Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының көзқарастары

  1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы бұратаналықтарға арналған мектеп ұйымдастыру мәселесіне орыстың озық ойлы қайраткерлері назар аударған. К.Д.Ушинский, Н.А.Корф сияқты ғалым-педагогтар әр халықтың ұлттық тілі мен діліне, дініне берік Ыбырай да қазақ балаларының ана тілін жетік білуіне, ұлттық рухта тәрбие алуына, жаңа заман талабына сай орыс тілін де игеруіне қамқорлық жасап отырды. Ғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі ХІХ ғасырдың жартысында Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды. Ыбырай ол мектептерді Ресей кәсіптік – техникалық мектептерінің үлгілері бойынша жаңа, техникалық кәсіптерімен толықтырып, дамыта түсті. Оларды бүгін еуразиялық үлгідегі кәсіптік мектептер деп атауға да болар еді. Ресми мектептерде қазақ балалары жалпы білім алумен қатар, бұрыннан қазақтарға белгілі былғары мен теріні илеуге, ат әбзелдерін жасауға, ағаш өңдеу және темір ұсталығына, сабын қайнатып, етік тігуге үйретілді.
  2. Қазақ кәсіптік мектебі ұлан-ғайыр даламызда туған мәдениет бесігі болды. Көпғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды.

1920 жылғы 8 қарашада Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар жасау мәселесін жүктеді.

1939 жылы белгілі тіл маманы С.Жиенбаевтың редакциясымен қазақ тілі бағдарламасы басылып шықты. Онан кейін 1940 жылы Ғ.Бегаливтің редакциясымен басылды.

1960-1970 жылдар арасында қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа кезеңге аяқ басты.

Қазақ тілін, грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

Бұл салада Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім Иманбек Ұйықбаев, Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі әдістемесін дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға жан-жақта талдау жасады, оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.

Синтакситі оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілінің бағдарламалары мен оқулықтарын жетілдіру, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді.

1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген әдістемелік еңбектері жарық көрді.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі – Бибігүл Кәтенбаева. Б.Кәтенбаеваның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-84), Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «IV – IX кластарда тіл ұстарту» (1978), «Қазақ тілінен 5 – класқа арналған дидактикалық материал» (1976, 1980, 1983) оқу диафильмдері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!