Құндылық бағдардың қалыптасуы

Демократия мен жариялық ұлттық мемлекеттік дербестігі өмір шендік сипат алған қазіргі кезде өзіміздің ұлттық психиологияға оның ішінде бастауыш сынып оқушылардың құндылық бағдарларының белгілі себептері мен танымдық әрекеттерінің негізі басты мақсаттарға ерекшеліктердің бірі. Жүргізілген бізге таныс зерттеулердің барлығы Ресейлік және шет елдік халықтарға бағытталады. Ол біздің егемендік алған елімізде Қазақстанның негізгі халықтары қазақтардың өзіндік түпкілікті ерекшкеліктерін анықтауда толық мәлімет бермейді. Сол себепті психологияның ғылыми методологиялық негіздеріне сүйене отырып өз ұлтымызды танып білу қажеттілігі туып отыр.

Қазақстанда көптеген ұлттар өмір сүреді. Олардың арасында тілі мен әдет-ғұрыптары жағынан бір-біріне өте жақын ұлттар кездеседі. Дегенмен олар бір-бірінен тілімен, әдет-ғұрыптарымен, мәдениетімен, ұлттық психологиялық ерекшеліктерімен дараланады. Міне, осындай ерекшеліктер жеке топтардың арасында да кездеседі. Қазақтардың тұрмыс-салт ерекшеліктеріне байланысты құндылық бағдарын зерттеу әлеуметтік психологияда – 1) субъектінің қоршаған шындық дүниені идеологиялық, саясаттық, моральдық, эстетикалық және басқа да негізде бағалауы және бағдар алу, бейімделуі; 2)индивидтің объектілерді олардың маңыздылығына байланысты жіктеу тәсілі негізделеді.

Құндылық бағдар- ( француз тілінен orientation ) — 1) субъектінің қоршаған шындық дүниені идеологиялық және онда бағдар алуы, бейімделуі; 2) индивидтің объектілерді олардың маңыздылығына жіктеу тәсілі. Құндылықбағдар әлеуметтік тәжірибені меңгеруде және мақсаттарда, мұрат — армандарда, сенімдерде, қызығушылықтарда және жеке адамдардың басқа да көріністерінде байқалады. Адамның іс — әрекет құрылысында құндылық бағдар оның танымдық және еріктік жақтарымен тығыз байланысты.

Құндылық бағдар жүйесі оның шындық дүниеге қатынасының мазмұндық жағын қалыптастырады. Адамдардың топтағы қарым – қатынасын анықтайтын біріккен іс — әрекет процесінде топтың құндылық бағдары қалыптасады. Топ мүшелерінің маңызды құндылық бағдарының дәл келуі, оның ұйымшылдылығын қамтамасыз етеді.

Құндылық -философияда, социологияда объектілерді, құбылыстарды, олардың қасиеттерін белгілеу үшін, сондай – ақ дерексіз ойлар, өзінде қоғамдық мұрат – армандарды жинаған және осыған байланысты міндеттілік үлгі ретінде көрінетін түсініктер. Құндылықтыңсанаға және іс — әрекетке байланысты объективті және трансценденттік түрін мойындап, маркстік философия құндылықты әлеуметтік топтардың және қауымдардың субъектінің бірыңғай жиынтығы ретінде көрінетін тұтас адамзат өмір іс — әрекетінің өнімі ретінде қарастырады. Құндылықтың пайда болуының үш түрі туралы айтуға болады. Біріншіден, құндылық қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы міндеттілік атрибуты туралы дерексіз көріністердің болуы, қоғамдық санада қалыптасқан, қоғамдық арман – мұрат ретінде .

Мұндай құндылықтар жалпы адамзаттың, мәңгіліктік (шындық, әсемдік, әділдік ) , сондай – ақ нақты тарихы ( патриархат, теңдік, жариялылық ) болуы да мүмкін. Екіншіден, құндылық объективтендірілген түрде қоғамдық құндылық арман — мұраттардыңнақтызаттықкөріністеріболыптабылатын ( этикалық, эстетикалық, саясаттық, заңдық т.б.) , материалдық және рухани мәдениет не адамзаттың әрекет шығармалары түрінде көрінеді. Үшіншіден әлеуметтік құндылықтар және өмір іс — әрекеті арқылы өтіп, оның мінез — құлқыныңмотивациясының бірден – бір қайнар көзі болып табылатын жеке құндылықтар түрінде жеке адамдардың психологиялық құрамына, құрылысына кіреді. Қоғамның рухани мәдениеті және жеке адамның рухани дүниесі арасын, қоғамдық және жекелік болмыс арасын қосатын буын ретіндегі жеке адам құндылықтарының ерекшелік бағыныштылығы, дербестілігі әрбір адамға тән, жеке адамның құндылықтарға жоғарғы саналыққа тән, олар санада құндылық бағдар түрінде бейнеленеді және адамдар арасындағы қарым – қатынасты және индивидтің мінез – құлқын әлеуметтік реттейтін маңызды фактор болып табылады.

Енді әлеуметтік психологиядағы құндылық түсінігін негізге алайық — құндылық бұл — заттар немесе құбылыстардың оң немесе теріс мәнділігін көрсететін түсінік. Құндылық,құндылық қасиеттер заттар мен құбылыстардыңқандай да бір негізі, объективті қасиеттері болып табылмайды. Жеке адамның тәжірибесіндегі құндылық көріністер жүйесінің пайда болуы, қажеттіліктерді ұғыну және оларды қоршаған дүниенің заттарымен салыстыру – бұл құндылық көріністерінің пайда болуының негізгі, алғашқы жолы. Екінші жолы (коммуникациалық) байланыстылық болып табылады, яғни құндылық көріністердіңоқыту,идеологиялық, педагогикалық тәрбиелеу және басқадай ықпал ету арқылыпайда болды .

Құндылық көріністердің негізінде жеке адамдардың құндылық бағдары қалыптасады. Олар өзінде эмоционалдық және рациональдық бірлікті көрсетіп, парасаттылық, сондай – ақ эмоциональдық аспектіде болады. Демек, құндылық бағдарлар құндылық көріністердің негізінде қалыптасқандықтан, онда жеке адам, сол немесе басқа топқоғамдағы әлдеқашан бар құндылық бағдарларды пайдалануына мүмкінділік алады. Сондықтан құндылық бағдар жүйесін қалыптастыру үшін олар арқылы қоғамға жәнекластарға тікелей әсер ету жүреді. Біз білеміз,құндылық бағдар қажеттіліктермен құндылық көріністер арқылы байланысты екенін.

Құндылық бағдар әлеуметтік бағытта, әлеуметтік бағалауда және әлеуметтік қызығушылықта көрінеді. Құндылық жүйесін түсінуге заттар жиынтығы ( еңбек құралдары және тұтыну заттары ) және біржағынан адамның қоғамдық байланыстарын реттейтін қызмет атқаратын , ал екінші жағынан индивидтің өмірін, оның мұрат – арманынжәне теріс императивтарын ұйымдастырып белгілі бір векторда бағыттайтын, яғни оның өмірінің және мінез – құлқының өзіндік мәні негізінде жатқан әлеуметтік маңыздыбасымдылықты қалыптастырудағы ойлар көмектеседі. Дәуірге, мәдениет түрлеріне, әлеуметтік топтарға байланысты, сондай – ақ индивид призма арқылы қоғамның құндылық әсерін қабылдайтын психикалық ерекшеліктер, жеке адамдық құндылық жүйесі өзінің нақты құрылысын қалыптастырады.

Құндылықтар жүйесін Москаленко А.Т. мен Сержантов В.Ф. былай, төмендегідей қарастырған.Құндылық — адамның қажеттілік заты болып табылады. Мұндай зат нәрсе немесе идея болуы мүмкін, өйткені құндылықтар материалдық және руханиболып бөлінеді. Материалдық құндылықтар құралдары және тәсілдері, тікелей тұтынудағы нәрселер. Рухани құндылықтар -саяси, зандық, имандылық, эстетикалық, философиялық, және діни идеялар мазмұны. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің – материалдық және рухани өнімі болып табылады. Сонымен құндылықтар қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін керек және өндіріс өнімі болыптабылатындықтан, олардың өмірдегі адамдардың өзара әсерін жанамалайды, дерексіз, құндылықтар жанамаланбаған адамдар байланысы болмайды. Адамдардың алға басуы өткениет дамуы құндылықтар дүниесінің күннен күнге өсуін құру және жіктелуін адамдар арасындағы құндылық байланыстардың күрделене түсуін көрсетеді. Барлық құндылықтарекі қасиеттермен-функциональдық мән жәнеөзіндік мағына, яғни оның адам қажеттіліктерінеқатынасымен сипатталады. Құндылықтар мәні қоғамдық маңызды қасиеттер жиынтығы, оларды осы қоғамдақұнды қылатын зат немесеидеал функциясы болып табылады. Материалдық құндылықтар ең алдымен әр түрлі табиғи материалдар белгілі бір функциялық қасиеттері баркең мағынада алғанда (физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттер т.б. ) көрсетеді. Қандай да бір матириалдық субстанция құндылық болады, егер одан белгілі бір техникалық жабдық жасалынса.

Рухани құндылықтар өзінің табиғаты жағынан ең алдымен ақпараттыңмазалауы және ақиқаттық қатынас пен сипатталады. Саясаттық, заңдық, әдептік және басқа көзқарастар ақиқат немесе жалған болуы мүмкін мысалы, діни көзқарастар, бірақ олар құнды бола береді, құндылықтың тәрбиелік мәні де болады. Аксиологиялық (құндылықтың ) түсініктер аймағында материалдық және рухани құндылықтар класына кіруі мүмкін жекелеген құндылықтар ғана тән емес.

Олардың қатарына өмір мағынасы бостандық, өмір құндылығы, кіреді. Бұл жерде біз өмір құндылығына тоқтала кетейік.

Өмір құндылығы туралы қазіргі кездегі әр түрлі көзқарастарды талдай отырып оларды келесідей топтауға болады.

1)Өмір құндылығы өзі үшінгі өмірде емес, қоғам үшінгі өмірде қорытындылады, яғни өмір құндылығы дәрежесі қоғамның даму қызығушылықтарына индивидтің (тұлғаның) өмір іс-әрекетіне сәйкес келу дәрежесімен анықталады.

2) «Жекелеген өмір» инстингтивтіқұндылық ретінде санасыз көрінеді, ал құндылық ретінде ойсыз, бірақ одан көп дәрежеде өзіндік санада көрінеді.

3) Өмір құндылық өмір мәнімен түсіндіріледі, яғни өмір құнды егер оның мәні болса.

4) Адам және адамзат, сонымен бірге олардың өмірі жоғарғы құндылық болып табылады, өйткені олар космостың дамудың шыны.

5) Адамның уақыты және көзқарасы өзіне деген өмірді бағалауға және онда мағына іздеуге әсер етті.

Көрсетілген көзқарастар өмірді құндылық объект ретінде бағалау позициясын индивид өзі сондай – ақ сол индивидттер өмір сүретін қоғамда ала алады деп көрсетеді. Құндылық және құндылық бағдар туралы отандық психологтар көптеген көзқарастар айтып, зерттеулер жүргізілген, ал Қазақстанда мұндай зерттеулер (оның ішінде құндылық бағдар) аз жүргізілген. Мұндай зерттеулер әлі де болсакөп зерттелсе екен.