С.Аманжоловтың тіл біліміне сіңірген еңбегі

  1. 1940 жылдан бастап осы уақытқа дейін құрмалас сөйлем қазақ тіл мамандарының назарын өзіне ерекше аударып келеді.

Соның нәтижесінде құрмалас сөйлем жайында бірнеше құн-ды-құнды ғылми еңбектер жазылды. Бұл еңбектердің әрқайсы-сына өз кезінде әділ баға берілді. Сондықтан да біз олардың бас-басына талдау жасап жатпаймыз. Тек солардың ішінде бір-лі-жарым еңбектердегі кейбір мәселелерге назар аудармақпыз»

Тіліміздегі құрмалас сөйлемді көп зерттегендердің бірі — С. А. Аманжолов, ол— 1939 жылдан күні бүгінге дейін мектепг оқулығының авторы. Мектеп оқулығын жетілдіру арқылы құрған.

С. А. Аманжоловтың 1940 жылы жарияланған «Қазақ тілі гылми синтаксисінің қысқа курсында»  алғаш рет қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисі ғылми тұрғыдан толығы-рақ зерттелінді. Алайда ол еңбектің кемшілігі болмай қалған жоқ.Олжайында С. А. Аманжоловөзі деайтқан болатын,

  1. С. А. Аманжоловтың құрмалас сөйлем синтаксисінің шешілген мәселелерін шешісу жолындағы ең соңғы құнды пікірі 1956 жылы Алматы каласында өтілген түрік тілдеріндегі етістік түрі мен сабақтас сөйлем проблемалары туралы болған коорди-илциялық кеңесте сөйлеген сөзі болып есептелінеді. Мұнда С. А. Аманжолов сабақтас құрмалас сөйлемнің езіндік белгілері мсн оның түрлері жайындағы көп жылғы зерттеу жұмысының. нәтижесін баяндады. Өзінің бұрын-соңды шыққан еңбектеріне шолу жасай отырып, сабақтас құрмалас жайындағы соңғы пікі-рін, кезқарасын ортаға салды.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекше белгілері деп мыналарды атап көрсетті:

«Основные критерии в определении придаточного предложе-ния, …это наличие своеобразного сказуемого, предикативности м особой интонации».

С. А. Аманжолов үйірлі мүшелердің сабақтас құрмаластың компоненті бола алмайтынын, тек жай сөйлемнің күрделі бір мү-шесі болатынын жете дэлелдеді. Соның нәтижесінде Н. Т. Сауранбаев анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар жөніндегі көз-қарасын өзгертіп, оларды үйірлі мүшелі жай сөйлем деп тани-тынын мойындады.