Некеге психологиялық даярлық

  1. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің некеге тұрған кезде өздеріне белгілі өзара адамгершілік міндеттер жүктеп, осы сәттен бастап, олардың бір-бірінің, болашақ балаларының, қоғамның алдында өз отбасын, өз балалары үшін жауапты екенін аңғарту болып саналады.

Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулер бірінші орынды сүйіспеншілік пен мүдде, көзқарас ортақтығы алатыныніс жүзінде көрсетіп отыр. Отбасы құру мәселесін шешуде материалдық мотивпен моральдық мотивтің айқын басым болуы қуантпай қоймайды. Ол біздің өмірмізде жаңа түрдегі отбасының қалыптасып, дамығандығын дәлелдейді. Алайда зерттеулер отбасылық өмірдің тек сүйіспеншілік, жеке бақытпен шектелмейтінін де көрсетіп берді. Оның мінездер қақтығысы мен тұрмыс қиындығынан бастап, бір кезде жас адамдарды біріктірген сүйіспеншілік сезімінің эволюциясынан туындайтын күрделілік тәрізді әр салалы қиындықсыз болуы мүмкін емес. Ресей социологы А.Г.Харчев: «… ерлі-зайыптылық тиісті дәрежедегі берік отбасы болуға жету үшін әдетте сүйіспеншілікпен байланыстырылып келген қасиеттермен ғана емес, сонымен қоса неке жауапкершілігінен туындайтын ауыртпалыққа төзе білу қабілетімен де қарулануы тиіс. Оның үстіне бұл қабілет ғасырлар бойы қалыптасқан жыныстардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің әрбір нақтылы ерлі-зайыптылар жұбында қандай дәрежеде жетілуімен анықталады», — деп дұрыс айтады.

Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Некеге тұрғысы келген кездегі оның некеге деген даярлығы әр дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен талапты өзіңе қою керектігін біліп және өзіңді жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойыңды жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажет.

Алдынан айтып келе жатқандай, болашақ жар, өзінің екінші жартысы туралы армандау мен ойлану, әсіресе қыздарда жиірек және ертерек кездеседі, ал ұлдарда кешірек басталады. Армандаған бейненің кітаптан, фильмнен, суреттен, келбеттің сыртқы белгілері жас қиялды таң қалдыратын бір сәттік кездесулерден келіп шығатыны да сирек емес. Бірақ өмірде жұртың барлығына бірдей сұлулар мен ер жүректілер кездесе бермейді. Өз болашағы жайында ойлануы байсалды болған сайын, адам жұбай таңдау көп белгіге сай болатынын, бірақ солардың арасында адамгершілік рухани саналардың, көзқарас пен өмірлік мақсат ортақтығының бірінші орында тұруы керектігін көбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін құрметтеп және өз сезімдерінің мен қалаулыңа деген көзқарасыңды ақылға қоынмды бағалай білу, жеңіл-желпі қылымсынудан туындаған үстірт құмарлық пен жалт етпе сезімді нағыз сүйіспеншілік екен деп ойлап қалмаудың кепілі болып саналады.

Отбасылық өмірге психологиялық даярлық өз отауыңды құруға кіріскен жөн бе? Жоқ, әлде еретерее пе? Деп әуелі өзіңмен-өзіңнің ойланып-толғанып, одан соң сырлас досыңмен әңгімелесуден көрінеді.

Егер албырт сезімді жас адамадар бір-біріне сенбесе, бір сәттік ұрыс-керісте бір-бірін өкпелетіп, тілдеп жатса, сол сияқты екеуінің біреуіне ұшқалақтық мінез тән болып немесе біреуінің сүйікті адамының абырой, намысын қорғауға батылы жетпесе, мұндай жар таңдауды сәтті деу екі талай болады. Егер бірін-бірі сүйген адамдар өздерінің отбасында қалай болары, өздері бірлесе және әрқайсысының жеке-жеке немен шұғылданары, бір-біріне қалай көмектесуі, неше балаларының болары, өздерінің жас отбасының материалдық негізін қалай құру керектігі жөнініде нақтылы талқыласа, одан романтикалық сезімге еш нұқсан келмейді.

Социологтар, демографтар, психологтар тату және дүрдараз отбасыларды зерттеген. Олар отбасының іштей беріктігі көбінесе адамның өз бойында жас кезінен дамытып, сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа және егер өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені түсінбедім)байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді. Осындай отбасыларының бірінде алғашқы ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін жұбайларға көмектесетін мынандай тоғыз «өсиет» тізімі жасалағн.

  1. Ашуыңды баса біл.
  2. Жаман сөзді айтуға асықпа, жақсы сөзді қайталауға асық.
  3. Кінәлі басқа деп өзеуресең, кінәнің өзіңде болғаны.
  4. Ізгі сөз жақсы, ал ізгі іс одан да артық.
  5. Бір-біріңді түсінуге бағытталған әрбір қадамың көп күндік шаттыққа тең.
  6. Біреудің орнына өзіңді қоя білу ғана емес, өзіңді-өзің сол орында абыроймен ұстай біл.
  7. Өзі алдампаз басқаға да сенбейді.
  8. Отбасының алғашқы сезімі «біз» деуден басталады.
  9. Серігінің достарымен достасң, сенің достарың да ортақ достарға айналады.

өзіңнің жақын адамыңның нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, әсіресе оны не қуантып, не мұңатынын, көңіл күйінің неге өзгеретінін, қай кезде екеу ара үндемей қоя салып, қай кезде оның ойын бөліп, көңілдендіріп, жұбатып, кейбір ұсақ-түйектерге көңіл бөлудің керексіздігін түсіндіру қажеттігін көре, бақылай және осы жайлары өзіңнің түсіне білуің баға жетпес қасиет болып саналады. Басқа адамның әдет-дағдыларын құрметтеп, олармен санасып, өз кемшіліктеріңе сыншылдықпен қарай білу де өте маңызды болмақ.Көп адамдар өздерінің айтқанынан қайтпауын беделге ие, болудың, ерік күші мен батылдықты көрсетудің белгісі деп ойлайды. Мұндай бірбеткейлік әлі, бекіп, нығайып болмаған көптеген жас отбасын құртып жібереді. Жеке адамның нағыз адамгершілігі айтқанға көне, кешіре, тіпті кейде жаңсақтық байқамаған бола білуден, өзі бастап жұбайына қашан болсын және әр істе болсын көмек беруге даяр болып, қиындықтарға төзімді де байсалды шыдай білуінен көрінеді.

Ерлі-зайыптылық басқа адамға деген тұрақты бағыттылықты, оны дәл өзіңді түсінгендей түснуде психологиялық даярлықты қажет етеді де, ал мұның өзі ері мен зайыбының екеуінің де өз сезім, толғаныс, тебіреністерін ашып көрсетуге даяр болып, өз жартысының қателігі мен ағатттықтарын қолайлы сәт пен арнайы көңіл-күйді дөп басып, өнегелі көрсете білу жағдайларында қолға түседі.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт толық мәнді тұрмыс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету. Отбасы ең алғаш жастарды тәрбиелеу ұясы. Оның негізгі мақсаты -балалар тәрбиесі. Отбасындағы ең басты тұлға ана мен әке,ата мен әже. әрбір отбасыда балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру үлкендерді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік, қатынастар жасау осының барлығы қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты болған.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осы жанұяның есігін айқара ашып енеді және ер ежітп, жанұясының тәрбесін алады.

Сондықтанда жанұя – адазаттың аса қажетт, әрі қасиетті алатын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы әсер күшін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше. Бұл жанұя мектебінің ұстаздары болады. әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері баланың “Әдепті бала” болып өсуі.

Қазіргі отбасы өзімен-өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп алдық.Отбасы – кіші әлеуметтік топ. Ал оның мүшелері неке мен енемесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өара адамгершілік жауапкершілігімен байланысты. Жастарды отбасы тәрбиесіне тәрбиелеуде ең басты ролді ата-ана және мектеп ортасының маңызы зор.

Жастарды отбасылық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе болып отыр. өскелең буынның семья басы болып тәрбиеленуі қалыптасына семьяны және оның маңындағы адамдардың ықпалы өте зор.

  1. Отбасылық құқық. Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немеса балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.

Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері бланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

Куәландыру жолдары:

— баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттр негізінде, ал бала медиицналық мекемден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулірінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

Өзара некеде тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен щещесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде, баланың әкесі, сот арқылы анықталады.

Өзара некеде тұрған әке мен шше қай-қайсысының болсада арызы бойынша туу арқылы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса шешесінің фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.

Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша бегіленеді.

  1. Отбасы басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ болмасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа жар салмай-ақ шақыратын, ата-ана көңілін жақындастарына түсетін –бала.

Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы екендігін халқымыз білген, сондықтан да “бесіксіз үйде береке жоқ” деп көргендікпен ой түйіндеген.

“Балада туада екенсің, мінезді тумайды екенсің” деп бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.

“Ата көрген оқ жанар ана көрген тоң ішер”, деп ата-аналарға алдымен, балаңды бетімен жіберме, бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылаққа үйрет. Жамандықтан жүрент деген тағлымы мол қасиеттерді бойына құя біл дейді.

Жастарды отбасылық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе. Өйткені, “отбасы – шағын мемлекет” деген аталы сөз бар. Алдын-ала ойланып, даярлану барысында оқушылар немесе жастар отбасылық өмір, оның мәні, жауапкершілігі жайлы мағлұматтар ала отырып, бойында белгілі бір түісінік, бағыт-бағдар қалыптастырады. Отбасы іргесінің неғұрлым сыйластықпен, ынтымақтастықпен, сенімділіктермен берік болып қалануы – соғұрлым қоғамның, ал қоғам өз кезегінде – елдігінің, халықтығының іргелілігін танытады. “Отан – отбасынан басталады”. Елін, жерін, отанын, халқын сүйген азамат “отбасы” ұғымына бей-жай қарай алмас неге? Өйткені отбасылық өмірге даярлану дегеніміздің өзі – адамның парасаттылығын, саналылығын өз өміріне үлкен жауапкершілікті сезінуі және түптеп келгенде, өзіндік тұлғасына деген құрметтілік көзқарасын көрсетеді. өйткні қоршаған ортаға қатысты құрмет атауларының бәрі де – ең алдымен өзіне деген құрметпен бастау алатыны ақиқат. Өскелең буынның отбасы басы болып тәрбиеленуі мен қалыптасуына отбасының және оның маңындағы адамдардың ықпалы зор. Отбасының жетекешілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мне мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта.

Жалпы жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі әдістерін: әңгіме, түсіндіру, әңгімелесіп, пікір алысу, рөлдік бағыттағы ойындарды орындау арқылы өткізілетін сабақтар, көрнекі әдістерді қолдану түрінде жүзеге асыруға болады. Сондй-ақ бұлардың қай-қайсысының да тақырыптың, мәсленің тартымдылығы мен еріктілігі, этикалық қағидаларды сақтай отырып, оқушыларға сенім арту, сабақ мазмұнының бүкпесіз шынайы баяндалуы және оның шәкірттерге әсерлілігі мен ашық жеткізілуі, шындықты оқушылар ұжымының қатысуымен ашып көрсету т.б. тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар әдістерді барынша түрлендіріп отырғанда дұрыс: дара оқушымен жасалатын жұмыс, сыныптың жалпы түрде орындайтын тапсырмаларды, оқушыларға тікелей және жанама түрде әсер ету.