Отбасы жүйесі – баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

Құрылымы. Отбасы жүйесін – бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жек адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада – ері-әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ – ата-ана диадасы – баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері топтармен; достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Отбасының түрлі жүйеде және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері:

СУРЕТ

Қызметтер. Отбасы қызметі – құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелеренің өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:

  1. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
  2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері; сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік,эмоциналдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгереді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылады. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз ролін айтарлықтай көтерді. Қазіәргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыда күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өзджерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты ролге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.

Даму. Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі – отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болады деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілген нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдаын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!