Ғали Бегалиевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

  1. Бегалиев Ғали (1888, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы — 1966, Алматы) – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының кандидаты (1943), доцент. Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902), Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918), Мәскеу педагогикалық ғылыми инмтитутының аспирантурасын (1933) бітірген. Ауыл мектебінде (191012), Орал қаласындағы педагогикалық курста (191822), Ордадағы педагогикалық техникумда (192224) оқытушы, облыстық, республикалық газеттерде тілші, Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, Қазақстан Оқу министрлігінденде нұсқаушы, Тіл және Әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (194662) болды. Бегалиев — 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты.
  2. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі — Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты.
    Бұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.