Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу методикасының жалпы ережелері

Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы

мен міндеттері.

Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі-бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құррайтын қорытынды бөлім болып табылады.Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі –криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылықтарын зерттейді.

Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі-әрбір криминалдық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді. Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады.Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы- нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын-алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.

Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары.

Барлық қылмыстарға тән жалпы ( ортақ) белгілердің болуы, оларды тергеу әдістемесінде жалпы заңдылықтырдың болуынан көрініс табады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір түрлері мен топтарын тергеу кезінде олар нақты әдістеменің ерекшеліктеріне қарамастан жалпы қағида талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағида деп- белгілі бір ғылыми теорияда басшылыққа алатын негізгі идеяларды айтамыз.Криминалистикалық әдістеменің қағидасы – қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекеттерді тергеуді жүзеге асыратын және де ұйымдастыратын ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық әдістеменің қағидалары: жалпы, арнайы, жеке- деп үш топқа бөліп қарастырылады.

Жалпыға- қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің заңдылықтарын сақтау; теория иен тәжірибенің біртұтастығы;қылмыстық әрекеттердіңжекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің мақсаттылығы; олардың тергеудегі тәуелсіздігі; мамандандырылуы жатады.

Арнайы қағидалар- көп дәрежелі, олар мазмұны бойынша әртүрлі және қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің негізгі бастауларынан тұрады.

Жеке қағидаларға- қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің: ғылымилығы, тиімділігі және құрылымдық біртұтастығы: олардың жоспарлық негізі мен кезеңділігі, ситуациясы,көп қырлылығы және нақтылығы жатады.