Сандық белгілер белгіленген проекцияларда сыртқы бет кескіні

Сандық проекциялары бар проекцияда кез келген геометриялық бет нүктелері мен қырларының немесе ерекше сызықтарының проекцияларымен анықталады. Көпжақтар төбелерінің және қырларының проекцияларымен беріледі.

Халық шаруашылығында топографиялық беттің жазық кескіні – арнаулы карталар пайдаланылады. Топографиялық карта бойынша мұнай, су құбырлары, электр желілері,темір жолдар мен тас жолдар, түрлі құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Топографиялық бетті шартты түрде горизонталь жазықтықтармен қиып, қиылысу сызықтарын кескіндейді. Қиылысу сызықтарын горизонтальдар деп атайды.

Топографиялық бетте жататын сандық белгілері бар нүктелердің проекциялары берілсін (133, а-сурет). Сызба топографиялық беттің бейнесін анықтайды. Бірақ бұл сызбаны пайдалану тиімсіз. Қарастырылатын беттің көрсеткіштерініңөзгеруі қиын оқылады. Сандық белгісі ең үлкен нүктені (26) өзімен жақын нүктелермен кесінділер арқылы жалғастырайық. Сонда қарапайым көпжақты бет шығады (133, ә-сурет). Топографиялық бет көпжақты бет арқылы жуықтап кескінделеді, яғни көпжақты бетпен алмастырылады (аппроксимацияланады). Әр кесіндінің бойынан сандық белгілерібірдей нүктелерді межелеп, өзара қосқанда сынық сызық шығады (133, б-сурет). Сынық сызықтарды біртіндеп қисық сызыққа келтіргенде горизонтальдар арқылы топографикалық бет анықталады (133, в -сурет).

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!