Жазық айна сәулесі

Нәрсежазықтығындажатқанжазықфигураныңперспективасынсалудықарастырайық. (142 — сурет) Фигураныңболашаққұрылыстыңпланыдепесептейік . Жобалаушыболашаққұрылыстыңөзіндікерекшелігінкөрсететіндейетіп көру нүктесі менбейне жазықтығын орналастырады.Фигураның ішке қарай кіріп бұрыш жасай орналасқан бөлігі перспективада көрінетіндей болсын. Көру нүктесінің табаны ( тұру нүктесі ) арқылы берілген фигураны қамтып өтетін түзулер жүргіземіз.Осы түзулердің арасындағы бұрыш шамамен180 – 530болуы керек. Тік бұрышты проекциясы бойынша перспективасын саламыз.

Перспективалық проекцияны салу үшін тік бұрышты проекциясында дайындық жұмыстарын жасаймыз. Бейне жазықтығын тағайындап, табанын жүргіземіз. Көру нүктесінен бейнеге перпендикуляр жүргізіп бас нүктені белгілейміз.

Тұру нүктесінен фигураның төбелері арқылы түзулер жүргіземіз. Түзулердің бейне табанымен қиылысу нүктелерін белгілейміз. 1, 2, …6. Бұл нүктелер фигураның төбелері арқылы өткен сәулелік жазықтықтардың бейне табаныменқиылысу нүктелері. Фигураның қабырғалары өзара паралель түзулер. Олар екі бағытта орналасқан. Осы түзулердің бейнелік іздерін тауып белгілейміз (7, 8,9 және 10, 11, 12).

Тұру нүктесі арқылы, фигураның қабырғаларына паралель түзулер жүргізіп, түзулердің тоғысу нүктелерін табамыз (Ғ, Ғ1 ).

Перспективалық проекцияларды салуға қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп болды. Енді бейненің табаны мен көкжиек сызығын жүргізейік. Көкжиек сызығына түзулердің тоғысу нүктесі мен бас нүктені саламыз. Бейне табанына түзулердің бейнелік іздерін және сәулелік жазықтықтардың бейне табаныменқиылысу нүктелерін өлшеп салып бейнелейміз. (Өлшемдер тік бұрышты проекциясынан алынады )

AB, EL, CD түзулерінің тоғысу нүктесі Ғ, сондықтан осы түзулердің бейнелік іздерінен Ғ – ке дейін түзулер жүргіземіз.Сол сияқты AL, ED, BC түзулерінің бейнелік іздерін Ғ1 тоғысу нүктесімен қосамыз.

Фигураның төбелері арқылы өтетін сәулелік жазықтықтардың бейне жазықтығымен қиылысу түзулерін жүргіземіз. Олар 1, 2, …6 нүктелерінен бейне табанына тұрғызылған перпендикулярлар. Енді түзулердің проекцияларының бойынан нүктелердің проекцияларын табамыз. Ретімен табылған нүктелерді түзу кесінділерімен қосқанда берілген жазық фигураның перспективасы шығады.