Қазақтілі фонетикасына кіріспе

  1. Фонетика (гректің рһоnеtikos деген дыбыс мағынасынан шыққан). тіл дыбыстарын зерттейді.Оның негізгі обьектісі -тіл дыбыстары. Фонетикадыбыс атауының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғанасөз етеді. Мыс: жол,жел, тас, жас, қас,сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, еж, қ, дыбыстары сөз мағынасын ажыратушы қызметін атқарып тұр.Дыбыс-сөздің ең кішкене бөлігі.Дыбысты айтады және естиді.

Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе,кеңірдек,дауыс шымылдығы,тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы, жақ. Дыбыстау мүшелері өкпеден шыққан ауаға кедергі жасау арқылы дыбыс жасайды.Мысалы: «б» дыбысы өкпеден шыққан ауаға екі еріннің кедергі жасауы арқылы жасалады.

Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп-дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді.Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ё,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ь,ы,і,ъ,э,ю,я.

  1. Қазақ жазуында қазірге дейін 2 түрлі әліпби қолданылды.Олар: араб әріптеріне негізделген әліпби (1929 жылға дейін), латын әріптеріне негізделген әліпби (1929-1940 ж.ж.) Қазіргі қолданыстағы әліпби-орыс әріптеріне негізделген әліпби (1940 жылдан бастап).

Қазақ тілінде дыбыс саны-37.Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а). Ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ-жуандық белгілері).

Ескерту: У әрпі (дауысты,дауыссыз) екі әріптің орнына қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.

Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,і,һ.

Қазақ тілінде жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілері, сондай-ақ э,ё,в,ф,ц,ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

Қазақ тіліндегі дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.