Сандық белгілер белгіленген проекциялар. Әдіс ерекшеліктері

Табиғатбайлығынигеруүшіналдыналажоспарпаумензерттеулержүргізіледі. Кенорныныңқұрылымын , жерқойнауындағыпайдалықазбалылардыңпішінімен өлшемдерінанықтау, құрылыссалужәнесуландыружұмыстарыгеологиялық , гео-дезиялықбарлауларнақтыөлшеулерменгеометрияпықсалуларнәтижесінде жүргізіледі. Жербетібедері(рельф)өтекүрделіжәнеоныңөзгеруідеәртүрліболады.

Соныменқосабеттіңжасалуының қандайдаболмасынзаңдылығыжоқ, яғнижербедерінің бейнесіжалпыламатүрдетүсіндіріледі . Пішіндерінебайланыстытау , жота, сай, қазан-шұңқыр т.с.с.болыпбөлінеді.

Құрылыс және маркшейдерлік сызбаларда жер бедері құрылысын кескіндеу үшін екі проекцияны пайдалану қолайсыз, себебі кескінделген тұлғаның көрнекілігі сызбаларға қойылатын кейбір талаптарды қанағаттандыра алмайды. Сондықтан арнайы кескіндер – сандық белгілері бар проекциялар қолданылады.

Проекциясынан кеңістіктегі сол нәрсенің өзіне (анықтаушыларына) дейінгі қашықтығы санмен көрсетіліп, тік бұрыштап проекциялау әдісімен салынған кескінді сандық белгілері бар проекциялар деп атайды. Сандық белгілері бар проекциялар, тік бұрыштап проекциялаудың ерекше жағдайы.

Нүктенің проекциялары.

Кеңістікте горизонталь Н жазықтығы берілген (119, а -сурет). Нөлдік деңгей жазықтығы деп аталатын осы горизонталь орналасқан проекциялар жазықтығына

А, В және С нүктелерін проекциялайық. Жазықтықтағы бір проекциясы бойынша кеңістіктегі нүктенің орны анықталмайды. Сызба қайтымды болуы үшін нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық белгілі болуы керек. Сондықтан проекцияларды белгілегенде әр проекцияның таңбасының жанына нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық (метрмен өлшенеді) көрсетіледі. Нөлдік деңгей жазықтығынан жоғары орналасқан нүктелердің сандық белгілерінің алдына таңба қойылмайды, таңбалары оң деп есептеледі. Ал жазықтықтан төмен орналасқан нүктелердің сандық белгілерінің алдына- (минус) таңбасы қойылады. Нөлдік деңгей жазықтығында жататын нүктелердің сандық белгілері нөлге тең.

Нөлдік деңгей жазықтығын сызба жазықтығымен беттестіргенде шығатын кескінді план деп атайды (119, ә-сурет). Планда сызықтық масштаб көрсетіледі. Сызықтық масштаб – ұзындық шамасын білдіретін, тең бөліктерге бөлінген түзу сызық. Сызықтың әр бөлігі масштаб бірлігіне тең болады. Ал масштаб бірлігі санмен өрнектеледі. Кеңістіктегі нүктенің орнын анықтау үшін проекциясынан сол нүктенің өзіне дейінгі қашықтықты масштаб бірлігімен өлшейді. Пландағы сандық белгісі бар проекциясы бойынша кеңістіктегі нүктенің орны толық анықталады.Түзудің проекциялары.

Планда түзуді сандық белгісі бар екі нүктесімен кескіндейді. Түзу кесіндісінің сызбасын салу үшін, кесіндіні өзара паралель горизонталь жазықтықтармен қияды да түзумен қиылысу нүктелерін(3,4,5,6,7) проекциялайды (120 — сурет). Қиюшы горизонтвль жазықтықтардың ара қашықтықтары өзара тең (әдетте 1 м деп есептеледі). Сонда (34), (45), (56), (67) кесінділері өзара тең болады. Осы кесінділердің проекциялары да өзара тең болып шығады. Кесіндінің проекциясының ұзындығы – кесінді табаны (заложение) , ал түзудің бір өлшем бірлікке тең бөлігінің проециясының шамасы дере (интервал) деп аталады.

Сандық белгілері бар проекцияда екі түзудің өзара қалай орналасқанын қосымша проекция жазықтығын пайдаланбай –ақ анықтауға болады. Ол үшін төмендегі ережелерді білу керек.

  1. Егер проекциялары өзара паралель, дерелері тең және сандық белгілері бір бағытта өсіп (кеміп) отырса, мұндай түзулер кеңістікте паралель болады (123, а- сурет).
  2. Планда екі түзудің қиылысу нүктелерінің сандық белгілері бірдей болса, қиылысушы түзулер болады (123, ә-сурет).
  3. Егер сандық белгілері жоғарыдағы толаптарды қанағаттандыра алмаса, онда айқас түзуоер болады (123, б,в — суреттер).

Жазықтықтың проекциялары.

Сандық белгілері бар проекцияларда жазықтықты былайша кескіндейді:

  1. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте арқылы.
  2. Өзара паралель түзулермен.
  3. Қиылысушы түзулермен.
  4. Түзу және жазықтықтың көлбеулік шамасы арқылы.
  5. Жазықтықтың көлбеулік масштабымен.
  6. Жазық фигурамен.

Жазықтықтың горизонталь бағытын, жазықтықтың созылу бағыты деп атайды. Созылу бағытына горизонтальдың оң бағыты қабылданған, яғни жазықтықтың көтерілу бағытымен қарағанда оңға қарай деп есептеледі. Ал басты меридиан мен созылу бағытының арасындағы бұрыш β0жазықтықтың созылу бұрышы деп аталады. Жазықтықтың созылу бұрышын, сағат тілінің бағыты мен солтүстік меридианнан бастап созылу бағытына дейінгі бұрышпен өлшейді.

Ең үлкен көлбеу сызығы мен горизонталь проекция жазықтығының арасындағы бұрыш, жазықтықтың көлбеу бұрышы деп аталады.

Кесінді табанындағы айырымы бірге тең биіктік өлшемдерінің проекцияларын анықтап, белгілеуді межелеу (градуирование) деп атайды.