Бастауыш сынып „Қазақ тілі” оқулығындағы қазақ тілі дыбыстық жүйесіне қатысты тақырыптар

  1. Буын- сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:

1) Бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла,ә-ке,о-рақ,ұ-ран; ат,ер,ін.

2) Екі дыбысты буын: ба-ла, ше-ше,да-ла.

3) Үш дыбысты буын: көз,бас,төс,ұлт,ант.

4) Төрт дыбысты буын: төрт,қант,тарс,жұрт.

Дауысты дыбыстардың жуан,жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында

 дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын сөздің бөлшегі буын деп аталады.ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.

Қазақ тілінде дауысты дауыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буынүш түрге бөлінеді:

  1. Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады немесе дауыстыдан басталып дауыстыға дыбысқа бітеді. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.

2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады.Мысалы: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.

1-буында: ат,ет,от,ант,өрт.т.б.

2-буында: ки-ік,ти-ін т.б.

3-буында: тұң-ғи-ық, а-қи-ық т.б.

4-буында: әдеби-ет, мәдени-ет т.б.

3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ,бал-дыр-ған, бал-мұз-дақ,бір-лес-тік т.б.

Қосымша:

Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар у,й,ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әріпі болады.Мысалы: қа-уын,қа-йық, қо-ңыр т.б.

Қатар келген үш дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады.Ал, үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.

Қазақ тілінде бір даустыдан тұратын буын сөздің басында (а-та),ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.

  1. Сөйлеу процесінде бір дыбыс екінші бір дыбысты,бір буын екінші бір буынды,бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны,бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді,ұқсастыруды,қиюластыруды талап етіп тұрады. Мысалы:Экскурсияға көп оқушы жиналыпты дегенде о дыбысының ықпалымен п дыбысы б-ға айналып тұр.

Сөйтіп,көрші буындардың,дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап,өзара ұқсауы үндестік заңы делінеді.

Сингармонизм – грeктің sun “ бірге”және harmoni“байланысу,үндесу” деген мағынаны білдереді.

Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

Ескерту:

а) қос сөздерге (аман-есен,асты-үсті,асығыс-үсігіс т.б.)

ә) біріккен сөздерде (шекара,баспасөз,көзқарас,кәсіпорын т.б.) осындай сөздерде буын үндестігі сақталмайды.

Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі мысалдан көруге болады:

Қаз-дар,бала-лар,оқушы-лар,өнерші-лер, үй-лер т.б.

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында х,қ,ғ дауыссыздары келсе,қосымшалар үнемі жуан жалғанады. Мысалы, хат,халық,хабар. Қабақ,қысым,ғалым,ғажап т.б.

Соңындаь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және брь,ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Мысалы, сентябрь-ге,октябрь-ге,апрель-ге,роль-дер т.б.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

-мен,-пен,-бен:қалам-мен,ағаш-пен,қағаз-бен;

-паз: әсем-паз,өнер-паз,көркем-паз.

-қор: пәле-қор,

-қой: сән-қой,

-дікі,-нікі,-тікі: Мөлдір-дікі, Мұрат-тікі, Боат-нікі.

-кер: жұмыс-кер, айла-кер.

-кеш: арба-кеш,

-хана: шебер-хана, кітап-хана,

-күнем: пайда-күнем,мас-күнем

Ескерту: Сөз алдынан қосылатын бей, би кірме қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды. Мысалы: Бей-мезгіл, бей-сауат, бей-уақыт,би-шара т.б.

Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:

Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді.Мысалы:

 Араб тілі: кітап,мұғалім,құдірет т.б.

 Орыс тілі: кино,театр,алгебра т.б.

  1. Ассимиляция – латын тілінің assimilato « ұқсату», « ұқсасу» деген мағынаны білдіреді.

Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы екі түрде болуы мүмкін.

Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп толық игеріп, түгелдей еліктіреді.Мысалы,жазса(жасса),сүзсе(сүссе),сөзшең(сөшшең),жұмысшы(жұмышшы) болып айтылады. Мұны тіл білімінде толық ассимиляция деп аталады.

Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей,бір жақты ғана игереді, яғни ұяң дыбыс болса,өзіндей ұяң дыбысты, қатаң дыбыс болса,өзіндей қатаң дыбыс болуын қалап тұрады. Мысалы,қаз-ға,тас-қа,қыз-дар. Сондай-ақ, бұл құбылыс сөз тіркестерінде де байқалады. Мысалы: ақ бала (ақ пала), ақ ешкі (ағ ешкі). Біріккен сөздерде шекара (шегара), жанқалта (жаңғалта) болып айтылады. Мұндай құбылыс жартылай ассимиляция деп аталады.

  1. Сөздің соңғы дыбысының қосымшаның басқы дыбысына немесе қосымшаның басқа дыбысының сөздің соңғы дыбысына; яғни, алдыңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуіне, ықпал жасауына қарап (жаз-ғы, жаз-са) дыбыс үндестігін ілгерінді және кейінді ықпал деп екіге бөледі. Тіл білімінде алғашқысын прогрессивтік, соңғысын регрессивтік ассимиляция дейді.