Әйелдердің наразылығын келтіретін еркектердің әрекеттері

  1. Ер адам байырғы заманнан аңшы, тамақ тапқыш рөлін атқарып келді. Оның әр уақытта біреудің соңына түсіп аңдуына тура келді, сондықтан да осыған байланысты шешім қабылдауға тура келді. Қорытындысында, мақсатқа жету немесе тұрмыстық проблемалары болсын, әртүрлі мәселелерді шешуде еркектерге көмектесетін кеңістікті-визуалды аймағы өте жақсы дамыған. Сондықтан да еркектер өз жетістіктерінің дәрежесін, олардың қорытындысына, жетістіктеріне және қабілеттеріне қарап бағалап, проблеманы шешудің әртүрлі түрлерін ұсынады. Ер адам өз проблемаларын өз бетінше, ешкімнен кеңес сұрамай-ақ шеше алатын қабілеті бар деп ойлайды. Бір ер адам басқадан кеңес сұраған уақытта, ол – қошемет сияқты бағаланады.

Әйел адамның миы қарым-қатынас жасауға бейімделген. Ең негізгісі – сұрақтарға жауап және еш шешім қабылдаусыз, тек әңгімелесу мен қарым-қатынасқа бағытталған.

Әйел өз сезімін, жаңалықтарымен, проблемаларымен бөліскісі келсе, ешқандай жауаппен шешім талап етпейді. Ол үшін тек әңгіменің өзінің ғана маңызы зор. Ал ер адам болса проблемаларды қалай шешу амалдарын айта бастайды, ал бұл жағдай әйелдің ашуына тиеді, сөйтіп, әрқайсысы өздерін ренішті күйде сезінеді.

Еркек әйелге кеңес беру арқылы өзінің оған деген махаббатын, қамқорлығын білдіремін деп есептейді. Ал әйел болса, ер адам оны тыңдағысы келмей, одан қашқақтап отыр, оның сезімін еркек қажет етпей отыр деп ойлайды. Әйел адамға оның кеңесі қажет емес, оған тек ішкі дүниесін ашатын, жанын түсінетін, шерін тарқататын адам керек. Ол еркекке: «Маған кеңес керек емес, тек проблемаларымды саған айтқым келеді. Менің айтқандарымды көңіл қойып тыңдай аласың ба?» Еркектен не қажет екендігін еркектің білуі үшін осының өзі жеткілікті.

Әйел әңгімесін айтып отырғанда еркек бірден одан сұрауына болады: «Сен кеңес сұрап отырсың ба, әлде тек әңгімеңді тыңдағанымды қалайсың ба?»

Егер әйел еркектің тек қана зейін қойып тыңдауын сұраса, өте тамаша: еркек отырады да тыңдайды. Басқа жағдайда ер адам шешім қабылдап, кеңес беруге дайын екендігін білдіруіне болады.

Әйелдер, еркектерден не қажет екендігін тура да ашық айтыңыздар, ал еркектер сіздер әйелдерді зейін қойып тыңдаңыздар.

  1. Байырғы заманнан бері еркектер аңшылықпен айналысқан, осының салдарынан кеңістіктегі бағытқа жауапты мидың кеңістікті аймағы оларды джақсы дамыған. Ер адамдарда бағыт сезімі де өте тамаша жетілген. Тұратын жерінен өте алыстап кетсе де, қайтар жолды тез тауып алатын болған. Еркектер еш уақытта адаспайды – тек басқа белгілеу пункттерін тауып отырған. Егер еркектер бір болған жерлерін тез таба алатын болса, әйелдерде керісінше. Әйелдер әруақытта үймен айналысып отырғандықтан, тұрған жерлерінен алысқа шықпаған. Әйелдер тек төбешіктер мен ғаш немесе үлкен тас, тағы басқа белгілі объектілер арқылы болған жерлерін тауып отыруға үйренген, сондықтан да оларда бағыт сезімінің дамуының қажеті де жоқ еді. Әйел адамға бағытты түсіндіру үшін, еркек оған тек белгілер арқылы түсініктеме бере алған: ағашқа, үйдің түр-түсіне, көшенің аталуына және тағы басқаларға байланысты.

Егер әйел сол уақытта ер адамды сынап немесе кеңес бере бастаса, еркек терең қорланған күйге түседі, жолды таба алмайтын, өмірдегі қажетті маңызды заттарды білмейтіндей сезінеді. Сондықтан да еркек, жолды таба алмайтындығын еш уақытта мойындамайды.

Мәселені шешу. Егер сіз ұрыс-жанжал болмасын десеңіз немесе үйге жаяу қайтпас үшін, белгілі бір пунктке жетуде ер адамға тұрғын жердің дәлме-дәл картасын сатып алып беріңіз немесе оның басқа адамнан сұрап білуі үшін сіз сәл ғана уақытқа салтыу тауып қасынан кетіп қалыңыз.

  1. Жақсы аңшы дағдысының даму қорытындысында еркектерде туннельдік көру жүйесі жақсы қалыптасқан. Бұл жағдай А пунктінен В пунктіне жетудің ең қысқа жолын табуға көмектескен. Дүкенге барғанда да, міне осындай күйде жүрді, яғни ешқайда бұрылмастан, тура барып, тур қайту. Ал, дүкеннің ең керекті зарттарды тауып алу үшін сөрелер арасын ирелеңдеп жүріп қарауға тура келеді. Мұндай қозғалыс ер адамға қиындық түсіреді, өз-өзіне деген сенімінен айрылады, қай бағытқа бұрылса да ойланып шешім қабылдауға әкеліп соғады.

Ал әйелдерде перифериялық көру жақсы дамыған, сондықтан да дүкенде олар жеңіл бағдарлана алады.

Ерлер аңшылықта,түскен олжаларын тез өлтіріп, сол сияқты үйге тез оралады. Дүкенге барғанда да тап осы күйде тез-тез аралап шыққанды қалайды. Ал әйелдер болса, ерте заманда азық-түлікті қалай жинады, яғни асықпай тиянақты қарауға үйренген. Олар ерте кезде әрбір төбешіктерге шығып, күні бойы қай жерде қандай тамаққа жарар азық, жеміс-жидек бар, сараптап, мұқият аралаған. Уақытқа олар еш көңіл бөлмеген. Осындай жиналыстарда олар құрбыларымен жаңалықтармен бөлісіп, әңгімелесуге мүмкіндіктері болған. Бір-бірімен байланыссыз, әртүрлі тақыроыпта әңгіме-дүкен құрған. Жеуге татитындай азық-түлік таба алмаса да олар үйлеріне сондай қанағаттанған күйде оралған. Дүкен аралау, әйелдер үшін күйзелістен құтылудың бір жолы.

Егер ер адам үйге құр алақан оралса, ол өзін жолы болмайтын бейбақ сезінген. Сондықтан да ер адам дүкеннен сіз тапсырған нәрсені әкелмей басқа бірдеңені әкелсе тіптен де таң қалмаңыз. Қазіргі заман зертетулері бойынша, дүкен аралау ер адамдарды күйзеліске түсіреді екен, әрине бұл денсаулыққа өте зиян.

Киім сатып аларда ер адамнан: «Он көйлектің ішінен қайсысын сатып алған дұрыс? Қайсысы сәйкес келеді?» — деп еш уақытта сұрап керек емес. Ер адам ешқашан да бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Еркектің миы салыстыруға дағдыланбаған.

Проблеманы шешу. Егер ер адамды дүкенге жіберсеңіз, не сатып алу керек екеніне анық нұсқау беріңіз. Оның маркасын, тауар мөлшерін, көлемін, түр-түсін, баға диапазонын, бәрін-бәрін «тайға таңба» басқандай етіп және де тек қана бір затты тапсырыңыз. Осындай жағдай ғана тиімді нәтиже береді.