Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері

  1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері – қазақ отбасы мен некесінің де бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерінің барлығын басынан өтікзгендігін дәлеледейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақтағы отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.

Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдатсыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында балағатқа толды деп үйлендіре берген.

Халқы түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.

Неке құрудың негізгі жолы құда түсіп, қалыңмал төлеп, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы жоқ шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп келін түсіру оңайға түспейтін. Сондықтан кедей балалары 20-30 жасқа дейін үйленбей жүрген. Тіпті тақыр кедей балалары әуелі өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-шешеден жастай айрылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағаты, әдет те бар. Мұны қазақ «қол бала» етіп алу дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балағатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайды.

Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру әрине, кедей-жарлылардың ісі. өйткені көп баланы асырап, бағуға олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса қалыңмалын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Мұндай мүмкіндіктен аулақ болған ата-ана тек малды шарулар, байлар. Олар қыздарын 17-18 ге келмей ұзатпаған. Осы уақытқа бай қыздары әбден бойжетіп, оң-солын айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәскелес болатын. Әсіресе еркек-шора болып өскен жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра береді.

  1. Қазақстан жері ұлан-ғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғандығы дайсыз. Айталық Ресей шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс аудандарда және оңтүстікте ежелден отырықшы, қала мәденитінің әсерінде болған Ташкент, Шымкент және Түркістан маңында мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсерімен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлде қайда әлсірей түсуі анық. Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұрадағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы.Алтынсариннің айтуынша Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П.Е.Маковскийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы жинаған деректерге қарағанда, П.Е.Макоскийдің үш ата расындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді.

Сырдария облысын мекендейтін қазақтар арасында 7 атаға толғанша қыз алыспау тәртібі негізінен ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталмағанмен, 3-4 атадан қыз алыса беру әдетінің орын алғандығын көптеген авторлар өз еңбектерінде көрсеткен болатын. ХХ ғасырдың басында өзіне дейінгі әдеби мұраны зерттей келіп, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз алспау тәртібінің мықты сақталуымен бірге, 3-4 атадан қыз алысатындардың кездесетіндігін Н.Малышев атап көрсеткен.

  1. Неке мәселесі жөнінде шариғат қағидасы бойынша баласының енесіне әкесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздар, бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығы жөнінде бірнеше авторлар өз еңбенктерінде атап өткен. Ал, ел арасындағы деректерге қарағанда халық арасында мұндай некелсуге тыйым болмаған. Өйткені, апалы-сіңлілер абысынды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына қазақ ауыз әдебиетінен көптеген мысао келтіруге болады. Мысалы, «Ер-Төстік» ертегісіндегі Ерназар байдың тоғыз ұлына екінші бір байдың тығыз қызын айттырып алып бергені.

Қазақ отбасындағы некелесудің тағы бір ерекшелігі туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі өлсе үйленуге рұқсат етілген. Ал туған қайынбикесіне еш уақытта үйленуге болмайды. Күйеуі өліп, жесір қалған әйел қайын атасына және туған қайнысының балаларына тұрмысқа шығуға болмайды. Ал, қайын атасының інісіне, қайнағаларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.