Бастауыш мектептеп оқу әдістері

Оқу әдістері (методы обучения) -1. Көзделген оқу мақсатын іске асыруға бағышталған мұғалім мен оқушы арасындағы реттестірілген кәсіби педагогикалық қатынас-байланыс әрекеттері. 2. Сауат ашу, білім игеру жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Оқу тәсілдері (приемы обучения) — әдістің құрамдас эле-менті, әдісті іске асырудағы жеке қадам, бір міндеттік оқу әрекеті. •

Оқу құрал-жабдықтары (средства обучения) — 1. Әрқилы әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек және т.б.). 2. Оқу үдерісінде қолданылатын материалдық және рухани дүние (көрнекі құралдар, тарихи, көркем және ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, сурет және ән-күй өнер туындылары, техникалық оқу құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.).

Әдістер қызметі (функции методов) — 1. Сауат ашу, білім игерту (обучающая). 2. Ынталандыру — еліктіру (мотивацион-ная). 3. Дамыту (развивающая). 4. Тәрбиелеу (воспитатель-ная). 5. ұйымдастыру (организационная).

Оқу танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері: 1) Ауызша айтып беру (словесные); 2) көрнекілік (наглядные) және іс-әрекеттік; 3) қайта жаңғырту (репродуктивные) және мәселелі ізденіс; 4) индуктивті және дедуктивті.

Оқу танымдық іс-әрекеттерге ынталандыру (стимулиро-вание) және еліктіру әдістері; 1) танымдық ойындар; 2) оқу пікір-таластар (дискуссии) және т.б.

Оқу барысындағы бақылау (контроль) әдістері: 1) ауыз-ша; 2) жазбаша; 3) зертханалық (лабораторный); 4) өзіндік бақылау (самоконтроль).

Оқу үдерісіндегі жалпы әдістер жүйесі:

сана қалыптастыру әдістері — әңгімелеу (рассказ), түсіндірух (объяснение), сұхбат (беседа), дәрісбаян (лекция), пікір-талас (дискуссии), кітаппен жұмыс, үлгі-өнеге.

оқу іс-өрекеттерін ұйымдастыружәне қоғамдық қажет қылық-әрекет қалыптастыру әдістері — жаттықтыру (упраж-нение), дагдыландыру (приучение), оқу-тәрбиелік жағдайлар (ситуации) түзу педагогикалық талап, нұсқау (инструк-таж), кернекілеу (иллюстрация), көрсету (демонстрация), зертханалықжұмыстар, қайта жаңгырту (репродуктивные), мәселелі ізденіс, индуктивті, дедуктивті.

ынталандыру және еліктіру әдістері — жарыс, танымдық ойындар, пікір-таластар, сезімдік әсер ету мадақтау жазалау және т.б.

бақылау әдістері — арнайы оқу-білім деңгейін нақтамалау (диагностирование), ауызша және жазба сау-алнама (опрос), тексеріс және зертханалық жұмыстар, ком-пьютерлік бақылау езіндік тексерістер және т.б.

әңгімелеп беру (рассказ) сипаттама не баяндау фор-масында берілетін деректі материалдың бірізді ұсынылуы.

Сұхбат (беседа) — оқу-тәрбие үдерісінің барша кезеңдерінде қолданылатын оқушы мен педагог арасында сұрақ-жауап фор-масында өтетін белсенді іс-әрекет байланысы.

Түсіндіру (объяснение) — қандай да тұжырымдардың (заң, принцип, ереже және т.б.) анық та нық игерілуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын дидактикалық әрекет.

Дәрісбаян (лекция) — ғылыми танымы мол, теориялық қорытуларға бағышталған көлемді материалдарды ұсыну үшін қолданылатын әдіс.

Оқу пікір-таластары, сөз-жарыс (дискуссии, диспуты) — оқушылардың танымдық әрі әлеуметтік белсенділігін кетеру үшін қолданылатын әдіс түрі.

Жаттығу әдістері — материалды игеру немесе игерілген-ді жетілдіре түсу үшін жоспарлы ұйымдастырылған арнайы қайталауәрекеттері, әдістікжаттығулартүрі: 1)ауызекіжаттығу — тіл мәдениеті мен қисынды ойлау, оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамыту; 2) жазба жаттығулар — стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығарма, кон-спекттер және т.б.; 3) зертхана — тәжірибелік жаттығулар -құрал-жабдықтарды қолдану ептіліктерін дамыту үшін қажет; 4) өндіріс — еңбектік жаттығулар — оқу нө өндірістік сипаттағы арнайы дайындалған еңбектік әрекеттер жүйесі.

Дидактикалық ойын — шындыққа жанасқандай ар-найы ұйымдастырылған, шешімі табылуы қажет оқу, таным мәселелерімен байланысты жағдайлар (ситуации).

Түсіндірме-кернекі (объяснитөльно-иллюстративный) әдіс — әртүрлі жолдармен мұғалім дайын ақпараттарды ұсынады, ал оқушылар сол мәліметтерді қабылдайды, түсінеді, есінде қалдырады.

Қайта жаңғырту (репродуктивный) өдістемесі — мұғалім тапсырысы бойынша іс-әрекеттәсілі қайта тіктеліп, қолданымға түседі.

Мәселелі баяндау (изложение) әдісі — мұғалім өзіне-езі мәселе белгілей отырып, оны шешіп барады; оқушылар мұғалім әрекетінөн мәселенің шешілу қисынын, жолдары мен тәсілдерін байқастыра, материалды игереді.

Эвристикалық (шығармашыл) әдіс — оқытушы тапсыр-ма құрастырады, оны шешілуі тиіс майда беліктерге жіктейді, оқушылар осы бөліктерді, мәселелерді ез бетінше қадамдап шешумен, бүтін материалдың мән мағынасын топшылайды, қорытындылайды.

Оқу әдістерін таңдау себептері: 1) әдістерге орайлас заңдылықтар мен принциптөр; 2) пән, тақырып мазмұны; 3) оқу мақсаты мен міндеттері; 4) шәкірттердің оқу мүмкіндіктері; 5) жалпы жағдайлар мен шарттар; 6) мұғалім мен мектеп мүмкіндіктері.

«Ол (мұғалім) кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы ке-рек,.. егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашу-ланбай, жұмсақ сөйлеу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіру керек, екі ұшты Vастарлысөз,орынсыз терминдерді қолданбау керек».