СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ІС ЖҮРГІЗУ МӘРТЕБЕСІ

  1. Сот сараптамасын қолдану, пайдалану әдістері.

Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызыметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады (заңда көрсетілген – сот сараптамасы органдарынан тыс деген тұжырымға сәйкес).

Қазақстан Републикасының “Сот сараптамасы туралы” Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функциялары  жүктелген мемлекеттік мекемелер  сот сараптама органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот сараптама органдарының толық тізбесі аталған заңның 4-бабында көрсетілген. Оларға:

  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардыфң мамандандырылған бөлімшелері жатады.

Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудің  іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 245-бабында сараптамамен, ұйымдастырушылық – ведомстволық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен,  нұсқаулықтармен) реттеледі. Әділет министрлігінің сот сараптама органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Әдіәлет министрінің 2002 жылғы 24 қазандағы №158 бұйрығымен бекітілген   Қазақстан Республикасы Әдіәлет министрінің Сот сараптамасы орталығыныда  сот сараптамаларымен  мамандандырылған зерттеулер жүргізе жөнінде Нұсқаулық қолданылады.

Процесті жүргізуші орган сот сараптамасы органына сараптама жүргізуді  тапсырған кезде оның  оның басшасына сараптама тағайындау  туралы қаулыны және қажетті материалдарды  жолдайды. Сот сараптамасы орпганының басшысы дегеніміз Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медицинасы  орталығының директоры, олардың орыныбасарлары мен Орталықтардың аймақтық  бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған  мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады.

Сот сараптамасы органының  басшысы сараптаманы тағайындау туралы қаулы  мен ұсынылыман материалдарды, егер олар тиесінше рәсімделмеген және бұл сараптама жүргізуге  мүмкндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптамасы  органымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтар болмаса, себептерін көрсете отырып  орындаусыз қайтаруға құқылы.

Сот сараптамсы орталығының бірінші басшысы нақты қылмыстық іс материалдарына, тағайындалатын сараптаманы жүргізудің қиындық дәрежесіне, сондай-ақ өзге де факторларға байланысты кез келген аймақтық бөлімшелердің бірінде сараптама жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Жоғары білікті сарапшылар комиссияның қатысуын қажет ететін  қайталама сараптамалар, негізінде, олрталық немесе ғылыми өндірістік сот сараптамасы зертханалары базасында ұйымдастырылады, сонымен бірге оларды жүргізу үшін Орталықтың аймақтық бөлімшелерінен сарапшылар тартылуы мүмкін.

Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:

  • сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;
  • сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды;
  • сарапшының тәуелсіздіктері принциптерін бүзбай, сарапшылық зерттеудің  толықтығымен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;
  • сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Сараптаманы жүргізу қаулыда көрсетілген сот сараптамасы органының   қызметкеріне тапсырылады. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы  таңдайды және бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.

ҚІЖК-нің 249-бабы 2-бөлігінде және 250-бабы 1-бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы екі не одан да көп сарапшылардан комиссия құрайды. Олардың біріне комиссия қызметін үйлестіру жүктеледі.

Сараптама мерзім алдағы зерттеулердің  қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер  тараптарын ескере отырып белгіленеді. Мысалы, техникалық күрделі  әдістерді пайдалануды көздейтін комиссиялық көп объетілі зерттеулерді жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асырылады, қысқартылған мерзім (3-7 күн) техникалық күрделі зерттеулерді қажет  етпейтін аз мөлшердегі объектілер үшін белгіленеді.

Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен артық мерзім қажет болған жағдайларда,онда сарапшының алдын ала іс материалдарымен  үш күн ішінде  танысқан және оның сараптама жүргізуге  қажетті уақытты бергеннен кейін, аймақтық бөлімше  басшысы нақты  мерзімін белгілейді. Сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы  шешім сараптама тағайындаған органмен келісу және оның келісуі  жазбаша түрде расталуы керек.

Егер сарапшы қосымша материалдар алу қажеттілігі туралы тұжырымға келсе, ол сот сараптама басшысымен келісе отырып, үш не бес күн (көп бъектілі сараптамалар үшін) мерзім ішінде сараптама тағайындаған органнан сұралады. Ерекше жағдайларда, 5 күннен ауысуы мүмкін. Аталған жағдайда өтінішті  жасау күнінен бастап қосымша материалдар немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама алған күнге дейін сараптама жүргіз  тоқтатыла тұрады.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан  сараптама тағайындаған органмен келісе отырып, қаулының сұрақтары  бастапқыда ұсынылған іс материалдары жол беретін  ауқымда шешіледі немесе сараптаманы тағайындау туралы қаулыны  орындаусыз қайтарылады.

Сарапшының қорытындысы екі данада жасалынады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі-сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады.

Сарапшы болып тағайындалған сот сараптамасы органының қызметкері өз атынан  қорытынды шығарады және ол үшін жеке жауап береді. Сондықтанда сарапшыға  зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтін  нұсқаулар беруге  сот сараптамасы органы  басшысының құқығы жоқ. (ҚІЖК-нің 245-бабы 3-б.) алайда, сарапшының қорытындысы немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламасы сараптама тағайындаған  органға тек сот сарапртамасы органының басшысы арқылы жолданады.

 Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат  қоса тіркеледі,  онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің құны, қорытынды  мәтіні мен бейнелі  материалдардың бет саны иуралы мәліметтер болады.

Сарапшының ұсынған қорытындысын оқып-зерттеу кезінде, сот сараптамасы органының басшысы қорытындының жеткілікті түрде негізделмегенін, сараптаманы жүргізу  мен оның  нәтижелерін рәсімдеу кезде әдістемелік және іс жүргізу бұзушылықтарын анықтаған немесе қорытындының дұрыстағына күмән келтірген жағдайларда, ол тиісті өзгертулер енгізу үшін қорытындыны сарапшыға қайтаруға құқылы.

Егер сарапшы өз зерттеулерінің  және оның нәтижелерернің дұрыстығына сенімді болса, сот сараптамасы органының басшысы алғаш зерттеу жүргізген сарапшыны қатыстыра отырып, сараптама жүргізуді сарапшылар комиссиясына тапсырады. ҚІЖК-нің 249-бабы 4-бөлігіне сәйкес комиссиялық сараптама жүргізу барысында сарапшылы комиссияның әрбір мүшесі жеке зерттеулер көлемін жүргізеді, содан соң комиссия  мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп  талдайды және ортақ пікірге келгенде қорытындыға не қорытынды берудің  мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сраапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі  жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның  басқа мүшеленрінің қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы  пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңы медициналық сараптама жүргізудің арнайы тәртібін белгілейді (ҚІЖК-нің 247-бабы).

  1. Сот сараптамасының жүргізуде ғылыми техникалық әдістерін қолдану

Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 246-бабында көрсетлген.

Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, онгы тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейінгі қылмыстық процесті  жүргізуші орган сараптама тапсыруды белгілеп отырған  субъектінің жеке басы мен кәсіптік сапаларын анықтауға міндетті.

Хабардар адамды сарапшы етіп дербес тағайындаған кезде одан бас тартуға негіз болған іс жүргізу сипаттағы кедергілердің жоқтығына сенімді болуы керек.

Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарулған соң  сараптама тапсыру ұйғарылған адам шақырылалы.

Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады.  Хабардар адам сарапшылық  зерттеге арналған материалдарды олардың жеткілікті  туралы мәселені шешу үшін  алдын ала оқып-зерттейді.

Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, ҚІЖК-нің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның қолымен күәландыратын белгі қойылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық іс  бойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесіне  ие болады. Осылайша сарапшы жасаған шағым мен оның өтініші белгіленеді. Сараптама тағайындаған адам сарапшының өтінішін тағайындамау туралы дәлелді қаулы шығарады.

Сараптама тағайындау туралы қаулының көшірмесімен бірге бір мезгілде  сарапшыға зерттеуге арналған қажетті іс материалдары қолхат ала отырып тапсырылады.

Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргзуші орган комиссиялық,  кешенді, қосымша  және қайталама сараптамалар  жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті.

 

  1. Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары

Сараптаманы жүргізу барысында  пролцесті жүргізуші орган және сарапшы өзара әрекеттерді жүзеге асырулары мүмкін, ал бұл нақты іс боыйнша  сот сараптамасының мүмкіндіктерін  кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Сараптама тапсырылған сәттен бастап хабардар адам сараптама тағайындаған органға (адамға) қатысты тәуелсіздік пен өзіндік дербестікті сақтай отырып,   белгілі бір іс жүргізу  өклеттілігіне ие болады.

Алайда, қылмыстық процесті жүргізуші органның  функциясы тек сараптаманы тағайындаумен  және сарапшыға немесе сот сараптамасы  органына материалдарды тапсырумен шектеліп қана қояды ыдеп айтылығандық емес.

Кезінде тергеушінің сот сараптамасын “басқаруы”  туралы тезис шығарылып,  сондай-ақ әдебиеттерде  прокурордың сарапшы қызметіне қадғалау  жүргзу жөнінде де сөз қозғалды.

Алайда, сарапшының үстінен процесті жүргізуші органның басқару рөлі мен бақылау функциялары туралы айтлары туралы айтуға бола ма, гегер болса ол неден көрінеді? Принципті түрде мұндай бақылаудың  тек екі аспектісі – іс жүргізу және әдістемелікті айтуға болады.

Сарапшыға сараптама тағайындау органның іс жүргізу бақылау тралы мәселе оң шешіледі. Қылмыстық процесті  жүргізуші органның  белсенді рөлі іс жүргізу  ережелерінен көрінеді,  тергеу тактикасымен  сот ісін жүргізу мақсаттарымен анықталады. Сот сараптамасы – процесті жүргізуші органның бір жағынан, сарапшының екінші  жағынан суретке асыратын іс жүргізу әрекеті. Сараптаманы тағайындау фактісі, сарапшыны таңдау, сарапшы тапсырмасының көлемі, зерттеуге ұсынылатын материалдар процесті жүргізуші органға  байланысты болады.

Бірқатар ТМД елдерінің ҚІЖК-не сәйкес тергеуші сараптамаға құқылы, бұл оған зерттеу барысында   тікелей бақылау жасаға мүмкіндік береді. Тергеушінің сараптама тағайындалғаннан соң да сарапшы тапсырмасын түзету, сондай-ақ араптамангы жүргізуді толығымен немесе ішінара тоқтату құқығы сақталған. Тергеуші дер кезінде қосымша материалдарды ұсыну  қажеттілігін, жаңа дәлелдерді жинау қажеттілігін анықтайды, жаңа дәлелдерді анықтауды белгілеуді, сарапшы қорытындысын бағалауда пайдалы ақпаратты алады.

Алайда, сарапшы зерттеу әдістемесін таңдауда, жүргізілген зерттеулердің  нәтижелерін сарапшылық бағалауда ерікті.

Әдебиеттерде сараптама жүргізу кезінде процесті жүргізуші органның   белсенділігін көтеру бағытталған негізгі ұсыныстар бар: сарапшының пайдалануына әдістер, техникалық құралдар ұсынылуы мүмкін, алайда  бұлар ұсыныстық сипатта болып, оларды сарапшы өзінің қалауымен пайдаланады.

Қазақстан Республикасыныңы іс жүргізу заңында, ҚІЖК-нің 244-бабы 1-бөлігінің 5) тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда (яғни, бір мезгілде сезіктімен, айыпталушымен не жәбірленушімен бірге), сараптама тағайындаған органмен сараптама жүргізу кезінде қатысу құқығы көрініс таппаған.

Алайда, кез келген процесті жүргізуші орган іс бойынша әрбір іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы бола отырып, әрине, мұндай құқыққа ие болады. Сараптама жүргізу кезінде оның қатысуы сараптама  тақырыбына қатысты қосымша мәселелер қоюға, қосымша материалдар ұсынуға  жәрдемін тигізуі, ал оларды ұсынудың қажеттілігі  мен мүмкіндігі сараптаманы жүргізу барысында анықталуы мүмкін.

Егер процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде өзінің  қатысуын қажет деп тапса, онда ол бұл жөнінде  сарапшыға хабарлауы тиіс.  Сарапшы сараптама жүргізудің орны мен уақытын хабарплайды.

Процесті жүргізуші орган барлық сарапшылық  зерттеуді жүргізу кезінде де, сондай-ақ оның жеке кезендеріне қатысуға құқылы. Алайда, ол сарапшының қорытынды шығару кезінде (қорытыныды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама), ал комиссиялық немесе кешенді  сараптама жүргізу жағдайында, зерттеу қорытындыларын талқылауға қатысуға құқысы жоқ.

Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемелік  сипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік болған жағдайларда,  соңғысының қарамағында іс жүргізу құралдары болады, оларды сарапшының қорытындысын алғаннан және бағалағаннан кейін пайдаланылуы мүмкін, олар – сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайтылыма  сараптама тағайындау, құзіретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!