ІV – тарау Кеңестік Қазақстандағы психологиялық ғылым

  1. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс көлемінде ғана өркен жайьш, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әриш, психология ғылымына да ортақ. Әринг, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілім-дері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдар-да (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей ордасында шыққан «Мұғалім» журналында (1919) Ғ. Қарашевтің бірнеше тәлімдік-пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие» (1923), «Ана меи бала» (1927) дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біраз сөз қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының іргетасы-ның қалануына орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мүғалімдерінің қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі — профессор В.Я.Струминский (1880-1967) еді. 1923 жылы оның қаламынан «Психология» атты еңбек (диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мәселелері) жарық көрді. Сонымен қатар, ол мүғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап» (1,3 басылымдар), «Орынбор 1-басқыш мектебі шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбек жазды. Осы кездері Ташкент-те Н.Архангельскийдің «Психологиялық зерттеулер» атты еңбе-гі қысқартылып, қазақ тіліне аударылды. Осы аталған кітаптар қазак. психологиясының қаз түрып кетуіне себеп болғаны хақ.

Қазақстан отызышпы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалык. психологияның негізін салушылардың бірі — АЛ.Нечаев (1870-1948) елу жылдан астам психология саласында белсеяді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексеріп, оны мектеп практика-сына ендіруді көздеді. Яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам кітаптың, жүздегш ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазақ эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері» (1922), «Денг тәрбиесінің пси-хологиясы» (1927), «Шахмат ойынының психологиясы» (1928), «Техникалық өнер тапқыштардың психологиясы» (1928), «Ее және оны тәрбиелеу» (1930), т.б. Өз өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында педагогика пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген «Психсфизиологиялық син-дромдар жүйесі» атты еңбегін (бұл автордың психология сала-сындағы қырық жылдық зерттеуінің қортындысы) еліміздің көрнекті психолог ғалымдары, акедемиктер Д.Н.Уэнадзе мен К.Н.Корнилов өтс жоғары бағалады. Синдром түсінігі арқылы А.П.Негаев адам бітім-болмысының, қасиет саналарының заңды байланыстарын, жеке-дара бөліп алып (сенсорлық, аффектілік. эмоциялық) түлғалардың психофизикалық мінез-құлықының сарынын, бағыт-бағдарының белгілерін жіктеген кісінің өзін-өзі бағыттауы мен ішкі ниетін келесі бір адамға сездіруі тек қарым-қатынас қызметі арқылы белгілі боларынан аныктаған. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ педагогика ғылымдары-ның докторы ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан психология ғылымының өркен жаюына осынау ғалымның да біраз шапағаты тигені даусыз.

Отызыншы жылдары психологияға қатысты зерттеу-лерді қазақ ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Садықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қожахметов, т.б. жүргізіліп келді.

  1. А. Мұхтар Әуезов (1897-1961) Кемеңгер М.Ә>езов өзінің 20-жылдары жекелеген еңбек-терінде («Ғылым тілі», «Философия жайынан», «Оқу ісі» т.б.) философия мен психологияға байланысты өз ойларын ортаға салды.

М.Әуезовтың психология мәселесіне қатысты айтқан-дары, сондай-ақ оның әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында да жиі үшыр-асады. Бұларда адамның әр алуан көңіл-күйлері, эмоция, сезім, ерік — жігер еркшеліктері шығармашылык әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік қасиет, қазақтың ұлттық психо-логиясы әр қырынан сөз болады. Төменде ғалымның шығарма-шылық, психологиясы мен этнопсихология мәселелері жайында айтқандарына тоқталайық. Оның пікірінше шабыт тек өнер өкіл-деріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесіне кезде-сетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын үшін өте-мөте кажетті сипат. Мұндай жағдай творчество адамында, біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор өрлеуімен, екіншідш шығармашылық соңы туындыға құлшыныстың күрт артуынан, үшіншіден, көңіл күйдің шарыктап тасуымш сипат-талады. «Жазушы қаламынан туатын асыл бұйым, — дейді М.О.Ә^езов, — суреткердің өзінің жанынан терең алған күйлер-ден туады». Мұндайда автор айтқандай, «алаңсыз көңіл», «ақындық сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қайта-қайта жаза беру», «өзін-езі сынап карай беру», т.б. көңіл-күйлері шебер жазушы мен майталман ақынға ауадай қажет. Жазушы қаламы-нан туған әрбір туынды, зергердің қолынан шықкан асыл бүйым-дай творчестволық шабыт күйінің нәтижесі. Шабыт, салтанат құрған шығарма ғана жұртты өзіне баурап алады. Шабыт жоқ жерде әлсіз, сүреңсіз жасық шығарма туатыны хақ. Мұндай да кісі сан алуан сезім күйлерін, небір жан тебіреністерін басынан кешіреді, суреттеліп отырған оқиғаға немесе диалогтарға байла­нысты көңіл күйі мың сан құбылады. Бірде достасып, бірде алыс-қан, кейде куанып, керіліп, мәз-мейрам болып немесе ашулы күйік, ыстық жас төгіп, жеңілу мен үтылу жазасын шеккен, болма-са жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы тынысы былқыған жазушының жүрегінен ғана шын шығарма туады.

М.Әуезов жазушы шығармашылығын бірнеше сатыларға беліп ажыратады. Мәселең, қаламгер ең алдымен өмірмен мидай араласып, оны терең білуі тиіс, мұнысын ол логикалық пайым-дау және қиял арқылы түсіндіре алады. Өмірді дұрыс танымай, оны бар болмысымен іштей меңгермей, ақын, жазушыда шабыт тумайды. Екіншіден, творчество өмірді терең білуден, оны үнемі зерттеуден, үздіксіз жойкын еңбек етуден туындайды. Твор-честволык еңбек «жүрек канымен жазылатын, бейнеті көл-көсір, рахатынан азабы басьш больш келетін ауыр еңбек. Жазу бары-сында тек шабыт күйін иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар творчество өкілінде асқан табандылық пен шыдамдыльщ, ғажап бай қиял, кажыр-қайрат, әсерленушілік секілді қасиеттер болуы шарт. Көркем дүниенің өмірге келуі де әртүрлі. Мәселен, кейбір туынды бас-аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, енді бірі жылдар бойы жазылады. Әуезовтың өзі «Абай жолы» эпопеясын жазуға үзын ырғасы 20 жылын сарып еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, сезім-талғамын, қажыр-кайратын ең басты мақсатьша бағыттап, рухы мен жігерін күндіз-түні ширатып, асқан табандылық пен шыдамдылықты көрсеткен еді. Ол «талапты, табанды жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер өмірден алған түрлі әсерін, айталық табиғат сүлулығын, ән мен күйдің жүрек қылын тербететін әсемдігін қуанышты не қайғылы жағдайдан туған әсерін аса көркемдікпен| бере алса, шығарманың өз оқырманын тез баурап алатындығын-да сөз жоқ. Әрине, ақын, жазушы айналасындагының бәрін бірдей қабылдай бермейді, оларды ми мен жүрек елегінен қайта-қайта өткізіп, өзінше корытып, өзіңдік дүние етіп алады. «Тегінде -деп жазды ол,— зор дарынды, ойшыл, білімді, алғыр адамдардың ой-сезімі, санасы, барлық интеллект сипаттары бір-ақ қана іргеден туады, бір ғана арнадан тарайды деп түсінбей-мін, өзімізге мәлім сүйікті ұлы жандардың қай-қайсысын алсак та сезім саласын, ой-дүниесін қалыптаған негіздер бір жақты болмайды. (М.Әуезов, шығармалырының 20 томдығы, 18-том, Алматы, 1985, 207-бет). Шығармашылық әлемінде ойды жинақ-тай, синтездей алу әрекеті де күшті дамыған болуы керек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер еткен түрлі құбылыстарды, не бір-біріне қарама-қарсы тұрған объектілерді тәптештеп сүрыптайды да, жекелеген бейнелердің (образдардың) штрих, детальдарын бөлшектеп, ажыратып, бұдан түтас, жаңа-дан бір образ құрас-тырады. Осындай жолмен жасалған көркем шығарма ғана адам-ның жан-дүниесіне шеді де, оның ақыл-ойы мен сезім дүниееін билейтін болады. Мәселен, езі сомдаған ұлы Абай бейнгсі жұрт армандаған, бар жақсыдан қорытылған асылдың асылы, оның бетіне шыққан нәрі, типтік бейненің сом алтындай сығындысы.

Ғұлама жазушының этнопсихология, ұлттық мінез тура-лы айтқан түйін-тұжырымдары да сапалығымен көзге түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпера­мент!, талғам түсінігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы болатындығын әркез ескеріп отырған. Ол сондай-ақ, бұл айтылғандардың біршама тұрақты да түрлаулы болатындығын, қоғамдық сана-ның ұлттық бояуларға қануы қажеттігін айтқан. Автор халық-тың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршілік-тері (фольклор, тіл, дін, онер, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, т.б.) ұлт психологиясының ерекшеліктерін таньга-білдіретін басты олшемдер дейді. «Қазақ халқының — деп жазды М.О.Әуезов,» ақындық қабілет дарыны өмірде ақынның ерекше типін туғызды». Оның «акынның ерекше типі» деп отырғаны — қазақ өнерінің тарландары — айтыс акындары. Өлең-жырды бір-ден табан астында жанынан шығарып айту, суырып-салма қабілет-тілік, қиыннан қиыстырулар, хас шеберлік, тіл байлығы, өз қабілетіне табыну, халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі. Ол халқымыздың «естірту», «жоқ-тау», «көңіл айту», «бет ашар», т.б. тұрмыс-салтқа байланысты туындаған өлең-жырларынан да қазақ халқының психологиялық кейпін жақсы көретіндігін, қоғамдық прогресс барысында ұлт-тык психология өзгеріске түсіп, жаңа мазмұнға кешіп отыратын-дығын да еске салады, …заттық тәрбиелік халықтық жағдайлар, орталар өзгерумен катарласа, ілесе адамның өз психикасы… мүмкіндігінше басқа сапаға ауысып, озгере береді, ұлттық ерек-шелікті үдайы қозғалыс, өзгерісте болатын диалектикалық прог­ресс деп тануымыз керек». (М.Әуезов. Шығармаларының жинагы, 19-том, Алматы, 1985,44-бет.)

Ұлы жазушының мол мұрасында осы айтылғандармен қатар, адам жанының асыл қасиеттерін талдап көрсеткен салиқа-лы ғылыми пікірлері аз емес. Психология ғылымы саласында арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақтан шыққан жаңа типтегі психологтардың бірегейі деп айтуға толық хүқымыз бар.

  1. Сұлтанбек Қожахметов (1912-1945)

Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде Қазакстанда педа­гогика, психология ғылымдарын жұртшылыққа кеңінен насихат-таушылардың алдыңғы қатарында жүрген ғалымдардың бірі — С. Қожахметов дидактика теориясынан казақ тілінде диссер­тация қорған (1939), кейіннен оны «Педагогика мәселелері» деген атпен жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұнда шәкірт мең-геретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері баланың өз бетімен кітап оқу дағдысын қалыптастыру мәселе-лері, окушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып, қалыптастыру, оның алған білімі мен дағды, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздері қарастырылады. Мәселен, осы кітаптыі «Эстетикалық тәрбие» атты тарауында ғалым былайша ой тол ғайды: «…Эстетикалық тәрбиеяің ең бірінші мақсаты — оқушылардың сезім мүшелерін тәрбиелеп, дамыту және олардыг қабілеттілігін күшейту… Тамаша көркемдікті, сұлулықты байқау үшін оны көре және есіте білу керек». Бұл жерде автор сұлулық. көркемдік тәрбие үшін шәкірттің сыртқы бес сезім мүшесі (көз, құлақ, иіс, дәм, сипай сезу) ойдағыдай жетіліп, дені сау болуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін, ата-ана мен тәлімгерлердің есіне салады. С. Қожахметов көркемдік әсемдік тәрбиесі тек сыртқы сезімдер арқылы адам жанын рахат пен ләззатқа белей алатын-дығын, бұл үшін шәкірттің ойлау, қиял сияқты қуаттарын да дамыту қажеттігін былайша тұжырымдайды: «Ойлампаздық қасиеті өсіп-жетілмеген адамның тамаша, сұлу көркем заттарды қабылдауы нашар болады. Эстетикалық көркемдікке шаттанудың, рухтанудың жоғарғы түрі адамның ақыл-ойының дамуымен байланысты».

Педагогикалық, психологиялық мәселелерді талдағанда автор жекелеген тәлім-тәрбиелік тақырыптарды өрісі тар өткін-ші нүсқау, жарлық түрінде баяндай бермей, мәселенін ішкі ғылыми астарына, оның пәлсапалық, психологиялық жақтарына терең үшін баяндайды. Бұл жерде оның бүкіл әлемдік педаго­гика классиктерінің (Аристотель, Платон, Комен-ский, Песта-лоцци Локк, Фребель, Гербарт, т.б.) ғылыми мұраларына жаса-ған талдаулары оқырман назарын өзіне мықтап баурап алады Қазақ топырагында сол жылдарда осынау ғұламалардың тәліми мұралары көпшілікке мәлім болмагандығы белгілі. Өйткені, 20-жылдары осындай ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозғаған жеке­леген зиялыларымыздың (О.Қарашұлы, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов) азды-көпті еңбектері белгілі себептермен көпшілік жұртшылыққа беймәлім болып келді. Осы тұрғыдан алып қарағанымызда С. Қожахметовтың педагогика тарихына байланысты еңбектерін өлкеміздегі осы ғылымның алғашқы қарлығаштары десек артық болмас еді. Автор аталмыш еңбек-терінде педагогика мен педагогика тарихын бір-бірінен алшақ-татпай, екеуін өзара үйлестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп отырады. Автор еңбек-терінде тдариялық пайымдаулармен қатар мәнді ұсыныс-тілектер де көптеп кездеседі. Мәселен, қазақ мектебіндегі сабақ-тын негізгі элементтері мен құрылымдары, бұлардың өзіндік функциялары мен мақсаттары, шәкірттерге сабак берудің әдіс-тері мен амалдары (еүрак, жауаптың сан алуан штрихтары) т.б. тартымды баяндалған. Оқушылардың білімін бағалау женінде айтқан автор туйіндері психологиялық жағынан өте маңызды. Ол: «Мүғалім… оқушылардың үйде жүмыс істеуіне мүмкіншілік-тері бар-жоғын, дшсаулығын және үғыну зеректік өзгешелік-теріи де еске алып отыруы шарт, өйткені бұлардың барлығы да оқушылардың сабақ үлгеріміне әсер етеді. Кейбір оқушының есту сезімі,ал кейбіреудің көру сезімі басым келеді… адамның маңайындағы құбылыстарды… түсінулері және ойға ұстап қалулары бірдей емес»… Ғалым шәкірт білімін бағалауда қателіктер жібермес үшін мүғалім өз оқушыларын бес сауса-ғындай білуі, олардын психологиясын жазбай тануы керек. Бұл үшін ол %-психологиялық зерттеу әдістерімен жәй хабардар болмай, оларды оқу-тәрбие практикасында үнемі қолданып отыруы қажет дейді.

С.Қожахметов шәкірттердің адамгершілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәрбиелу мәселелерінің психологиялық астар-ларына байланысты бірнеше еңбек жазды. Соның бірі — 1940 жылы Қазақ мемлекет баспасынан жарық көрген «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы» кітапшасы. Автор өз еңбе-гінде дүниежүзілік педагогиканың классигі Ян Амос Коменский-дің «Тәртібі жоқ мектеп — сусыз диірменмен тең» дейтін афориз-мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізінен казақ (ауыл) мүғалімдері-не, олардың педадагогикалық-психологиялық таным-түсінік-терін жетілдіре түсу мақсатында жазылған. «…Жүмыстан кур-дел! нәтиже шығару үшін, — дейді од — еңбектің өнімін арттыру үшін, ең алдымен тәртіп керек. Тәртіп — адамның еңбекке қатынасының ең басты бір белгісі болып табылады… Саналы тәртіп оқушылардьвд азаматтық қасиеттерінің, мектептің дұрыс жүмыс істеуінің оқуға саналы түрде өзінің бар ықыласымен қатынасуын, мектеп мүлкіне үқыпты болуын, мектептің ішкі ережелерін сақтай білуін, мүғалімге, туысқандарына, жолдас-тарының көзқарасы, қарым-қатынасы сыпайы, қадірлі, қасиетті болуын талап етеді. (Сонда 4-бет).

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған жоғарыда айтқандардан басқа да фак-торлар аз болған жоқ. Соның бірі — ¥лы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарының Ресей, Украина, т.б. неміс оккупациясына ұшыраған жерлерден уақытша кешіп келгш белгілі ғалымдар қызмет еткші мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді. Мәселен, КазПИ-де профессор-психолог, М.П.Рубинштейн, Қызылордада — белгілі украин психологы кейіннен академик болған Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп, бірнеше еңбектер жазды. Мәселен, М.П. Рубинштейннің «Батылдық психологиясы» атты зерттеуіне баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді