Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны

  1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” 2003 жылы ОҚФ РҚБ “Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясының ” қызметкрлері (2007ж-ОҚФ ҚБ “Қазақстан психологар ассоциациясына” ауыстырылғаннан кейін) “Баланың жеке басын дамыту мектебі” ұйымдастырылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты-тәрбиелеу жағдайында баланың жеке бас даму ерекшеліктерін, қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсету.

Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық Институты психологтары2007 жылы Қазақ психологтары ассогциациясы мамандарымен бірлесе отырып “Баланың жеке басын дамыту мектебі” жұмысының тәржірибелерін жүйелеп жалпылады, сонымен қатар баламен психологиялық және психотерапевтік жұмыстар нәтижесінде отбасылық қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді.

Сабақтар келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс психотерапиясы, денелік-жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт-терапия және т.б.

  1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресурстарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.

Негізгі міндеттер:

  • бала мен ата-анасына қатынасына психодиагностика және психокоррекция;
  • тұлға жекелік ерекшелік мәселесіне психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);
  • тиімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;
  • жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;
  • жас ерекшелік дағдарыстың алдын алу;
  • соққыдан кейінгі стресстік бұзылыс психотерапиясы;
  • денелік зорлық психотерапиясы;
  • шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру;
  • әдептілік іс-әрекетінің қалыптасуы;
  • қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту;
  • көсемдік қабілетімен сенімділікті дамыту;
  • мектепте оқуға психологиялық даярлық;
  • оқу іс-әрекет мотивациясы және танымдық белсенділікті дамыту;
  • таным процестерді дамыту (есте сақтау, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);
  • арнайы және шығармашылық қабілетін дамыту;
  • қызығушылық пен қабілеттің негізінде, кәсіби деңгейде өзін-өзі анықтау;
  • баланың қабілеті мен жекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету үлгісін қалыптастыру;
  1. “Баланың жеке басын дамыту мектебінде” түрлі тренингтік бағдарламалар жүргізіледі:
  2. “Жоғары деңгей” – бағдарлама 10-13 жастағы жеткіншектерге арналған. Оның бағыттары төмендегідей:
  • Баланың жеке бас ерекшелігіне психологиялық диагностика және коорекция;
  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;
  • Жас кезеңдік дағдарыстың алдын-алу;
  • Қажетті тұлғалық және іскерлік сапаларды дамыту;
  • Қақтығыстық жағдайдағы рационалды мінез-құлықты, іс-әрекет үлгісі ме тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
  • Танымдық қабілеті дамыту (ес, зейін, ойлау, қиял);
  • Психо-эмоционалдық қысымды түсіру және алдын-алу;
  1. “Менің” “Мен” әлемінде – бағдарлама 14-16 жастағы жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған. Оның бағыты төмендегідей:
  • Жеке бас даму ерекшелігіне психологиялық диагностика мен корррекция;
  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;
  • Жас ерекшелік дағдарыстың алдын-алу;
  • Көшбасшылық қасиеттерін дамыту;
  • Құрдастары, ата-ана, қарама-қарсы жыныс өкілімен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
  • Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға көмек көрсету;
  1. “Менің болашағым” – бағдарлама 17-20 жас – ұлдар және қыз балаларға арналған. Оның бағыты төмендегідей:
  • Өзінің өмірлік жағдайын, адамгершілік қатынастарын анықтау, өзін-өзі тану;
  • Қақтығыстарды болдырмау дағдылары мен коммуникативті іскерлікті жетілдіру;
  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;
  • Өмірде өз орнын табу, тұлғалық жетілу;
  • Тұлға ерекшеліктеріне психологиялық диагностика және коррекция;
  • Бала ата-ана қатынасына пихологиялық диагностика және коррекция;
  • Болашаққа мақсат қою және оған жету жолдары;
  1. “Дамудағы үйлесімділік” – 7-9 жастағы балаларға арналған. Бағжарламаның негізгі мазмұны:
  • Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция;
  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;
  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;
  • Бейімделу қабілетін дамыту (ашықтық, ұжымда, құрбы-құрдастарымен жұмыс істей алу іскерлігі);
  • Жекелік ерекшеліктерге коррекция жүргізу (қорқыныш, мазасыздық, агрессивтілік, өз-өзіне деген сенімсіздік);
  • Табысты оқу үшін қажетті қасиеттерді дамыту;
  • Таным процестерін қалыптастыру және дамыту (ес, зейін, ойлау)
  1. 7-9 жастағы балалардың қабілеттерін дамытуға арналған бағдарлама.
  • Мектепке бейімделу;
  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция;
  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;
  • Тұлғалық аймаққа психологиялық диагностика мен коррекция;
  • Танымдық қабілеттерді дамыту;
  1. “Өмір атты мемлекетке саяхат” – 3,5 – 4,5 жастағы балаларға арналған. Бағдарлама негізі:
  • Қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуы және дамуы;
  • Тұлға ерекшлеіктерін психологиялық диагностика және коррекция;
  • Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коорекция;
  • Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;
  • Еркін іс-әрекеттің қалыптасуы, шығармашылық қиялды дамыту;
  • Адамгершілік түсінігінің қалыптасуы;
  • Баланың қоршаған орта туралы білімін кеңейту;
  • Мінез-құлықтың жағымсыз жақтарына коррекция;
  • Психо-эмоцйионалдық қысым мен агрессивтілікті түсіру;
  1. “Балалар әлеміне үңілу” – 5- 11 жастағы балалардың ата-аналарына арналған тренинг.
  • Психологиялық тренингтегі ата-ана ме баланың өзара іс-әрекеті, әдеттегі тиімсіз механизмдерді өзгертуге көмектеседі;
  • Отбасы және жас ерекшелік дағдарысына психологиялық профилактика мен психотерапия жүргізу;
  • Түсініспеушілік, өкпелегіштік, агрессивтілік, еркелік.
  • Балалардың бірбеткейлігі, шапшаңдылығы;
  • Біріккен сабақтар бала мен ата-анаға бірін-бірі жақсырақ түсінуді қамтамасыз етеді;