Саяси психология пәні және концепциялық негіздері

  • Отандықғылымдар жүйесінде саяси психология пәні жаңадан дамып жатқан пән болып табылады. Бұл пәннің қалыптасу процесі бүгінге дейін толық аяқталған жоқ және көптеген мәселелеріқазіргі таңда дискуссиялық пікір-таласқа толы. Сондықтан бұл ғылым зерттелу дәрежесі өте төмен, бірақ сонымен бірге бұл ғылымда зерттеудің оң жақтары да жетерлік. Экспериментальдыпсихологияның негізін салушы В.Вундт саяси психология туралы мынадай деген “ғылыми зерттеулердің жаңа формалары біраз уақыт өмір сүру үшін күресуі қажет, сонымен бұл жаңадан ашылған пәндер уақыт өте үлкен күш-қуатқа ие болады”.
  •  Ғылыми білімнің жаңа саласының қалыптасуында әдістемелік қателіктерді болдырмау үшін- негіздеуші принцитерді басшылыққа алып отыру қажет және оны генезисті, эволюциялық және қазіргі жағдайын зерттеп отыру қажет.
  • Ұлы ойшылдар барлық уақытта әлемдік саясатты жасаушы, негіздеуші саясатшылардың психологиялық мінез-құлқын зерттеуге тырысқан,адамдардың ойын, сезімдерін, “жан қозғалыстарына” үлкен мән берген. Бірақ теориялықмәні саяси психологияның дамуы баяу түрде жүзеге асты.
  • Саяси психология ғылымы саяси және психологиялық ғылымдар жүйесінен алғаш рет ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Қазіргі таңда отандық сакяси психология ғылымы толық қалыптасып бітті деп айту өте қиын, өйткені бұл ғылымның және статусы туралы пікір-таластар қазірге дейін өз жауабын таппаған.
  1. Саяси психологияның тарихы көп еңбектерде жазылмаған. Саяси песихологиялық білімдер қазіргі таңда Е.Б.Шестополдың “Политическая психология” (Учебник для вузов)еңбегінде бұл ғылымның эволюциялық тарихын зерттеген.
  •  Саяси психология ғылымының қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары:
  1. Өткен уақыттардағы ұлы ойшылдардың психологиялық мұрасы ретіндегі- саяси психология. (Конфуций, Лаоцзы, Платон, Аристотель, Сенека, Руссо, Тоббс, Гегель т.б.).
  2. Саяси психология ғылымының қалшыптасуы. ХІХ ғаяғымен ХХ ғасырдың басындағы ұлы психологтардың арнайы зерттеулері: халықтармен нәсідерді, ұлттық мінезді және менталитеттердің зерттеулері, (Г. Лебон, Г. Тард, С. Сиген, Н. Михайловский, В. Вундт, Л. Леви-Брюль, Л.Февр, М. Блон)
  • Саясаттағы және тұлғаның психөологиясын зерттеулері; (В.Вундт, К.Левин, А. Маслоу, Г. Айзенк )
  • Саясаттағы психоанализ (З.Фрейд, А.Адлер,Э.Фройм,Г.Адорно)
  • Саясаттағы биховиористік зерттеушілер. (Г.Лоссвели, Дж. Уотсон, В. Скиннер).
  • Ресейлік саяси- психологиялық зерттеулер (В. Вехтерев, П. Коволевский, Г. Чулков, А. Эткинд).
  1. саяси психология
  1. саяси психология ғылымының және дара ғылыми ілімге айналуы.
    1. ХХғ 60ж -70ж басындағы батыс елдері зерттеушілерінің саяси психология туралы зерттеулері.
    2. ХХғ 70ж-80ж ортасындағы саяси-психологиялық ғылымды фундаментальды және жүйелі зерттеулері.
  2. Саяси психология- интегралды ғылым ретінде.
    1. ХХғ 80ж саяси психология ғылымының жеке дара ғылым ретінде халықаралық психологтардың қалыптасуы.
    2.  Отандық саяси психологияныңқалыптасуы.
    3. Қазіргі таңдағы саяси психологиядағы мектептер және бағыттарының қалыптасу тарихынан.
  1. Саяси психологияның негізі қалануына көптеген ой-пікірлер, ғылыми көзқарастар, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардан тұжырымдамалар қалыптасуға көмектесті. Комунистік идеялардың негізін салушы К.Маркс өзінің “комунистік партияның маниересті” құжатында саяси биліктегі жеке тұлғаның рөлі туралы анық және дәл зерттеулер мен пікірлер көрсеткен.
  •  Француз зқерттеушісі Г. Лебон (1841-1931) өзінің “Халықтар мен көпшіліктің психологиясы” (1899) атты кітабында ол көпшілік халықты иррационалды жоюшы күш ретінде қарастырған.