Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-кординатор (1889-1931)

  1. Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы ,драмматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті , дәулетті атақ-абырой біткен, ел арасында білікті кісілер. Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстінде, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Өзінің 15, 16 жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныптық мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Оны бітіргеннен кейін Жүсіпбек Аймауытов қоғамдық қызметтерге араласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылы Шымкент педагогоаклық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметке араласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт – оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап беру болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды тұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс-тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.
    Автордың 1918 жылы «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды киелі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы –жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескермесі анық.
    Білікті ағылшын философы, әрі педагог Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарақа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындауы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.
    Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігін қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің, сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске алып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды ролін көрсетеді.
    Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады. Өйткені ақылды адам, көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны деген ойды оқу арқылы да ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсиетінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.
    2. Ж. Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы» атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. «Әдет – бір сақтаулы қазына дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.
    Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер талдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдепті қалыптастырудағы психологиясының маңызын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі» пәнінің негізін қалап, оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздерін) қалыптастырған.

Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ғалымның пайымдауларыжеке тұлғаға бағдарлап оқыту, интеграциялық байланысты қолдану, білім алушының ынтасын тудыра оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Бұл синтаксисті оқытуда білім сапасын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Ж. Аймауытов қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға оның әдістемесіне арнап оған жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттық жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жолы ретінде ғалым-жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 3-4 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оағн дауыссыз дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздырып, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді.
1925 жылы жазылған «Ана тілін қалай оқыту керек» атты көлемді мақаласы әдістемелік жағынан құнды. Мұнда зерттеуші ұлт мектептеріндегі ана тілін оқытудың жүйеленген әдісі жоғын тілге тиек ете отырып, әркім өз білгенімен тіл үйретіп, сабақ беріп жүргенін әділ сынға алады. Орыс мектептерінде қолданып жүрген оқыту әдістері жайында мәлімет бере отырып, солардың қазақ мектептеріне қазақ психологиясына қолайлы келетін әдістерін жүйелі қолдану қажеттілігін айтады.
Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына жанрдың шарттарына жазып беретін күрделі шығармалардың бірі – «Қартқожа». 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты. Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті осы басты кейіпкердің ой-пікірі, сана-саңылауы арқылы бейнеленді. Кедей-кепшік, жалғыз-жарым ортадан шыққан бала ес білгеннен мазақ, қорлық, тепкі көріп өседі. Қартқожа хат танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады. Талабы кесіліп, қанаты қырқылады. Әкесі Жұмағалиға суық тиіп, ақыры қайтыс болады.
1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Ж. Аймауытов 1931 жылы атылған. Астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Ж. Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби ғылыми мұра қалдырып үлгереді.
Ол В. Шекспир, В. Гоголь, Л. Н. Толстой, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Шекспир шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды.. Әдебиет, эстетика, сын саласына араласты сан қилы проблемалық мақалалар жазды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!