ІІІ – тарау ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ психологиясының тарихы

  1. Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-әдеби өміріне белсене араласып, туған халқы-на ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық-психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра калдырған ғұлама. Шәкәрім көптеген жан сыры туралы (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал, ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Шәкәрім шығармаларында адамның жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой-пікір-лер көптеп кездеседі. Мәселен, ақынның психологияға байланыс-ты көзқарасын «Анық пена танық», «Қазақ айнасы», «Мүсылман-дық шарты» т.б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниеяің, қоршаған табиғаттың жүмбақ сырын үқ, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, нану, үғыну, тану — бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

Тән сезіп, күлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар айтып,

Жақсы-жаман өр істі сол тексермек.

Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағдайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келеді. «…Инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жаң, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарылайды… толық терең ақыл адамнан шығады… Совесть (үждан) — жанның тірегі… ми, жұлын — жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді.

Акын ми кызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті ар-кылы іске асады дей отыра, кісінің ойға алған ісін жүзеге асыруы, оның өділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті кууы немесе жауыздық жолға түсуі, ақыл мен жүректің қызметі (Фараби мен Абай да ссылай тұжырымдаған. — Қ.Ж.) екендгін дәлелдегісі келеді. Сейтіп, ол жанның миға байланысты екенін мойындағанмен оның мәңгі-бақи өлмейтіндігіне сенеді. Осыған орай ол былай дейді: «Мен.жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын… жанньщ барлығын, өлген соң да жоғалмайтындығына… канып қалған әдет,… ақыл ісі ме?… Жан екі өмірде бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды». Сондықтан ақыл мен жүректің жетегіңдегі адам тіршіліктері барлық нәрсені сарапқа салып, байыбына бар-ып, терең ойлап, топшылап ақылмея іс кылу, адамдықтың басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсәпалық сипаттағы ой-пікір-лерін әрмен қарай жалғастырып, жер жүзіңде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстын ішкі сырын үғып-білуге ынтық, бірі дүниені жаратушы тәңірі — «күн» тіршілік күн нүрынан жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ» деп жар салады, үшіншісі — көп құдайға табынса, төртіншісі — міне, құдай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге үмтылуціылық,— дейді де, өз ойын, — нағыз тәңірі жолы — қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек ету, — деп түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, елу, сондай-ақ өлген жанның топыраққа, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек зат-тың, құбылыстың түрі ғана өзгереді, жан мея тәннің байланысы осында деп, былайша ой қозғайды:

Тіпті кетпес еш жоғалып,

Байқасаңыз барша жан.

Тағы дене тауып алып, Тағы өседі қайтадан. Түрлі жанда деяг түрлещ . Өзгеріп түр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп, Айтты ғылым байқағаа Осы пікірлер оның тіршілустің негізін ғылыми көзқарас тұрғысынан дәлелдегісі келетіндігіне жақсы дерек. Ш. Құдай-бердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы тұрғысынан түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай ақын «Жәндік-тен адам жаралған… айуаннан өсіп, болды қадам»,— дейді. Сірә, ойшыл ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч.Дарвин ілімімен жақсы таныс болса керек. Әсіресе, Шәкәрім жан мен тәннің ара қатынасы мәселесінде дәйекті пікір айтады. Мәселен, ол қан-дай жан болса да (жануар, адам) денемен, тәнмен байланысты болатындығын айта келіп, «жан тәнге, ақыл жанға матаулы түр» десе, шді бір шығармасында «дене сезіміне нанба, дене, сезім түгел алдайды… бәрін де тапқан таза ақыд.. бар ғылымның түп атасы — таза ақыл мен ойлану… жан мен дене екі басқа», деп келетін ақын түйіндері жан мен тәннің байланысын көрсететін ғылыми-психологиялық тұжырыммен үйлеспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер ұстазы Абай тұжырым-дарын тереңдете түскшдей жәйтті байқатады. Егер бұрын-соң-ды қазақ қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірлердің даму тарихында жан мәселесі төңірегінде жалпылама пәлсапалық тұжырымдар айтылып келген болса, Шәкәрім «психология» терминін қазақ топырағында тұңғыш қолданғаньі белгілі. Мәселен, ол бір шығармасында: «Жан сыры деп жазылған, психология деген пән»,— деген тіркесті қолданып, оны ғылымның зерттеу объектісіне үңіледі. Шәкәрімнің психологиялық пікірлерінің негізгі жүйесі, оның 1919 жылы қазақ тіліне тәжірмаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен (рецензия) жақсы байқалады. Қолжазба түрінде оншақты беттік материал-дың жекелеген үзінділеріне назар аударатын болсақ, оның психо-логиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлүмат алатыны-мыз хақ. «Тіршілік — жан туралы» деп аталатын осы мақаланың жекелеген қисындары (тезистері) мына төмендегідей. «Сонша білімді адамдар әлі күнге дейін өзінің кім екенін анықтап білген жоқ… Біз кім екенімізді білмек болып, жан тіршілігін тексеретін «Психология» сияқты ғылыми кітапты оқысақ, жанның тіршЬ;» сырын білмек түгілі миымызды қатырып, ол кітаптардан не үғатынымызды білмей аң-таң боламыз. Міне, дәлел: қазақ тіліне аударылған психология кітабын оқып қараңыз.

Тіршілік басынан бар. Бірақ ол тіршіліктің бізге анық сезілетін кезі де бар, сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі: дүниенің қандай күйде, қандай түрде болғандықтан. Аюан-дардың денесі, адамнан көрі кемдігі болмағандықтан: еркіндік, мүше каруы да; терең ойлауы да кем болып отыр… Адам өз жанының сырын әбден анықтап білмей түрып, өзінің кім екенін білмейді. Жан қасиетін анық білсе, сонда адам түзеледі… Дүние дозақ емес,— дейік. Табиғаттың байлығы барша жанға жеткі-лікті. Бірақ, есіл бейішті дозақ қылып отырған адам. Егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз туысқан болып осы ақылын жүмсап еңбек қылып, табиғаттың қасиетімен пайда-ланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас… өз жанының қасиетін білмей түрып, адамның құлқы түзелмейді… ақылдың анық деп тапқан ақиқатын айтпауға ар көнбейді… Қай өнер, ғылым болса да оны табатын ақыя.. Бар білімнің түп атасы ақыл». Шәкәрімнің осындай психологиялық пікірлері алдағы жерде арнаулы зерттеуді қажет ететіндігін дәлелдеп жатудың өзі артық болар.