған жауынгер ақын кім?

  1. Сұрақ: Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстанның қанша –жазушысы соғыс майдандарына шайқасты?
  2. Сұрақ: Қ.И. Сәтпаевқа 1942 ж. Мемлекеттік сыйлық не үшін берілді?
  3. Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы жылдарында жарық көрген қандай тарихи роман?
  4. Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы әдебиеттің, соның ішінде қазақ әдебиеттің атқарған қызметі.
  5. Сұрақ: Зұлым жауға қарсы кеңес жауынгерлеріне рух берген ақсақал кім еді?
  6. Сұрақ: Қазақтан шыққан партизан жазушылар кімдер?
  7. Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы тақырыбына жазылған өлең-жырларды атаңыздар.
  8. Сұрақ: Ұлы Отан Соғысына балаларын аттандырып, артынан оларды жырға қосқан қарт ақындарды атаңыздар. (Ж.Жабаев «Алғадай», Н.Байғанин «Нарсұтбай»)
  9. Сұрақ: Майдан газеттерінде қызмет еткен қазақтың жауынгер журналистері кімдер еді?
  10. Сұрақ: Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктерін жырлаған ақын-жазушыларды атаңыздар.
  11. Сұрақ: Соғыс тақырыбына жазылған драмалық шығармаларды атаңыздар.
  12. Сұрақ: Қазақстанда майдан далаларында өнер көрсететін неше концерт бригадасы құрылды?
  13. Сұрақ: Соғыс жылдарында Қазақстанда түсірілген кинокартиналарды атаңыздар.
  14. Сұрақ: Соғыс жылдарында алғы шепте ән салған Қазақстан Республикасы Халық Қаһарманы Орденінің иегері кім?
  15. Сұрақ: Соғыс жылдарында Қазақстанда қандай оқу орындары ашылды?
  16. Сұрақ: Партизан жазушыларды ата?

Осы әдіспен оқытудың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, жоғары үлгерім көрсеткішіне қол жеткіздім.