Криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері

Жалпы мағынасы бойынша тактика деп белгіленген мақсатқа жету үшін кажет әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Криминалистика тарауы ретінде криминалистік тактика маз-мұны:

криминалистік болжау және тергеуді жоспарлау туралы ілімді;

кейбір тергеу әрекетгерін жүргізудің тактикалык тәсілдерін;

тергеу барысында арнайы білімдер мен мамандар көмегімен пайдалану туралы ұсынымдарды камтиды.

Бірінші бөлімде тактикалық тәсіл, тактикалық операция, тергеу жағдайы, тактикалық шешім және тактикалық тәуекел сияқгы криминалистік категориялардың аныктамалары беріл-ген. Олар криминалистік тактиканың категориялары. Тактикалық тәсіл — оның негізгі түсініктерінің бірі.

Тактикалық тәсілдің зандылығы мен рұксат берілгендігі сияқгы шарттардан басқа оларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы да манызы.

Мақсатқа лайықтылык деп керекті күш, уақыт пен құралдарды жұмсауды ескере отырып, керек нәтижеге жету мүмкін-шіліктерін негізге ала отырып тәсідці қолданудың тәжірибелік негізділігін айтамыз.

Мақсатқа лайықтылық кағидасының маңызы, заң бойынша кез келген жағдайда қолдануға болатын тәсілдердін. ішінен біреуін тандауында. Демек, зандылық пен мақсатқа лайықты-лык арасында қайшылық болмайды, ейткені занды нәрсе ғана мақсатқа лайыкты.

Кылмысты тергеу оқиға орнының, уақытының, коршаған ортасының нақты жағдайларында, қылмыстык сот ісін жүргізуге катысушы тұлғалардың тәртібі мен накты өмірдің басқа да процестерімен езара байланыста жүзеге асырылады. Тергеудің нәтижелілігіне тергеушіге белгісіз басқа да факторлар өз әсерін тигізеді. Акырында бүл күрделі жүйе тергеуші әрекет жасай-тын накты жағдайды кұрайды.

Бұл жағдай криминалистік тергеу жағдайы деп аталады, яғни сол жағдайда тергеуші әрекет жасайтын объективтік нактылық болып табылады.