Сөздердің жазылу емлесі және тыныс белгілердің сөйлемде қойылу тәртібі туралы түсінік беру

  1. Нүкте. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады. Мысалы: Аспанда алақандай бұлт жоқ.

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық,тілек мәнді сөйлемнен кейін нүкте қойылады.Мысалы:Кітабыңды маған бере тұршы.

 Нүктенің қосымша қызметі.

1.Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы:Біржан.Қалғанын мен айтайын,мынау Ыбырай сен,анау жас пері Балуан Шолақ… Анау отырған Ақан сері.

2.Кейіпкерлердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ,автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде нүкте қойылады. Мысалы:Қобыланды.Бақ күшіме бағып көр!(Қылышымен қара тасты қақ бөледі.Зуыл басылады.)

3.Жазуда кісі аттары, газет-журнал атаулары,басқа да сөз тіркестері шартты түрде қысқартылған жағдайда,әрбір әріптен не буыннан кейін нүкте қойылады.Мысалы:М.Әуезов немесе М.Ә.,Ғ.Мұстафин немесе Ғ.Мұст. «Қазақ әдебиеті»-«Қ.Ә.»,тағы басқалар –т.б. т.с.с. -т.т.-т.с.

4.Дәйексөздің,келтірілген мысалдың қайдан екенін,авторын көрсететін сөздер жақшаға алынып,жақша жабылған жерге нүкте қойылады.Мысалы:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (Абай).

Мынадай қысқартылуға нүкте қойылмайды.

1.Бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің немесе буындарының арасына нүкте қойылмайды: Мысалы: ҚазМУ,ҚазҰТУ.

2.Ұзындық,көлем өлшемдерінің және басқаларының қысқартылып қолданатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды:км,м,см,га,л, v(вольт), а(ампер) ,с(цельсий).

Қос нүктенің қойылатын орындары төмендегідей:

1.Жалпылауыш сөзден кейін,бірыңғай мүшелердің алдынан қойылады. Мысалы:Енді үшеуі: қалпақты,қылышы бар,көк шекпенді жат адамдар екен.

2.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін қойылады.Мысалы: Оларды кінәлауға да болмайды:географиялық картада ондай ат жоқ.

3.Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады.Мысалы:Сол 1926 жылы қазақ тарихында зор бір оқиға болды: тұңғыш рет қазақтың ұлт театры ашылды.

4.Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады. Мысалы:Бөлтірік шешен былай деген екен: „Дүниеде азбайтын байлық біреу,

 ол- ақыл”.

Көп нүктенің қойылатын орындары.

1.Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда немесе бір ой екінші оймен мағыналық байланысқа түспей,шашыраңқы айтылғанда, сөйлем соңында көп нүкте қойылады.Мысалы:Маған да ол орысша,қазақша,өзбекше әндер айтқызып рахаттанатын… Сөйтіп жүргенде…оны Нартайға айтқызармыз.

2.Көп нүкте алынған цитатаның не алдынан,не соңынан немесе сөйлем,сөз қалдырылған жерге қойылады.Мысалы:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай…

Ерлердің ісі бітер ме?!

3.Айтылып келе жатқан ойға кенет,тосын, күтпеген немесе өте алшақ жатқан нәрсе қосылып кетсе,оның алдынан көп нүкте қойылады.Мысалы:ХІХ ғасырда қазақтың жалпы халықтың тілін негіз еткен үлгілерге Абай,Ыбырай бастап,қазақ әдебиеті өкілдерінің мұралары,ауыз әдебиеті нұсқалары,шығыс классик әдебиетінің қазақша жырланған үлгілері, баспасөз, оқулықтар, сөздіктер және…християн дінін уағыздайтын миссионерлік әдебиет жатады.

Үтірдің қойылатын орындары төмендегідей:

1.Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде және жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің әрқайсысымен қайталанып айтылғанда,араларына үтір қойылады. Мысалы: Қорықпаймын енді мен аңыздан,желден,бораннан.Шеген -әрі батыл, әрі ақылды кейіпкер.

2.Оңашаланған айқындауыштың алды –артынан қойылады.Мысалы:Сіздер маған өз халқымызды,қазақ халқын,сүюді үйреттіңіздер.

3.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады.Мысалы:Ел болғың келсе,бесігіңді түзе.Ақыл –жастан шығады,Асыл-тастан шығады.

4.Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан үтір,сызықша қойылады.Мысалы: „Білгір кісіні, ақылды, кітапты ұстаз сана”,-депті Шәкәрім.

5.Оқшау сөздер (қаратпа,қыстырма,одағай) сөйлем басында келсе,одан кейін үтір қойылады.Сөйлем ортасында келсе,екі шетіне үтір қойылады.сөйлем соңында келсе,алдынан үтір қойылады.Мысалы:Балам,ертерек кел (қаратпа сөз),әрине, ертең сабақ болады (қыстырма сөз),жүрегім, ойбай,соқпа енді (одағай).

Нүктелі үтірдің қойылатын орындары.

1.Нүктелі үтір санамаланып айтылған,мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына қойылады.Мысалы:Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1.Көне түркі және Орхон-Енесей-Талас кезеңі;

2.Қараханид кезеңі;

3.Орта ғасырлық кезең;

2.Бір күрделі ойдың,шумақтың,сөйлемнің ішінде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына қойылады. Мысалы:

Тастүлек, сайып қырандай,

Ұлдарым елді қорғаған;

Жырым бірге майданға,

Барсын оқтай ойнаған;

Бомбасы жерде жарылса,

Танкісі тауда ойнаған…

1.Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады.Мысалы:Әбен мен Әбді және Мұқа,Дәрмен –төртеуі ер қайратына бекінген күйде қолдарына бір-бір қару ұстай алысты.

2.Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.Мысалы: Өзі әнші,өзі сұлу Байтасқа екеуі де –бірі кәрі,бірі жас бала-қызғана да, тамашалай да қараған еді.

3.Жалғаулықсыз қарсылықты,түсіндірмелі салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қойылады. Мысалы: Үйде шешен,-дауда жоқ.Жастардың білімге құмарлығы соншалық-қолдарынан кітап түспейді.

4.Төл сөз,автор сөзі,диологта сызықша қойылады. Мысалы: „Табалдырықта тұрма,”-деді әжем. „Өркенің өссін десең,-деп толғаған қаз дауысты Қазыбек,кекшіл болма”.-Екі көзің не үшін керек?-Жақсыларды көру үшін.

5.Сан,уақыт кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады.Мысалы:Алматы әуежайынан күнбе-күн Алматы-Қарағанды, Алматы-Ташкент сапарлары бойынша ұшақ қатынап тұрады.

  1. 2. Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғадағы сөзден болғанда бастауыштан кейін қойылатын сызықша орындары.

1.Бастауыш зат есім –баяндауыш зат есім.Мысалы:Бөрік-адамға көрік.

2.Бастауыш сілтеу есімдігі-баяндауыш зат есім.Мысалы:Бұл-үлкен қуаныш.

3.Бастауыш 3-жақ жіктеу есімдігі-баяндауыш зат есім. Мысалы: Ол-әйгілі әнші.

4.Бастауыш заттанған сын есім,сан есім, есімше-баяндауыш зат есім.Мысалы:Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені.

5.Бастауыш тұйық етістік-баяндауыш зат есім.Мысалы:Оқу-білім бұлағы.Алдау –зұлымдық,алдану-ақымақтық.

6.Бастауыш зат есім-баяндауыш тұйық етістік.Мысалы:Менің мақсатым-еліме пайдалы азамат болу.

7.Бастауыш сан есім-баяндауыш сан есім.Мысалы:Бес жерде бес-жиырма бес.

Жақшаның қойылатын орындары төмендегідей:

1.Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол -жөнекей түсіндірген жағдайда қолданылады. Мысалы:Байжан бұрынғы Ақмола облысының Қызылжар (Петропавл)уезіндегі бір ауылда,кедей шаруалы үйде 1917 жылы туды.

2.Белгілі бір цитатаның кімнен алынғанын білдіру үшін,соңында тұрған оның аты жақшаға алынып жазылады.Мысалы:Ақыл сенбей,сенбеңіз,

 Бір іске кез келсеңіз. (Абай).

3.Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынып жазылады.Мысалы:Төлеген:Осы жол тірі әкелуге серт етемін,жолдас генерал!Панфилов: Бар. (Бұлар кетеді,телефон сылдырлайды.)

4.Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз,талас,күдікті болса,сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау белгісі,леп белгісі жақшаға алынады.Мысалы:Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып,сан жағын ғана сақтаған:ломберный стол-төрт таған стол (?),салфетка-орамал (?)…

Леп белгісінің қойылатын орындары.

1.Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады.Мысалы:Шіркін,айтушы мен болғанда,ұқтырушым сен болсайшы, Абай!

2.Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру,өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерден соң қойылады. Мысалы: Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз мынау бассыздықты!

3.Ұранды сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы: Біз, қазақ,ежелден еркіндік аңсаған!

4.Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа,одағай сөздер мен «жоқ», «ия» деген сөздерден кейін қойылады. Мысалы: Тоғжан! Япырмай, жақсы айттыңыз-ау! Жоқ! Бармаймын.

5.Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін леп белгісі қойылуы мүмкін.Мысалы: «Иегі ителгінің тамағындай» деп қызықтырған,асықтырған қалыңдық! Ділда!Мұның жары!

6.Сәлемдескенде айтылатын,ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.Мысалы:-Есенсіз бе!-деді Асқар Айбалаға келіп.

Сұрау белгісінің қойылатын орындары.

1.Сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Мысалы:Сен биыл ондасын ба?Мал –жан аман ба? Асқар сөзіне жұрт сенбесе ше?

2.Сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін қойылады.Мысалы:Жел ме?Аттың жал құйрығы ма?Жылан ба?Әйтеуір бірдемелер ысылдайды.

3.Сұрау белгісі кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз,неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін қойылады,мұндайда ол сол сөзден кейін жақшаға алынады.Мысалы:Еңбек –кеме,матрос-мен кемеде,оны сүймек сыбаға пешенеме (?)